1 / 62

Химия пәнінен интерактивті on - line сабағы 8-9 сыныптар

Химия пәнінен интерактивті on - line сабағы 8-9 сыныптар. Өскемен қаласы, химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, химия пәнінің мұғалімі Шаматова Гаухар Жанибекқызы. Сабақтың тақырыбы : Галогендер тақырыбына сандық есептер шығару.

Download Presentation

Химия пәнінен интерактивті on - line сабағы 8-9 сыныптар

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Химия пәнінен интерактивті on-line сабағы8-9сыныптар Өскемен қаласы, химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, химия пәнінің мұғалімі ШаматоваГаухарЖанибекқызы

  2. Сабақтың тақырыбы: Галогендер тақырыбына сандық есептер шығару. Өткізілу күні:04.10.12 жӨткізілу уақыты: 11.00Өткізілу орны: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев ЗияткерлікмектебіМұғалім: Шаматова Г.Ж.Қатысушылар:8-9сыныпоқушыларыПән: Химия

  3. Галогендер тақырыбына сандық есептер шығару. Решение задач на тему галогены The solution of tasks on a subject halogens

  4. Ақылға күшті тыныштық емес, жаттығу береді. А. Поп

  5. Сабақтың мақсаты: Галогендертақырыптарында алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуға жаттықтыру мақсатында сандық есептер шығаруды үйрету; Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары, галогенидтер тақырыбына сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіру; Өз беттерімен жұмыс істеуге , өз ойын жеткізе білуге және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіруге тәрбиелеу.

  6. Cабақтың міндеті: • Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары және оның тұздары тақырыптарында есептер шығара алуға үйрету; • Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары және оның тұздары тақырыптарында есептер шығару алгоритмдерімен таныстыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

  7. Оқытудың күтілетін нәтижелері: • Галогендер және оның қосылыстары туралы алған білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге үйренеді және осы тақырыптарда есептер шығару алгоритмдерімен танысады; • Галогендерді алу, галогенсутектер. Галогенсутек қышқылдары және оның тұздары тақырыптарында есептер шығара алуға үйренеді; • Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.

  8. Өткенді еске түсіру: Галогендер тақырыбының теориялық сұрақтарын жетерліктей деңгейде қарастырып алғаннан кейін, осы тақырыптарға есептер шығаруға жаттығайық.

  9. Жоспары: • Химиялық қосылыстардың формуласы бойынша есептер шығару; • Химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептер шығару; • Ерітінділер тақырыбына есептер шығару; • Қоспаның құрамын анықтауға арналған есептер шығару; • Өнімнің шығымы бойынша есептер шығару. • Жұмбақ есептер

  10. Химиялық қосылыстардың формуласы бойынша есептер шығару Химиялық қосылыстардың формулаларын қолданып, көптеген есептеулер жүргізуге болады. Олар химиялық есептер шығаруда, заттың мөлшерін табуда, қоспадағы заттардың шамасын анықтауда кеңінен пайдаланады.

  11. Химиялық қосылыстардың формуласы бойынша есептер шығару Есеп шығару мына ретпен (алгоритм) орындалады. • Формуласы бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын және молярлық массасын есептеу. • Формуласы бойынша заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлестерін (пайыздық мөлшерін есептеу) • Жай заттың берілген массасын алу үшін қажет күрделі заттың массасын есептеу; • Моль және молярлық масса ұғымдарын пайдаланып жүргізілетін есептеулер, • Газ заңдары бойынша есептеулер.

  12. Егер зат мөлшері белгілі болса, онда олардың массаларының, көлемдерінің (газдар үшін) және молекулаларының санын есептеуге болады.

  13. №1 есеп Хлор газының 2моль мөлшерінің массасын, көлемін (қ.ж) және ондағы хлор молекулаларының санын есептеңдер. Шешуі:

  14. №2 есеп Массасы 2 г сутегігазының, зат мөлшері 0,2 моль хлор газының және азот газының 1025молекулаларының қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеңдер.

