1 / 15

Фигуралардың теңдігі

Фигуралардың теңдігі. Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың теңдігі Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға фигуралардың теңдігі туралы түсінік беру Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау және өз беттерімен есеп шығару қабілеттерін дамыту

henry
Download Presentation

Фигуралардың теңдігі

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Фигуралардың теңдігі

  2. Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың теңдігі Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға фигуралардың теңдігі туралы түсінік беру Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау және өз беттерімен есеп шығару қабілеттерін дамыту Тәрбиелік: оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнеклік: интерақтивті тақта, оқулық, жұмыс дәптер Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.1) Оқушыларды түгендеп сабаққа бейімдеу 2) Есеп шығару қабілеттерін анықтау ІІ. Үй жұмысын тексеру.Оқушылардың үй жұмысын орындап келгендерін тексеру. Сұрақтарына жауап берп шығара алмаған есептеріне нұсқау беру.

  3. 2 1 3 ІІІ. Білімін тексеру. 5 6 4 8 9 7

  4. Анықтама дегеніміз не? Жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атаймыз

  5. 2 тараудың бірінші аксиомасын ата. Түзудегі үш нүктенің біреуі және тек біреуі ғана қалған басқа екеунің арасында жатады.

  6. Аксиома дегеніміз не? Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем аксиома деп аталады.

  7. Бірінші аксиоманы ата. Қандай түзуді алсақ та, ол түзуге тиісті нүктелер де, оған тиісті емес нүктелер де бар болады.

  8. Дәлелдеу дегеніміз не? Берілген тұжырымдаманыретімен талдау арқылы ақиқаттығына көз жеткізу оны дәлелдеу деп аталады

  9. Кесінді дегеніміз не? Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігін кесінді деп атайды.

  10. 2 тараудың екініші аксиомасын ата. Түзуде жатқан нүкте сол түзуді екі жарты түзуге бөледі.

  11. Екінші аксиоманы ата. Кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады

  12. Негізгі ұғым дегеніміз не? Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар негізгі ұғымдар деп аталады

  13. ІҮ. Жаңа сабақ: Берілгені: АBCD А’B’C’D’ Т/к: АBCD=A’B’C’D’ Шешуі: А мен А’ B мен B’ C мен C’ D мен D’ нүктелері және AB мен A’B’ BD мен B’D’ DC мен D’C’ AC мен A’C’ кесінділері дәл келсе, онда АBCD=A’B’C’D’ тең болады B A C D A’ B’ C’ D’

  14. Анықтама. Сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура тең фигуралар деп аталады Егер F жәнеF’ фигуралары тең болса, онда F=F’ деп жазамыз. Анықтама. Беттестіргенде ұштары дәл келетін кесінділер тең кесінділер деп аталады. AB және A’B’ кесінділері берілсін. Егер AB кесіндісін A’B’ кесіндісінің үстіне A және A’ нүктелері дәл келетін етіп қойғанда B және B’ ұштары да дәл келсе, онда AB және A’B’ кесінділері тең болады да AB = A’B’ деп жазылады. A B A’ B’ A(A’) B’B Егер B’ нүктесі A’ пен В нүктелерінің арасында жатса, AB>A’B’. Онда АВ = AB’ + BB’. Егер В нүктесі A’ пен B’ нүктелерінің арасында жатса, AB < A’B’. Онда AB = AB’ – BB’ A (A’)BB’

  15. Ү. Білімін бекіту: Тақтаға 28, 29, 30, 31, 32, 33 есептерді шығару ҮІ. Қортынды: оқушылардың осы сабақ туралы қысқаша ойларын тыңдау ҮІІ. Бағалау. Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. ҮІІІ. Үйге тапсырма. 3 тарау, 34, 35, 36 есептерді шығару

More Related