1 / 33

Ақтөбе селосының әкімі Ж.Молдашованың атқарылған жұмыстар бойынша есебі.

Ақтөбе селосының әкімі Ж.Молдашованың атқарылған жұмыстар бойынша есебі.

oya
Download Presentation

Ақтөбе селосының әкімі Ж.Молдашованың атқарылған жұмыстар бойынша есебі.

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Ақтөбе селосының әкіміЖ.Молдашованың атқарылған жұмыстар бойынша есебі.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 12.12.2012 жылғы «Қазақстан – 2050 » стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей: “Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізіндеберекеліқоғам құру».

  3. Аудан әкімінің 2012 жылғы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалысы

  4. Ақтөбе селосы бойынша 2012 жылға тұрғындардың мәліметі

  5. Демографиялық ахуал

  6. Ақтөбе селосының еңбек нарығының көрсеткіштері

  7. Селодағы білім беру жүйесі. • Селода 550 балаға арналған 1орта мектеп бар. Барлығы 398 оқушы оқиды. 58 мұғалім; оның 48-і жоғары, 10-ы арнаулы орта білімі барлар. Жоғары санатты-12, бірінші санатты- 11, екінші санатты-17 мұғалім, 40 кіші қызметкер қызмет жасайды.Мектеп 2006 жылы жаңадан пайдалануға берілген. Мектептің материалдық-техникалық базасы, безендірілуі, көрнекі құралдармен жабдықталуы жақсы деңгейде. Мектепте асхана, спорт зал, АКТ зал, 2 компьютер сыныбы, 1 мультимедия қабинеті, 2 интерактивті тақта оқушылар білім алуына қажеттіліктеріне орай жұмыс жасайды. Кезең-кезеңімен биология, қазақ тілі, мультимедиа- лингафон кабинеттері жабдықталған болса, өткен оқу жылында республикалық бюджеттен 4 млн 94000 мың теңгеге химия кабинеті толық жабдықталды. Оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Пәндік кабинеттер талғамға сай жабдықталған. Өткен оқу жылында ҰБТ қорытындысы орташа деңгейде болды. Аудандық түрлі байқаулардан 10 оқушы, ғылыми жобадан 4 оқушы жақсы нәтижелерге жетті. Мектептің білім сапасын бағалайтын аудандық пәндік олимпиадасына 43 оқушы қатыстырылып, оның 15-і жүлделі орындар алып, облыстық кезеңінен 5 оқушы жүлдемен оралып, аудан мектептері арасынан ІV орыннан көрінді. Мектеп жанында интернат үйі бар. Онда 26 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Интернат үйінде жылу жүйесін жаңалау жұмысы жасалынуда. Интернат үйі жанындағы спорт залында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол, баскетбол, қазақша күрес үйірмелері жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары мен ауыл жастары спортпен айналысады. Биыл 1,500,0 мың теңгеге спорттық тренажорлық жабдықтар алынды.

  8. Білім беру саласы

  9. Өзекті мәселелері: Жеткіліксіз мамандармен және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету,мектеп жанындағы интернат үйі мебельдерін, төсек орындарын, техникалық базасын жаңарту сынды жұмыстар.

  10. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі • Селода 2008 жылдың мамыр айынан бастап 50 орындық 1 бала бақша жұмыс жасайды. Бала бақшаның 2 тобында 4 тәрбиеші, 2 көмекші тәрбиеші, 1 медбике және 19 кіші қызметкерлер еңбек етеді.Биылғы жылдан бастап ағылшын және орыс тілдерінде сабақтар жүргізіледі. Мамандары жеткілікті, балалардың тәрбиеленуіне мүмкіндігінше жағдай жасалынған. Спорт зал, АКТ зал жасақталған.

  11. Бала бақшамен қамтылу деңгейі:

  12. Бала бақшаға қабылдану кезегінде тұрғандар саны: 31 Бала бақшаға бүлдіршіндерді қабылдау тәртібі аудан әкімінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

  13. Өзекті мәселесі: Жылдан жылға бала санының артуына байланысты сұраныстың жоғарылауына және ғимараттың ескілігіне орай жаңа типті 80 орындық бала бақша құрылысын салуға қызметтену; Сазды елдімекеніндегі медициналық пункттің бос бөлігін мектепке дейінгі балалар шағын орталығына лайықтау.