  15. Шешуі

  16. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер а -химиялық реакция теңдеуі в - зат мөлшерлерінің қатынасы с - молекула сандарының қатынасы д - массаларының қатынасы е - көлемдерінің қатынасы

  17. Реакцияға түскен заттарды реагенттер, ал реакция нәтижесінде түзілген заттарды өнімдер деп атайды. Химиялық реакцияның теңдеуінде әр заттың формуласының алдындағы коэффициентті стехиометриялық коэффициент деп атайды. стехиометриялық коэффициенттер реагенттер мен өнімдердің зат мөлшерлерінің қатынастарын көрсетеді. Сондықтан реакция теңдеуін теңестірмей тұрып, ешқандай есептеулер жүргізуге болмайды және теңдеу бойынша есептер затмассасының сақталу заңына негізделіп шығарылады

  18. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер Есеп шығару мына ретпен (алгоритм) орындалады. 1.Есептің шартын мұқият оқып алып, берілгені мен табуға керекті тиісті шамаларды қысқаша жазу; 2.Реакция теңдеуін құру; 3. Берілген және табу керек заттар үшін тауып теңдеудегі сол заттардың формулаларының астына жазу 4.Есептің шартында берілген және табу керек (х) шамаларды зат формуласының үстіне жазу (қоспа болса, таза затты тауып алу керек) 5. Пропорция құрып белгісізді табу; 6. Жауабын жазу

  19. 1 –мысал. • Мөлшері 0,1 моль мырыш құрамында 0,3 моль HCI бар тұз қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде қанша грамм тұз және қанша көлем (қ.ж) сутегі газы бөлінеді? Түзілген заттар шамамен қанша молекуладан тұрады.

  20. Шешуі: Реакция теңдеуі бойынша 0,1 моль Zn түгел әрекеттесу үшін 0,2 моль HCI жеткілікті . Демек толық пайдаланылған реагент (шектеуші реагент) мырыш ал HСI артық мөлшерде берілген. Олайболсаесептеулердімырышбойыншажүргіземіз

  21. Реакция теңдеуі бойынша 0,1 моль мырыштың тұз қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескен кезінде 0,1 моль ZnCI2және 0,1моль H2түзілетіндігі көрініп тұр. Олардың массалары: m (ZnCI2)=ν (ZnCI2)∙M (ZnCI2) =0,1моль∙136г/моль=13,6г m (Н2)=ν (Н2)∙M (Н2)=0,1моль∙2г/моль=0,2г

  22. Олардағы молекулалар саны: N(ZnCI2)= ν (ZnCI2)∙NA=0,1моль∙6,02∙1023 1/моль=6,02∙1022 N (Н2)=ν (Н2)∙NA= 0,1моль∙6,02∙1023 1/моль=6,02∙1022 Бөлінген сутегі газының қалыпты жағдайда алатын көлемі: V (Н2)=ν (Н2)∙VM=0,1моль∙22,4=2,24л.

  23. 2 – мысал Массасы 83г. 10% -дықKI ерітіндісін калий перманганаты ерітіндісімен әрекеттестіргенде бөлінген иодтың массасын есептеңдер. Шешуі: KI иодқа дейін тотығады ал, KMnO4 күкірт қышқылы ерітіндісіқатысында марганец сульфатынадейінтотықсызданады KI+KMnO4 + H2SO4→ I2+MnSO4+K2SO4+H2O электрондық баланс құру арқылы теңестіреміз 5│2I-1 – 2e- →I2тотығу үрдісі 2│ Mn+7 + 5e- →Mn+2 тотықсыздану үрдісі 10 I-1 +2Mn+7=5I2+2Mn+2 реакция теңдеуі: 10KI+2KMnO4+8H2SO4→5I2+2MnSO4+6K2SO4+8H2O

  24. Формулаларды пайдалана отырып калий иодидінің зат мөлшерін есептейміз

  25. калий иодидінің зат мөлшері. Реакция теңдеуінен көріп отырғанымыздай I2(5) алдындағы коэффициент 10 KI алдындағы коэффициенттен екі есе аз, сондықтан түзілген иодтың зат мөлшері де екі есе аз болады.

  26. Ерітінділер тақырыбына есептер шығару Ерітіндінің маңызды сипаттамасы - оның сандық құрамы. Ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін концентрация деп атайды, және еріген заттың мөлшеріне байланысты концентрлі және сұйытылған деп бөлінеді. Концентрацияны белгілеудің бірнеше әдістері бар көп қолданылатыны пайыздық концентрация немесе еріген заттың масcалық үлесі.

  27. 1 мысал. Массасы 13,0г. мырыш құрамында 6,72 л (қ.ж) еріген хлорсутек газы бар тұз қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде қанша грамм тұз және қанша көлем сутек газы түзіледі?

