1 / 9

Улттык тарбие. Лекция 13

u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023

Download Presentation

Улттык тарбие. Лекция 13

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ   • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ философия докторы (PhD), аға оқытушы Ибраева Магрипа Курманбековна Алматы, 2023

  2. № 13 ДӘРІС Ұлтаралық қатынас мәдениеті Дәріс жоспары: 1. Ұлтаралық қатынас.Полиэтникалық Қазақстан қоғамының мәдениет диалогы. 2. Жартылай мәдениетті тұлғаның мінездемесі.Мәдениетаралық әрекеттестікке келешек маманның дайындығы. Мәдениетаралық құзыр. 3. ЖОО-ндағы полиэтникалық орта.Студенттің этникааралық қатынас мәдениетінің құрылымына әсер ететін факторлар. Этникааралық және конфессияаралық келісім және «Ұлттық тәрбие» бейнесі ұғымы.

  3. 1. Өзінің даму жолында адамзат материалдық және рухани құндылықтар жүйесін қалыптастырды. Мәдениет атты терең, көпқырлы құбылыс әрі ұғым олардың басын біріктіреді. Мәдениет адамның тіршілік болмысының барлық аяларында көрініс табады. Ал антропогенез, этногенез нәтижесінде этностар мен ұлттардың пайда болуымен бірге олардың қарым-қатынас мәдениеті де қалыптасты. Осы орайда мәдениет олардың өзара қарым-қатынасы негізінде пайымдала бастады. Осылайша, мәдениеттің түрі – «ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» дүниеге келді. «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» - түрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынасынан көрініс табатын өмірлік нормалар. Ол көпэтникалық қоғамдағы этносаралық қарым-қатынастар моделінің рухани негізі болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті күрделі құрылымға ие. Ол өз ішінде түрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынас барысындағы санасы мен іс-әрекетінің адамгершілік, этикалық, идеялық, теориялық, саяси, тұрмыстық аспектілерін қамтиды. Осыған сәйкес ол адамдардың отбасы, тұрмыс, еңбек, қоғам, саясат аясындағы тіршілігінде көрініс береді. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізін белгілі бір құндылықтар мен мұраттар құрайды және олар тиісті теориялар мен ілімдер арқылы пайымдалады.

  4. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы – аса күрделі әрі көпқырлы үдеріс. Ол тұлғаның әлеуметтенуінің барша алғышарттары пен факторларын, оның кезеңдері мен сатыларын қамтиды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы ұлтаралық қарым-қатынас моделіне тәуелді екенін ескерген жөн. Себебі ұлтаралық қарым-қатынастар ұлттық саясат нысаны болып табылады және ол өз кезегінде тұтас мемлекеттік саясат құрамына кіреді. Дүниежүзіндегі халықтардың 90 % астамы көп ұлтты мемлекет құрамында өмір сүреді. Көп ұлтты мемлекеттерде ұлтаралық қатынастар қалыптасады. Ұлтаралық қатынастар – бұл көп ұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың жиынтығы. Біздің тәуелсіз Қазақстан елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқына тән қонақжайлықпен, кеңпейілдікпен барша ұлттарды бауырымызға басқан елміз. Сондықтан әлемге татулығы жарасқан үлгілі мемлекетке айналудамыз. Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға қатыса алады. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей кез-келген ұлт өкілі тең құқылы.

  5. Қазақстанда дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Қазақстанда жүзеге асырылып отырған ішкі саясаттың бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды түрлі діни конфессияларға деген толеранттылыққа тәрбиелеумен сабақтас. Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отыр. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар, 11 тілде газет-журналдар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.

  6. «Біздің еліміздің баға жетпес байлығы – қоғамдық келісім және халықтардың достығы. Өйткені, Қазақстанның өркениетті қоғам құру кезінде қол жеткізген барлық табыстары – ұлтаралық келісім, азаматтар бірлігі және ішкі саяси тұрақтылықтың жемісі. Мен біздің елде тұрып жатқан 130 ұлт пен ұлыстың өкілдеріне және 45 діни конфессиялық бірлестіктерге өткен жылдар ішінде кездескен қиындықтарды еңсеру кезінде қосқан үлесі мен төзімділігі үшін алғыс айтамын». Н.Назарбаев. • Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңызды факторына толеранттық немесе төзімділік феномені жатады. Толеранттылық ұғымының мәні тереңде жатыр. • Толеранттық ұғымы Антика дәуірінде бастау алған. Антика ойшылдары тиімді әсер етудегі төзімділіктің рөлін сол кезде ақ мойындаған. • Педагогика ғылымында толеранттылық – • төзімділік, • шыдамдылық, • ымыраластық, • байсалдылық, • кісілік, • ізгілік, • кемелін таңдау, • келісімін табу деген мағына береді .

  7. «Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» дегендей, расында, Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуында «бірлік» категориясы ең негізгі құндылық болып табылады. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

  8. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

More Related