190 likes | 597 Views
Қазақстанда педиатриялық анестезиология және реаниматологияның дамуы мен жетістіктері Профессор Жұмабеков Т.А. Алматы. Негізгі мақсаттары болып табылатындар: 1. Анестезиология - реаниматология қызметін ұйымдастыру; 2. Кадрлар дайындау;
E N D
Қазақстанда педиатриялық анестезиология және реаниматологияның дамуы мен жетістіктері Профессор Жұмабеков Т.А.Алматы
Негізгі мақсаттары болып табылатындар: 1. Анестезиология-реаниматология қызметін ұйымдастыру; 2. Кадрлар дайындау; 3. Анестезия мен интенсивті терапияда диагностиканың және емдеудің жаңа технологияларын енгізу мен жетілдіру;
Анестезиологиялық қызметтің дамуында маңызы үлкен құжаттар болып табылатындар: СССР ДС Министрлігінің 1966 жылы жарық көрген № 287, 1969 жылы шыққан № 605 бұйрықтары - Балалар анестезиологиясы және реаниматологиясының өркендеуі мен қалыптасуында СССР ДСМ 1986 ж. жарық көрген № 841 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы ДСМ 1994 жылғы № 238 бұйрығы үлкен маңызды рөль атқарды Қазіргі кезеңде № 238 бұйрық қайта қаралып толықтырылған, 2011.09.06 №372 бұйрық жарық көрді. 1988 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында елімізде алғашқы балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы кафедрасы ашылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы 48-ге тарта балалар анестезиологиясы – реаниматологиясы бөлімшелері бар. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде 380-нен аса төсек орналастырылған. Айта кетейік, арнайы интенсивті терапия бөлімшелері жаңа қарқынмен нәрестелер бөлімшелері мен ауруханаларында, перзентханаларда ұйымдастырыла бастады. Балалар анестезиолог – реаниматологтарының саны көбейе түсті, олар – 350-ден асады
Кадрлар дайындау: • Медициналық жоғары оқу орындарындағы субординатура; • Жұмыс орнында оқып-үйрену; • Мамандандыру (қайта дайындау) курстары; • Ординатура / резидентура • Аспирантура / магистратура
Балалар анестезиологиясы – реаниматологиясы мен интенсивті емдеу бөлімшелеріндегі қызметкерлер біліктілігі өсе бастады.Дегенмен, нәтижелері әлі де болса төмен:
Ірілендірілген көпсалалы емдеу мекемелерінде балалардағы хирургиялық емдеу мен іс-шаралардың 90-95% жалпы анестезия арқылы атқарылады.Жалпы анестезия әдістерінің ішінде ингаляциялық емес тәсіл көбірек (70-82%) қолданылып, көрнекі орын алады.
Республикадағы кейбір облыстық және қалалық орталықтардың анестезиологиялық қызмет көрсеткіштері (сонғы жылдар)
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛДІ: ДИАГНОСТИКА: удд, кт, мрт, газоанализатор допплерография ИНТЕНСИВТІ ТЕРАПИЯ МЕН ДЕТОКСИКАЦИЯ: 1. СРАР 2. ВчИВЛ 3.Плазмаферез 4. Эфференттік детоксикация. АНЕСТЕЗИОЛОГИЯДАҒЫ ЖАҢА ПРЕПАРАТТАР: • 3. Изофлюран • 4. Севофлюкан 1. Рекофол, (Пропофол) 2. Ксефокам
ЖАҢА АНТИБАКТЕРИАЛДЫ ПРЕПАРАТТАР мен ДӘРІЛІК ЗАТТАР • АНТИБИОТИКТЕР • Цефалоспориндер 3-4 • 2. Пенициллиндер • 3. Карбопенемдер • 4. Фторхинолондар • 5. Антимикотиктер • ИНФУЗИЯЛЫҚ • ТРАНСФУЗИЯЛЫҚ • СҰЙЫҚТЫҚТАР ТІНДЕРЗАТАЛМАСУЫ МЕН НЕЙРОМЕТАБОЛИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЖАҚСАРТУ: • Актовегин • Инстенон • Цераксон • Нимотоп
Ингаляциялық анестетиктердің аз қолдану себептері: • Пациент пен операциялық бөлімшедегі қызметкерлерге зияндық қасиеттері; • Қымбат наркоздық – тыныс алу жабдықтардың қажеттілігі; • Анестетиктің қымбаттылығы.
Ингаляциялық анестетиктердің токсикалық қасиеттерінің салыстырмалы көрсеткіштері.
Ингаляциялық анестетиктердің қажеттілігі.
Салыстырмалы бақылау нәтижелері Салыстырмалы бақылау нәтижесінде науқас балалар үшін өте маңызды болып саналатын анестетиктердің(изофлюран севофлюран) кейбір ерекшеліктері анықталды - тыныс жолдарын тітіркендірмейді, жағымды; - наркозға индукциялау мен наркоздан науқастың тез оянуы қамтамасыз етіледі; - пирогендік, токсикалық қасиеттері жоқ; - наркозды жүргізу мен басқаруы жеңіл; - гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпта сақталады - миокардтың катехоламиндерге сенсибилизациясын болдырмайды, қауіпсіз.
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде хирургиялық және соматикалық профильдердегі науқастарды емдеуде көрсеткіштер жақсарып леталдық нәтижелердің 6,3%-дан 3,2% дейін төмендеуі анықталды, анестезиологиялых асқынулар жоқтың қасы.
Қорытынды: - Анестезиология – реанимотология және интенсивті емдеу бөлімшелерінің жаңа заманауи бақылау – диагностикалық аппараттармен жабдықталуын және қадрлармен қамтамасыздығын жақсарту; - Анестезиология жетістіктері мен анестезиологиялық көмек емдеу мекемелерінің барлық деңгейлерінде, оның ішінде нәрестелер емдеуде енгізіліп, кең өріс алуы тиіс; - Балалардағы хирургиялық іс-шаралар жалпы анестезиялық көмек негізінде атқарылғаны жөн; - Ингаляциялық анестезия әдісінің артықшылығы ескерілуі қажет.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға Рахмет!