  14. Денсаулық сақтау саласы • Село бойынша Маңғыстау аудандық ауруханасының құрамында 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Амбулатория жедел жәрдем көлігімен, телефонмен комьпютермен,арнайы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Жаңадан келген ЭКГ аппараты, физкабинет жұмыс жасайды. Амбулатория құрамында 10 төсектік күндізгі бөлім бар. 3 жоғары білімді дәрігер,11 арнаулы орта білімді мейірбике,1-фельдшер,1-акушерка, 9 –техникалық қызметкер қызмет жасайды. Ақтөбе дәрігерлік амбулатория құрамында Сазды, Жарма елді мекендері халқына қызмет көрсететін 2 медициналық пункт жұмыс жасайды.Дәрігерлік амбулаторияға жылу жүйесін жаңарту, су құбыры (канализация) жүргізу жұмыстары жасалынуда. • Қазіргі таңдағы денсаулық саласы бойынша ең маңызды проблемалардың бірі - ана мен бала денсаулығы мәселесі. 2011 жылға 2 бала өлімі тіркелсе, 2012-2013 жылы бала өлімі болған жоқ.

  15. Денсаулық сақтау саласы 450213,28 139577,04 629932,924

  16. Денсаулық сақтау саласы

  17. Мәдениет саласы Селоның мәдениет саласын дамыту ісі ұлттық дәстүр мен мәдени мұраны сақтауға, жастарды рухани, өнегелі тәрбиеге баулу, жас таланттарды үлкен сахнаға шығару,жалпы мәдениетті дамытуға бағытталған. Село халқына 250 орынды Мәдениет үйі қызмет көрсетеді, бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды.Сондай-ақ 1 кітапхана қызмет көрсетеді, онда 13535 кітап қоры бар, кітап қоры жыл сайын толықтырылып, оқырмандар саны артуда. Жоспарлы түрде мерекелерге орай түрлі мәдени-сазды бағдарламалар, би кештері, байқаулар, кездесулер өткізіліп тұрады.Аудандық , облыстық, республикалық деңгейдегі шараларға қатысуда ауыл өнерпаздары белсенділік танытуда. Мәдениет үйі, ауыл өнерпаздары 2012 жылы жоғары жетістіктерден көріне білді.Жетістіктерге жетуге селодағы барлық мекемелер мен тұрғындардың өзіндік үлесі бар. 2011 жылы демеушілік көмекпен 750000 теңге қаржы көлеміне музыкалық акустикалық, т.б. Құрал – жабдықтар алынған.

  18. Өзекті мәселесі: Жылу жүйесі құбырын табиғи газбен қыздыру жүйесіне аудару.

  19. Экономика. Шағын және орта кәсіпкерлік Село экономикасының негізін ауыл шаруашылығы секторы, соның ішінде мал шаруашылығы құрайды. Селода өндірістік кәсіпорындар мен өңдеуші кәсіпорындар жоқ. Қазіргі таңда шаруашылық кітабы мәліметі бойынша 29 (жиырма тоғыз) шаруа қожалығы тіркелген, олардың 20-сы ғана тұрақты түрде жұмыс жасайды және олардағы мал санының артуы байқалады, ет, сүт, жүн өнімдерін өткізеді.

  20. Экономика. Шағын және орта кәсіпкерлік • Село орталығында саудамен айналысатын 9 дүкен, оның 7-і азық-тұлік, 2-еуі киім және шаруашылық тауарларын сатумен айналысады. Сонымен бірге 1 автомашиналарға газ құю орталығы жұмыс жасап тұр. Екінші газ құю орталығының құрылысы жүргізілуде. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі арқылы бизнес негіздері курстарынан өтіп, “Маңғыстау облыстық микрокредиттік ұйымынан” несие алып кәсібін бастаған кәсіпкер пластикалық бұйымдар (терезе, есік) дайындайтын шағын цехын іске қосты. 2 кәсіпкерге наубайхана ашу үшін жерп телімі берілді. Аталған жылда 5 мал азығын дайындау бригадасы шөп шабумен айналысты.Оның 1 бригадасы «Ұштаған Сервис» ЖШС болса,4-еуі жергілікті кәсіпкерлер. Олар 2000 гектар жерді пайдаланып, 1100 тонна мал азығын дайындады. Мал азығын дайындауда өткен жылы көп жылдардан бері пайдаланусыз тұрған Үстірт жері пайдаланылды. Аталған кәсіпкерлік нысандар жұмысына ауылдың жұмыссыздары тартылды. Мал азығын дайындауда село орталығынан 1 жем қоймасы іске қосылды. Тағы біреуінің құрылысы жүргізілуде.

