0 likes | 7 Views
u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023
E N D
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ философия докторы (PhD), аға оқытушы Ибраева Магрипа Курманбековна Алматы, 2023
№ 1 ДӘРІС Ұлттық тәрбие пәнінің мақсаты мен өзектілігі. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі ДӘРІС ЖОСПАРЫ 1. Ұлттық тәрбие. Ұлттық тәлімдік мұраттың мінездемесі. 2.Қазақстанның қазіргі әлеуметтік жағдайында келешек маманның ұлттық тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері. Ұлттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері. 3. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі. «Ұлттық тәрбие» пәнінің өзекті міндеті ретінде қазіргі заман жастарының ұлттық өзіндік санасы, тәрбиесіндегі, жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық пен әлеуметтік жауапкершіліктің қажетті шарттары.
«Ұлттық тәрбие» пәнінің Н.Ә.Назарбаеватың стратегиялық ұлттық жобаларында және Жолдауларында студент жастарға, тұтас Қазақстан халықтарына ұлттық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттерін анықтағанын дәлелдейді. Материалдар мәліметтерінен, «Ұлттық тәрбие» пәнінің мақсаты:
Осы мақсатқа сәйкес қазіргі заман жағдайында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болып табылады.
Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес «тәрбие», «этникалық тәрбие», «көпмәдени тәрбие», «ұлттық тәрбие» ұғымдарының мәнін анықтауға тоқталамыз. Осы ұғымдардың мәнін ашу «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құрауыштарының контекстінде (мәнмәтінінде) ұлттық тәрбие берудің жоғарыда белгілеп көрсетілген міндеттерінің маңызын анықтауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы мен сақталуы ұрпақ тәжірибесін үздіксіз берумен байланысты. Оны жаңа ұрпақ материалдық және рухани құндылықтарды дамытуда өз үлесін қоса отырып, меңгереді және қолданады, байытады және жетілдіреді. Мұндай байланыс пен сабақтастық тәрбие арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие – бұл қоғамның тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа берумен байланысты қызметі. Тәжірибені адамға таныс білім, білік, ойлау тәсілі, адамгершілік, этикалық, құқықтық нормалар және т.б. деп түсінуге болады. Яғни адамзаттың рухани мұрасының тарихи даму үдерісіндегі жасалғанның барлығы. Адамзат есейген сайын әлеуметтік тәжірибе мазмұны бойынша күрделене түскен. Осыдан тәрбие өмірдің және қоғамның дамуының маңызды факторы, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғаны қалыптастырудың мақсатқа бағытталған үдерісі. Француз философы К.А.Гельвеций XVIII ғасырда-ақ «тәрбие жетілген сайын халық бақытты болады» - деп жазған.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде – өсіп келе жатқан ұрпақты, оның қоғамның өндіріс күшінің маңызды элементі, өзінің өмірлік жолын жасаушы, тұлғалық және жеке дамуын қалыптастырудың, қоғам өміріне қатыстырудың, ендірудің күрделі және қарама-қайшы үдерісі. Сондықтан тәрбие сонымен бірге тұлғаның мәнді күштерін, өзінің табысты өмір сүруі мен тіршілігіне қажетті құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдар мен моральдық нормаларды меңгеруін және қабылдауын ашып көрсететін мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылатын үдеріс ретінде қарастырылады. Тәрбие түрлерінің әртүрлі жіктемесі бар:
XX ғасырдың ортасы мен XXI ғасырдың басында әлемдік қауымдастықта жаһандану бағыты, мәдениетаралық өзара байланыстың кеңейтілуі, рухани және материалдық құндылықтар пайдасының өсуі, тұлғалық жекеліктің дамуы байқалды:
Жоғарыда айтылғандардан мынадай ережелер мен тұжырымдар жасалады:
Сондықтан көпұлтты қуатты Қазақ мемлекетінің жарқын болашақта қалыптасуы ұлттық тәрбиенің мәнін өзіне этникалық, көпмәдени және зияткерлік тәрбие, олардың бірлігін, өзара байланысын мен өзара шарттылығын таңдап алған «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құраушылары контекстінде (мәнмәтінінде) кеңінен түсінуді талап етеді. Кез-келген қоғам тәрбиелік жүйені құра отырып, мақсатқа бағдарланған үдерісті жасауға талаптанады. Мақсаты – іс-әрекеттің идеалды үлгісінің нәтижесі. Тәрбиенің мақсаты тәрбие үдерісінің нәтижесі туралы алдын-ала анықталған түсініктер. Осындай нәтиже тәрбиелік идеал/мұрат болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиелік мұрат (идеал) – білімнің жоғары мақсаты, адам туралы адамгершілік (идеалды) түсінік, тәрбие, оқыту мен даму ұлттық өмірдің негізгі субъектілерін күшейтуге бағытталған: мемлекет, отбасы, мектеп, саяси партиялар, діни бірлестіктер және қоғамдық ұйымдар (А.Я. Данилюк, В.А.Тишков, А.М.Кондаков). Қоғамның даму үдерісінде тәрбиелік идеал/мұрат өзінің нақты-тарихи мазмұнымен толықтырылады. Спартадағы тәрбиелік идеал – тамаша дайындалған әскер, әскери қауымның мүшесі. Сократтың пікірінше, тәрбиенің мақсаты – бұл өзін-өзі тану. Платонның шәкірті Аристотель тәрбиенің мақсаты – жанның жоғары жақтарының – ақыл мен ерік-жігердің дамуы деп есептеген. Сонымен бірге көп уақытқа дейін тәрбиенің мақсаты адамның алла берген табиғатынан деп түсініліп келді.
Ағылшын философы Д. Локк тәрбиелік идеал – жоғары білімді адам – джентльмен, іскерлік және кәсіпкерлік қасиеттерін меңгерген, басқа адамдармен қатынаста тәрбиелілігімен ажыратылады, деп есептеді. Тәрбие мақсаттарының ішіндегі жаҺандық мақсаты – әр адамның жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Тәрбиенің жетілген адам туралы ертедегі – дене әсемдігі мен рухани-адамгершілік құрылымның сәйкестілігін үйлестіру идеясы Ежелгі Грецияда пайда болды. Ол «калокагатия» (грек. kalos – тамаша, әдемі, agathos – мейірімді, адал) деген атқа ие болды, рухани және денеге қатысты әсемдік, әдемілік. Шынында, идеалды адам басшылық жасайтын топтан болуы керек деп есептеді, сондықтан олардың еңбекпен шұғылдануына жол берілмеді. Танымал қытай педагогы Конфуций идеалды адам, қайырымды ер («цзюньцзы»), текті жерден шығуы міндетті емес, бірақ ол өзінде жоғары адамгершілік қасиеттерді өзі тәрбиелеуі тиіс деп есептеді. Мұндай адамға тән белгілер ізгілік, адамға сүйіспеншілік, әділдік, адамгершілік, үлкенді сыйлау және т.б. Конфуций шәкірттерінің өмірден нені қалаймын деген сұрақтарына: «Қариялардың тыныш өмір сүргенін, достардың адал болғанын, ал кішкентайлардың үлкендерге қамқорлық көрсеткенін» қалаймын деп жауап береді («Лунь юй»: путь Учителя, V, 26).
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы, 2015. – 192 бет. Мәңгілік Ел:– Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова және т.б. Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 бет. Нысанбаев А.Н. Национальная идея: мировой опыт и Казахстан. - Общенациональная идея Казахстана: опыт философско- политилогического анализа. / Под ред. А.Н.Нысанбаева. - Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2006. - 412 с. Кукубаева А.Х. Национальное самосознание казахского народа. – Астана, 2006. – 108 с. Жоғары мектеп жағдайында ұлттық зияткерлік әлеуетін қалыптастыру: Ғылыми еңбектер жинағы. – Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2012.