1 / 18

Етістік

Етістік. Сабақтың мақсаты:. Білімділігі : Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге, оларды мәтіннен таба білуге үйретеді. Етістіктің дара және күрделі болып бөлінетіні туралы ұғымды кеңейту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

yardley-kim
Download Presentation

Етістік

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Етістік

  2. Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге, оларды мәтіннен таба білуге үйретеді. Етістіктің дара және күрделі болып бөлінетіні туралы ұғымды кеңейту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелілігі:Оқушылардың логикалық сезімін оятып, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, татулыққа баулу. Дамытушылығы:Сөйлемде жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру. Санатты, көркем жазуға төселдіріп, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін дамыту.

  3. Сабақтың түрі: Ойын сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жазбаша, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, сөзжұмбақ Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың оқу – құралдарын түгендеп, сабаққа әзірлеу. - Біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Екі топқа бөлініп, өз білімдерімен сайысқа түседі. І топ – Алғырлар ІІ топ - тапқырлар

  4. II Үй тапсырмасын тексеру: 1) Алдыңғы өткен тақырыптарды қамти отырып, үйге берілген жаттығуды әр топтан 3 оқушыға оқыту, талдату. 2 – кезең: Миға шабуыл. - Балалар, қазір сендермен “Дұрысын тап” деген ойын ойнаймыз. Екі топқа суреттер мен сөздер үлестірілді. Сендер кезектескен түрде тапсырманы орындайсыңдар. Яғни екі топтың балалары жауабы жазылған суреттер мен сөздерді көрсетіңдер. Мысалы: Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Мысық мияулайды. Әтеш айқайлайды. Ит үреді. Қарға қарқылдайды. Қаз қаңқылдайды. (Осылай зат есім мен етістікті байланыстыру).

  5. 3 – кезең: “Сұрақ – бізден, жауап - сізден” деп аталады, яғни мен сұрақ қоямын, 2 топ кезек – кезек жауап береді. 1) Қандай сөз таптарын білесің? (зат есім, етістік, сан есім, сын есім). 2) Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіретін сөздер). 3) Зат есімнің сұрақтарын ата (кім? кімдер? не? Нелер?). 4) Отан сөзін үш жақта тәуелде. 5) Етістік дегеніміз не? (заттың ісін, қимылын білдіретін сөздер). 6) Етістіктің сұрақтары? (не істеді? не қылды? қайтті?)

  6. III Жаңа сабақ: - Балалар, енді мына сөз жұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады:

  7. 1) Ең нашар баға? 2) Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі? 3)Сүттен жасалатын тағам? 4) Ең жақсы баға? 5) Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөз табы? 6) 7 ондық неше болады? 7) Зат есімнің сұрағы? • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – етістік. (Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жаздыру). • Екінші сыныпта өткенді есімізге түсірейік. • Етістік дегенміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

  8. - Етістік екіге бөлінеді: Етістік Дара етістік күрделі етістік оқыды оқып отыр айтты айтып тұр ұшты ұшып жүр • Сонымен, балалар, дара етістік, күрделі етістік дегеніміз не? • Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөзден тұрады, ал дара етістік тек бір сөзден ғана тұрады. Мысалдар келтіру: І топ дара етістікке 5 сөз айтады. ІІ топ дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып айтады.

  9. IV Дәптермен жұмыс: “Аяз ата жасайық” ойыны арқылы жаттығуларды орындау. 1 – жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Құс келді. Қар су болып жөнелді, Қанды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш. Келіп көктем құстары, Бай – бақшаға ән салды. Оларды жас достары, Ұя жасап қарсы алды.

  10. Өлеңнен дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек көшіріп жас. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыр және оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз. I топ: көктемгі өзгеріс туралы айтады. II топ: көктемгі адам еңбегі туралы айтады. Дара етістік Күрделі етістік қалды болып жөнелді атып жасап қарсы алды келіп салды 2 – жаттығу Мәтінді түсініп оқып, тақырып қой. Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемді көшіріп жаз. Етістіктің қай сөз табымен байланысып тұрғанын айт.

  11. Құстар біздің досымыз. Құстар – табиғаттың бір бөлігі. Олар адамға, табиғатқа көп пайда алып келді. Құстар ағаш діңіндегі, егістіктегі зиянкес жәндіктермен қоректеніп жүр. Сондықтан оларды қанатты достар деп атайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасап жүр. Оларға қыста жемсауыт, көктемде ұя жасап қояды. Қосымша қоректендіріп жүр. V Сергіту сәті: • Шеңбер жасап тұрайық, • Велосипедке отырайық. • Велосипед айдайық, • Велосипедтен түсейік. • Машинаға отырайық, • Машинадан түсіп, • Үйімізге барайық. • 3 – жаттығу. Берілген зат есімдерді етістіктермен байланыстырып, жалаң сөйлемдер құрастырып жаз.

  12. Өсімдік гүлдеді. Жолбарыс жүгірді. Шырша өсті. Шаңғышы сырғанады. Жәндік ұшты. Ақын жырлады. Бөлтірік ұлыды. Құрастырылған жалаң сөйлемдеріңнің бірнешеуін жайылма сөйлемге айналдырып жаз. Көктемде өсімдік гүлдеді. Жолбарыс қатты жүгірді. Шаңғышы шаңғымен сырғанады. Далада бөлтірік ұлыды. 5 – жаттығу. Торкөздегі әріптерді бағдаршаның бағытымен оқы. Жуды, жайна, қуан, ерді, ысты.

  13. Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз. Жуып берді, жайнап тұр, қуанып кетті, еріп жатыр, ысып кетті. VII Сабақты бекіту: “Ой шашырату” (Етістіктің түрлерін, сұрақтарын табу). Дара Күрделі Не істеді? Қайтті? Не қылды? Етістік Етістік

  14. Бір сөзден тұрады Екі немесе одан да көп сөзден тұрады VIII Сабақты қорытындылау: Салыстыру әдісі: Заттың қимылын білдіреді, Сұрақтары бірдей

  15. - Тақтаға мынадай 3 адамның суреті ілінеді.

  16. - Бүгінгі сабақ маған ұнады, қызықты өтті, көңілім көтерілді дейтін балалар жұлдызшаларыңды 1 – ші адамның тұсына қойыңдар. - Сабақ қызықты да көңілді өтті, дегенмен түсінбеген тұстарым болды дегендерің жұлдызшаларыңды 2 – ші адамның тұсына орналастырыңдар. • Ал, сабақ мені қызықтырмады, түсінбедім дегендерің болса, 3 – ші адамның тұсына қоюларың сұралады. IX Үйге тапсырма: 4 – жаттығу. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, дара және күрделі етістіктерді табу. Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдау. X Бағалау.

  17. Тест. 1) Зат есімнің сұрағын тап: а) не істеді? б) кім? ә) қандай? в) неше? 2) Туынды зат есімді тап: а) дәрі б) қызыл ә) әнші в) бірінші 3) Мына сөйлемнен етістікті белгіле: а) біз б) тауға ә) саяхат в) жасадық 4) Етістіктің сұрағын белгіле: а) не істеді? б) қанша? ә) кім? в)қай? 5) Күрдеоі етістікті тап: а) оқыды б) оқиды ә) оқып отыр в) оқымады

  18. 6) Дара етістік неше сөзден тұрады? а) екі б) төрт ә) үш в) бір 7) Тәуелдеулі сөзді тап: а) менің сыныбым б) мен оқушымын ә) әдемі бөрік в) көркем қала 8) Жалқы есімді тап: а) оқушы б) тау ә) қала в) Астана

More Related