1 / 13

Математика 5 сынып

Математика 5 сынып. Сабақ тақырыбы:. Статистикалық сипаттамалар. №9 орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі Абенова Ардақ Әуелбекқызы. 1. Статистикалық сипаттамалар түрлерін анықтаймын; 2. Бірнеше санның арифметикалық ортасын, модасын, өзгерім ауқымын және медианасын табуды үйренемін.

baker-avila
Download Presentation

Математика 5 сынып

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Математика 5 сынып Сабақ тақырыбы: Статистикалық сипаттамалар №9 орта мектебі Математика пәнініңмұғалімі Абенова Ардақ Әуелбекқызы

  2. 1. Статистикалық сипаттамалар түрлерін анықтаймын;2. Бірнеше санның арифметикалық ортасын, модасын, өзгерім ауқымын және медианасын табуды үйренемін Сабақтың табыс критериі

  3. 1 топ: «Арифмеикалықорта»2 топ: «өзгеріс ауқымы»3 топ: «мода»4 топ: «медиана»

  4. «Ой шақыру» Өмірмен байланыс «Сергіту сәті»

  5. Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімнің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т. с. с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі.Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта өзгеріс ауқымы, мода. Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды қарастырайық.1 - есеп: Наурыз айында тоғызқұмалақ ойынынан сіздер, 5 - сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай аласыздар. Енді осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табайық.Шешуі: Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлеміз:(13+13+12+13+10+13+12+10): 8=12 немесе13+13+12+13+10+13+12+10= 128Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы - 12ұпай.Есептей нәтижесінде алынған 12 саны - берілген 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 сандарының арифметикалық ортасы.Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

  6. 2 - есеп:Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 3 º, 4º, 5º, 8º, 6º, 4º, 7º болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табайық.Шешуі: апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының ең көп мәні 8º, ал ең аз мәні 3º. Онда апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы 8º - 3º=5º.Жауабы: апта ішіндегі тәуліктік температураның өзгеріс ауқымы 5º.Өзгеріс ауқымы дегеніміз – берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы.Статистикалық сипаттамалардың ең көп қолданылатын түрі – мода.Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан сол сандардың модасы болады.3 - есеп:Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5. Оқушылардың осы алған бағаларының модасы қай баға?Шешуі: жиелігі ең көп баға бестік баға. Демек оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы бестік баға.Жауабы: математикадан алған бағаларының модасы «5 - тік» баға. Кейбір жағдайларда сандардың модасы болмайтын жағдайда болады немесе артықта болады. Мысалы: Егер оқушының тарих пәнінен алған бағалары: 3, 4, 5 болса, мұндай жағдайда оқушының алған бағаларының модасы жоқ.

  7. Есеп: Оқушының апта ішінде математикадан алған бағаларының медианасын табайық. Егер берілген сандарымыз тақ сан болса, онда берілген санды өсу немесе кему ретімен жазғанан кейін тура ортасындағы сан сол сандардың медианасы болады. Егер берілген санымыз жұп сан болса, онда берілген сандарды өсу немесе кему ретімен жазғанан кейін тура ортасындағы екі санды қосып, екіге бөлеміз. Мысалы: математикадан алған бағалар: 5,4,5,3,4,5,5Шешуі: бағаларды өсу ретімен жазамыз: 3,4,4,5,5,5,5. Бағалар тақ саннан болғандықтан тура ортасындағы сан медиана болады: ол 5Ал, бағалар 3,4,4,5,5,5. Жұп саннан болса тура ортасындағы екі сан (4+5):2=4,5 медиана болады.

  8. б) «Ойлайық кім ойшыл?» /Шығармашылық жұмыс/ 5 – сынып оқушыларының 100 м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі берілген. Сол кесте бойынша сұрақ құрып, есепті шеш. Топпен жұмыс

  9. 1 топ 80’’’’’ 6’’’ ’10 D ‘’’9’ ‘’’=’’ ‘4’’ ‘’1000 ‘’8’’ 50’ 2’ ‘’’. Y 2 топ 6’’’‘’1 ‘20’’’’Ф 1000’’‘7’И‘’80’’’ 60’’’‘’’40 10’‘’4 ‘’’’90’ 3 топ ‘0’ ’’100 ‘’8’’ 2k=p ‘’’80’’ 6’’’ ‘’50 40’’’ 1000’ ‘’’’20’ 10’ ‘’’=’’ ‘’’’90’

  10. Ашық журнал 5 А сынып Тақырыбы: «Статистикалық сипаттамалар» 11 – 12 балл «5» 8-10 балл «4» 5-7 балл «3»

  11. АІ топ. 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863. ІІ топ. 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84. ІІІ топ. 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35. ВІ топ.Екісанныңарифметикалықортасы 4,6-ға тең. Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.ІІ топ.Екісанныңарифметикалықортасы 3,1-ге тең. Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап.ІІІ топ.Екісанныңарифметикалықортасы 4,9-ға теңБірінші сан 5,2. Екіншісін тап. СІ топ.Екісанныңарифметикалықортасы 22,49-ға тең.Екінші сан біріншісінен 1,6 есеартық. Осы сандарды тап.ІІ топ.Екісанныңарифметикалықортасы 4,4-ке тең. Екісанныңбіреуіекіншісінен 1,4-і артық. Осы сандарды тап.ІІІ топ.Екісанныңарифметикалықортасы 30-ға тең. Бір сан екіншісінен 1,5 есеартық. Осы сандарды тап.

  12. Үйге тапсырма: А тобы: №1214, В тобы: № 1222 С тобы: № 1230 есептерді шығарып келу, ережелерді жаттау

  13. Назарларыңызға рахмет!

More Related