  28. Шешуі: 13г 6,72л х 22,4л/моль 65г/моль Алдымен, әрекеттесуші реагенттердің зат мөлшерін салыстырамыз:

  29. 0,2моль 0,3 моль 0,15 моль 0,15 моль Zn+2HCI=ZnCI2+H2↑ Реакция теңдеуі бойынша мырыштың әр молі хлорсутектің 2 молімен қалдықсыз әрекеттеседі. Олай болса, есептің шарты бойынша 0,2 моль мырыш қалдықсыз әрекеттесуі үшін 0,4 моль HCI керек. Демек HCI жеткіліксіз мөлшерде берілген. Сондықтан, есептеулерді хлорсутек бойынша жүргіземіз. Реакция теңдеуі бойнша 0,3 моль хлорсутектен 0,15 моль ZnCI2және 0,15 моль сутек газы түзіледі. Олардың массалары. m(ZnCI2)=ν(ZnCI2). M(ZnCI2)=0,15моль∙136г/моль=20,4г m(Н2)=ν(Н2). Vm(H2)=0,15моль∙22,4л/моль=3,36л

  30. 2- мысал Көкөністерді тұздау үшін тығыздығы 1,06 г/мл натрий хлоридінің 8% - дық ерітіндісін пайдаланады. Көкөністерді тұздау үшін 20л тұздық дайындауға натрий хлоридінің қанша массасы және судың қандай көлемі қажет?

  31. Шешуі: 20литр тұздың массасын табамыз: mері- ді=20000 мл ∙1,06г/мл= 21200г 21200г ерітінді – 100% болса, хгNaCI --8% болады; бұдан : m(NaCI)=21200∙8% / 100% =1696г=1,700кг. Еріген зат NaCI массасын ерітінді массасынан алып тастап еріткішті табамыз, яғни m(H2O)=21200г -1696г=19504г=19,5кг m(H2O)=V(H2O) жауабы: V(H2O) = 19,5л

  32. Қоспаның құрамын анықтауға арналған есептер 3- мысал: Натрий және калий хлоридтерінің 0,325г қоспасын суда еріткен. Алынған ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін құйғанда жалпы массасы 0,717г күміс хлоридінің тұнбасы түзілген. Бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлестерін есептеңдер.

  33. Шешуі: Алдымен реакция теңдеулерін жазамыз: х г у г NaCI +AgNO3= AgCI+ NaNO3 (1) 58,5г/ моль 143г/моль (0,325-х) г (0,717 –у)г KCI + AgNO3= AgCI+ KNO3(2) 74,5г/моль 143г/моль

  34. Қоспадағы натрий хлоридінің массасын х г деп белгілейміз. Сонда қоспадағы калий хлоридінің массасы (0325-х)г болады. Сол сияқты (1) реакция бойынша түзілген күміс хлоридінің массасын y г деп белгілейміз. Сонда (2) реакция бойынша түзілген күміс хлоридінің массасы (0,717-у)г болады.

  35. Енді (1) және (2) реакциялар бойынша пропорциялар құрып, түзілген күміс хлоридінің массасын табамыз: Егер 58,5 г натрий хлоридінен 143 г AgCI тұнбаға түссе, онда х г натрий хлоридінен у г AgCI тұнбаға түседі. Бұдан: у =(143∙х)/58,5= 2,444∙х г AgCI Сол сияқты: Егер 74,9 г калий хлоридінен 143 г AgCI тұнбаға түссе, онда (0325-х)г калий хлоридінен (0,717-у) г AgCI тұнбаға түседі. Бұдан: у=(0,717-у) = 143∙(0325-х)/74,9= 1,919(0325-х)г AgCI

  36. Есептің шарты бойынша (1) және (2) реакциялар бойынша тұнбаға түскен күміс хлоридінің жалпы массасы 0,717 г. Яғни: 2,444∙х + 1,919(0,325-х)= 0,717 Бұдан: х = 0,178 г NaCl, ал у= 0,325-0,178=0,147 г КCl. ω(NaCl) = 0,178∙100/0,325=54,76% ω(КCl) = 100-54,76 = 45,24%

  37. Жұмбақ есептер • Массасы 4г белгісіз металл броммен әрекеттесіп, 20г MeBr2 типтес бромид түзеді.белгісіз металдың молярлық массасын табыңдар. Шешуі: Алдымен20г MeBr2 бромидін түзуге кеткен бромның массасын табамыз; m(Br2) =m(MeBr2) –m(Me) m(Br2) =20г –4г= 16г Белгісіз металдың атомдарының молярлық массасын х деп белгілейік. Сонда бромидтің молярлық массасы М(MeBr2) =(x+160)г/моль болады.

  38. енді есептің шартындағы деректерге сүйене отырып, пропорция құрамыз: Егер 20 г MeBr2құрамында 4 г металл болса, онда (х+ 160)г MeBr2 құрамында х г металл болады. Бұдан: 4(х+ 160)=20х, 4+640= 20х, х = 40 Демек, белгісіз металдың атомдарының молярлық массасы М(Ме)= 40 г/моль, бұл кальций (Са).

