0 likes | 9 Views
u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023
E N D
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ философия докторы (PhD), аға оқытушы Ибраева Магрипа Курманбековна Алматы, 2022
№ 11-12 ДӘРІС Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде Дәріс жоспары: 1. Ислам діні. Қазақстанда Ислам дінінің даму тарихы. 2. Құранның рөлі тұлғаның рухани құндылығының құрылымында Құранның рөлі. Ислам дінінің негізгі ұстанымдары. 3. Арыстанбаб оқуларының мағынасы, Қожа Ахмед Яссауи және т.б. Қазақ жерінде исламның таралуы. Ислам мәдениеті. Ислам діні және ұлттық жөн-жоралғының және рәсімнің мәні. 4. Абай, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде ислам өсиеттері.
1. Дін – сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы. Ислам бойынша дін – ақыл иесі саналы адамдарды, өз қалауларымен қайырлы болған нәрселерге жетелейтін Тәңірлік заң . Діннің қалыптасу тарихын зерделейтін болсақ алғашқы діндер қауым, ру, тайпа тіршілігімен және табиғи ортамен тікелей байланысты болды. Сондықтан, монотеистік, яғни құдайы, жаратушыдан келген кітабы бар діндер пайда болғанға дейінгі адам баласының жаратылыс жайлы көзқарастары олардың наным-сенімдерінде көрініс берген. Мәселен, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына, жан-жануарларға сыйыну, т.б. Соған орай дінді зерттеу мен оқыту екі салаға бөлінеді. Алғашқысы, жалпы діннің туу, қалыптасу, даму тарихын, яғни ежелгі наным-сенімдерден бастап, бүгінгі әлемдік діндерге, қазіргі замандағы дін мен оның түрлі секталары, мемлекет пен діннің арақатынасына қатысты мәселелерге дейінгі жайларды қамтитын дінтану мен екіншісі, нақты бір монотеистік дінді қарастыратын теология салалары.
Дінтану саласының жіктеуі бойынша дәстүрлі әлемдік діндер:
Ислам – кемелденген монотеистік дін, араб тілінде берілу, мойынсұну, бейбітшілік деген мағыналарды береді. Ислам діні бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы кемел, білім мен бейбітшілік және адам баласының өмірлік ұстанымына негізделген, Адам Атадан Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған дін деп саналады. Исламның қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Ол Мұхаммедке (с.ғ.с.) Құран Кәрімнің аяттары жиырма үш жылда пайғамбарымызға жіберілген. Құран Кәрім 114 сүреден (сура-қатар, дәреже), сүрелер аяттардан тұрады. Ислам дінінің бес негізгі шарттары бар. Ислам дінінде төрт діни-құқықтық мектеп қалыптасқан. Оларды мазһаб деп атайды, олар: • ҚР-ның мұсылмандары негізінен Ханифа мазһабын ұстанады. Мазһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны береді. Соған орай Ислам діні – • Сунниттік және • Шииттік екі үлкен бағытқа бөлінеді.
Н.Ә.Назарбаев «Дін – адам жаны мен адамгершілігінің аясы. Әрбір діннің – исламның, православиенің, католицизимнің, протестанттық дін оқуының құлшылық ететін жоғары құндылықтары әрқашан біздің мемлекетіміздің қолдау тауып құрметтеледі», - деп атап көрсетуі қазақ еліндегі бірлік пен бейбітшілікті нық орнатуға діннің де орнының ерекше екенін нақтылап отырғанын көреміз. ... Дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештене үйретпейді. Жалғыз ақ бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің онша жоғары болмай отырғаны. «Біз тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауымыз керек», - деген сөзі халқымызды дін арқылы қоғамда имандылықты, толеранттылықты, бейбітшілікті қамтамасыз етуді нақтылап отыр. Соңғы деректерге сүйенетін болсақ елімізде 17 конфессияны қамтитын 3088 діни бірлестіктер бар. А.Т.Асан, А.С.Балапанова, Т.А.Козыревтың «Қазақстанның дін жөніндегі мемлекеттік саясаты» атты ғылыми танымдық еңбектерінде соңғы дерек бойынша жер бетінде 6 055 049 000 адам мекен етсе, соның ішінде діндер санының динамикасы көрсеткендей, басым бөлігі
Ғалымдардың деректеріне сүйенетін болсақ жыл сайын ислам дінін қабылдаушылардың саны қарқындап дамып отырғанын атап көрсетеді.
Ислам біздің заманымыздың ҮІІ ғасырының басында Аравия түбегінде пайда болды. Ислам араб тілінен аударғанда «бейбітшілік», «Аллаға мойынсұну», «бағыныштылық», «құлақ асу» деген білдіреді. Б. Аяған т.б. басшылығымен дайындалған «Ислам» атты энциклопедияда «АллаҺ» ұғымына - бүкіл дүниені, адамзатты, жан-жануарды жаратушы – ие», - деген анықтама берілген. Халифа Алтай «Алла: «Әл Иләһ» деген атаудың арапша грамматика біріктіріліп айтылуы. Ұғымы: «Құлшылық істелуге лайық зат», түрікше «Тәңір», фарсыша «Хұда», қазақша «Құдай» деп аталады дейді. Аллаһтың 99 атауы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі арқылы жарыққа шыққан «Ислам» энциклопедиялық анықтамалықта толық берілген. Ислам діні жер шарында барынша көп тараған діндердің қатарына жатады (жер шарында ислам дініндегілер 19,6 % құрайды). Исламды 1,2 миллиардтан астам адам ұстанады. Мұсылман қоғамдастығы 120 елден астам жерде бар. ХХ ғасырда мұсылмандар саны 7 есеге артты.
2. Исламның басты қасиетті кітабы – Құран (арабша «қатты оқу», «желдірме», «тақпақ»). «Дана құран», «ізгі құран», «қасиетті құран» деп мұсылмандар ұлы кітапты осылай атайды. Құран барлық заңдардың толық жинағы болып табылатын, дүниетаным негіздері, әлеуметтік нормалар мен адамгершілік парыздары жазылған мұсылмандардың ұлы кітабы «Ислам» атты энциклопедияда «Құран кәрім – Мұхаммед Пайғамбарға құдайлық аян арқылы түскен Аллаһтың сөзі, мұсылмандардың қасиетті кітабы, - деп атап көрсетіледі. Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ол адамның рухани дамуына саналы түрде ықпал етеді. Ораза айт пен құрбан айт – ұлттық діни мейрам санатына қосылып, адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, ынтымақ мерекесіне айналып отыр. Тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы діннің әсеріне келетін болсақ, дін адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықтарды, негізгі рухани құндылықтар жиынтығы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Н.Ә.Назарбаевтың «Зияткерлік ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасы / «Айқын» республикалық газеті. 2008. 2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту тұжырымдамасы. - Алматы. «Ұлағат», 2013. 3. http://kazgazeta.kz/ 4.http://aqiqat.kazgazeta.kz/ 5.https://emirsaba.org/bas-redaktor-s-j-pireliev-v5.html?page=8