1 / 12

Тақырыбы: « Тіл-асыл қазына » Мақсаты:

Тақырыбы: « Тіл-асыл қазына » Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Download Presentation

Тақырыбы: « Тіл-асыл қазына » Мақсаты:

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Тақырыбы: «Тіл-асыл қазына» Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

  2. Ана тілі-жан дүниенің айнасы,өсіп-өніп,түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерек. Ана тілі жүректің терең сырларын,халық тарихының барлақ кезеңдерін,жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізіп отыратын қазына. Ана тілі аса бай,икемді тіл.Қалай исең,солай иіле береді. Орамын,бұрамын тауып,қисынын,орайын келтіріп пайдалансаң,бұл тілмен сурет салуға,тас қашап,ағаш,текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне,жырына құлақ салсаң,небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың. Осындай майса,сұлу тілді өгейсітуге кімнің дәті барады?.

  3. Осыдан тура 24 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Мемлекеттік тіл туралы заң 6 тарау,27 баптан құралған. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді.  Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

  4. Туған тілім-бабам тілі-өз тілім! Туған тілім-анам тілі-өз тілім! Туған тілім-дана тілі-өз тілім! Туған тілім-далам тілі-өз тілім! Туған тілде сыры терең жаным бар. Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Туған тілім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім,мен де бірге өсемін, Өшсе тілім,менде бірге өшемін. Тілім менің! Ұлы Абай,Мұхтардай пірім менің, Тұнығым,рухани жан азығым. Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім. Тілім менің! Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.

  5. Тілтірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз Анатіліненайырылған адамөз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов Тілдің тірікшіліктегімәніне қазақ ежелденкөңіл бөлген.Сондықтан да “өнер алды- қызыл тіл” дейді. С.Мұқанов Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамтолық мәнді интеллигент емес. М.Әуезов

  6. Тілтірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз Сүйемін туған тілді – анамтілін, Бесіктежатқанымда-ақ бергенбілім. Шыретіпжергетүскен минутымнан, Құлағыма сіңірген танысүнін С.Торайғыров Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тіліміздіұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымыздыұмыту. Б.Момышұлы Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде Н.Назарбаев

  7. Қай тіл көп тараған? Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде,біреулер ағылшын тілі десе,енді біреулер қытай тілі деп жауап береді.Бірінші орынды,сөз жоқ,ағылшын тілі алады,өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады.Ал егер бір тілде сөйлеушілердіңсаны бойынша анықтасақ,ағылшын тілі екінші орынды тұрады.АҚШ Лингвистика институтының жуырда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша,сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екені көрінеді.Бұл тілде 844 млн.адам сөйлейді екен.Ағылшын тілінде-434 млн.,хинди тілінде-338 млн.,испан тілінде-331 млн.адам сөйлейді екен.

  8. Дүние жүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді. 1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен. • Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнанасатынтіл – 13. Егербұл тілдердіқолданатын жансанының аз-көптігіне қарай тізсек, ретімынандайболады: қытай тілі,  һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испантілі, итальянтілі. Бұл тілдер 65 мемлекеттемемлекеттіктілретіндеқолданылады.

  9. Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

  10. “Полиглот” деп ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды айтады. • Ендеше атақты полиглоттармен танысыңыздар. • Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген. А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

  11. Кибернетика “атасы” депесептелетінНорберт Винер 13 тілдізерттеген. • Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілдееркінсөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балаларымектепкедейінтөрт жастанбастаптегінанатілінде, екіншісыныптанбастап француз тіліндеоқиды. Ағылшын тіліалтыншысыныптанбасталады. • Мұзафар Әлімбаев татар, қырғыз, қарақалпақ тілдерінсөздіксіз аударады. Өзбек, түрікмен, башқұрт, балқар, ноғай, қарашай тілдеріндегішығармаларды оқи алады, сөздік арқылы тәржімалайды.

  12. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. • Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген. • Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

More Related