  39. 2- әдіс. Алдымен 4 г белгісіз металмен әрекеттескен бромның зат мөлшерін табамыз: ν(Br2) =m(Br2)/M(Br2)=16 г/160г/моль= 0,1моль. Формула бойынша MеBr2типтес бромид жай зат күйіндегі бромның 1 моль мөлшері мен белгісіз екі валентті металдың 1 моль мөлшері әрекеттескенде түзіледі. Демек, 0,1 моль броммен 0,1 моль белгісіз металл әрекеттескен. Енді пропорция құрамыз:

  40. Егер белгісіз металдың 0,1 моль мөлшері 4 г болса, онда белгісіз металдың 1 моль мөлшері х г болады. х=(1∙4)/0,1= 40г Демек белгісіз металдың атомдарының молярлық массасы: М(Ме)= 40г/моль, бұл- кальций (Са).

  41. Хлор әгінің CaOCl2 дизенфекциялаушы әсері немен түсіндіріледі? Шешуі: Дымқыл ауада CO2 әсерінен CaOCl2 біртіндеп ыдырайды: 2CaOCl2 +CO2+Н2О =CaClО3+CaCl2+ 2НOCl Түзілген хлорлылау қышқыл өз кезегінде жағдайға байланысты бірнеше жолмен ыдырайды:

  42. НOCl=НCl+О (күн сәулесінің әсерінен) 2НOCl=Н2O+ Cl2О (су тартқыш заттар қатысында) 2НOCl=2НCl+2НClО3 (қыздырғанда) Ыдырау кезінде түзілген активті тотықтырғыштар дизенфекциялық әсер етеді.

  43. Хлор суының калий иодиді мен бромидіне әсері • Сынауыққа аздап KBrжәне KI ерітінділерін құйып, оған (0,5 мл) бензол тамызып, үстіне тамшылатып хлор суын қосамыз. Сол кезде бензол қабатының түсіне көңіл бөлсек, алдымен иод бөлінгенін көруге болады, ол бензолдың түсін қызартады және ол әрі қарай хлормен тотығып түссіз HIO3иодтау қышқылын түзеді, сол кезде қызғылт түс жойылады. Егер сынауыққа хлор суын ары қарай қоссақ, бензол қабаты қызғылт –сары түске боялады (Br2), хлор суын ары қарай қоса түссек бұл түс жойылады себебі, Br2 HBrO3бромдау қышқылына дейін тотығады.

  44. 2KI +CI2=KCI+I2↓ I20+5CI20+6H2O=2HIO3+ 10HCI 0+5 I2-10e-→2I I20 т- с-ш тотығу үрдісі CI20 +2e-→2CI- CI20 т-т-ш т-с-дану -5е- I20 -1 CI20е- 0 +5

  45. 2KBr +CI2=KCI+Br2 Br20+5CI20+6H2O=2HBrO3+ 10HCI 0+5 Br2-10e-→2Br Br20 т- с-ш тотығу үрдісі CI20 +2e-→2CI- CI20 т-т-ш т-с-дану -5е- Br20 -1 CI20е- 0 +5

  46. Натрий хлориді мен йодидінің ерітінділерін бір- бірінен қалай ажыратуға болады. Шешуі: Хлорид және йодид иондарын тану үшін күміс нитратының ерітіндісі қолданылады: KCl+AgNO3=AgCl↓ +KNO3 ақ KI+AgNO3=AgI+KNO3 сары

  47. № 2 тапсырма Бромсутек қышқылын балқытқыш қышқылдан қалай ажыратуға болады? 6 ұпай

  48. Шешуі: Балқытқыш қышқыл- фторсутектің судағы ерітіндісі. Бромсутек және фторсутек қышқылдары бір- бірінен тотықтырғыш- тотықсыздандырғыштық қасиетімен де қышқылдық- негіздік қасиетімен де ерекшеленеді. • Бромсутек- күшті тотықсыздандырғыш., ол хлордың әсерінен бос бромға дейін тотығады. 2НBr + Cl2= 2НCl +Br2 Реакцияның белгісі- ерітіндіде бром болғандықтан түсі бозарыңқы сары түске боялады. Балқытқыш қышқыл- хлормен әрекеттеспейді.

  49. 2) галоген иондарына сапалық реакция- күміс нитратымен әрекеттестіру: AgNO3+HBr=AgBr+HNO3 AgNO3 +HF → AgBr- сарғыш тұнба, AgF суда ериді, сондықтан да ол күміс нитратымен әрекеттеспейді. Жауабы: 1) тотығу реакциясы; 2) күміс нитратымен әрекеттесуі.

More Related