  21. Шағын және орта кәсіпкерлік

  22. Село бойынша жеке қожалықтардағы мал саны 12407 11726 11840 1996 2077 2280 1897 2183 1632 622 730 893

  23. Село бойынша сатылған ет өнімдерінің мөлшері 8800 кг 5450 кг 4800 кг 3000 кг

  24. Коммуналдық шаруашылығы. Село бойынша соңғы жылдары тұрғын құрылысының көлемінің өсуі байқалады. Село тұрғын үй қоры жылдан-жылға өсуде.Селоның инженерлік инфрақұрылымының ілгерілеуі жыл сайын байқалып келеді. Село тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандары ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан газ, «Дария» МКК, «Ұштаған» ӨК-нен су, МРЭК, «Дария» МКК-нан электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Жаңадан тартылған электр энергиясы бағандары арқылы көше жарықтандырылған. Село бойынша тұрғын үйлер жеке қазандықтармен жылытылады. «Ақбұлақ”бағдарламасына сәйкес Сазды (2 резервуар 75м3) Жарма (2 резервуар 75 м3), Ұштаған (2 резервуар 250 м3) елдімекендері су тарату орталықтарынан ауыз сумен қамтылған. Жаңадан құрылған су тарату орталықтары «Дария» МКК иелігінде, аталған кәсіпорынның жергілікті жердегі қызметкерлері тұрғындарға су жеткізу жұмысын іске асырады. «Жасыл әлем» МКК ауылды көшпелі құмдардан өсімдік жамылғысымен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылы 25000 түп сексеуіл, 5000 түп жүзген, жыңғыл сынды бұта тектес өсімдіктер егіліп, күтімге алынды. 16 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шетпе-Ұштаған автокөлік жолы ағымдағы жөндеуден өтті. Село ішілік автокөлік жолдарының ұзындығы 3,5 км. 810м2 селоішілік жолға ағымдағы жөндеужұмыстары жүргізілді. Село бойынша жолаушылар тасымалдау Ұштаған- Шетпе-Ұштаған, Ұштаған-Ақтау-Ұштаған бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Тасымалдаудың негізгі көлемін жеке кәсіпкерлер орындайды.

  25. Инженерлік инфрақұрылым Газ, электр, су 100 100 94

  26. Телекоммуникация желісі Тұрғындар 4 телеканал қызметін пайдаланады. Олар: Қазақстан, Евразия, Хабар, Қазақстан-Ақтау. Қажеттілігіне қарай тұрғындар “OTAU” TV телеарналарын пайдалануда. Ағымдағы жылы цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесі іске қосылады деп жоспарлануда. Жергілікті байланыс кызметі « Казтелеком» АҚ-на тиесілі. «Дама» спутниктік жүйесімен Жарма елдімекенінде 5 үй,Сазды елдімекенінде 4 үй телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Ұштаған ауылында қазіргі таңда 190 телефон нүктесі, оның 12-сі заңды тұлғаларға, қалғаны жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. «KCELL» және «Beeline» ұялы байланыс жүйесі орнатылды, тұрғындар игілігін көруде.

  27. Телекоммуникация желісі Тұрғындар 4 телеканал қызметін пайдаланады. • Қазақстан • Евразия • Хабар • Қазақстан – Ақтау • ОТАU ТВ – қажеттілігіне қарай 100% 100% 75%

  28. Телефон және ұялы байланыс желісі

  29. Өзекті мәселесі: • Село халқын 100 пайыз телефон байланысымен қамтамасыз етуге қол жеткізу; • Сазды елді мекенін ұялы байланыс жүйесімен қамтуға жұмыстану. • Селода интернет байланысын орнатуға жұмыстану.

  30. Әлеуметтік жағдай 14 7 7

  31. Село көлемінде жүргізілген құрылыстар

  32. Қоғамдық тәртіпті сақтау • Ауыл бойынша 2013 жыл қылмыс болған жоқ. • 11 – арыз шағым қаралды. • Әкімшілік құқық бұзушылық үшін • толтырылған хаттамалар - 76

  33. Барлық салынған айыппұл – 105591теңге

More Related