0 likes | 1 Views
u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023
E N D
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ Алматы, 2023
Дәріс 2. Адам санасының құрылымындағы ұлттық өзін-өзі тануасу тарихы ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. Қазақ халқының дамуының тарихи және этникалық жолы. 2. «Қазақ», «қазақ елі» этнонимдері: өткен, бүгін, болашақ. Этногенез кезеңдері (түрікке дейінгі, түрік, монғол). 3. Қазақ халқының антропологиялық құрамы. Қазақ хандығының пайда болуы қазақ халқының құрылымындағы аяқтаушы кезең. Жаһандану тарихындағы қазақ халқының өкілдері. 4. Қазіргі Қазақстан жастарының ұлттық санасының тәрбиесіндегі ұлттық интеллигенцияның үлесі.
1. «Түрік Елі» идеясы мен «Қазақ Елі» идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың сақ, ғұн, үйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатындығын айтқан жөн. 2. Б.з.д мыңжылдықта қазақ жерінде өмір сүріп мәдениет жаратқан сақ қоғамында «отан», «ел» туралы түсінік қалыптасып, оның ұстанымға айналғандығы анық. Ал филолог-ғалым Ғ.Айдаров «ил», «ел» деген сөздердің мемлекет мағынасында түркі тіліне енуі Іле өзені өңіріне келіп, елдік құрған үйсін ұлысының тарихымен байланысты болуы әбден ықтимал деген пікірді білдірген. Бұл пікір негізсіз емес. Мәселен, Махмұд Қашқари (XІ ғ.) «Түрік сөздігінде» Іле аңғарының түркілер өркениетінің қалыптасу процесінде маңызды орны бар екендігіне нұсқап, мәселен, жануарлар атымен аталған 12 жыл атауының өмірге келуін осы өзеннің бойындағы түркі елі қағанының қызметімен байланыстырады. М.Қашқаридың сөздігінде «Ел» мемлекет деген ұғымның баламасы.
Ерте орта ғасырлардағы түрік қағанатының тарих сахнасына шығуын ресейлік және еуропалық зерттеушілер оның басқа алыс-жақын елдерге жасаған басқыншылық әрекетімен байланыстырады. Түрік қағанатының халықаралық дәрежедегі қуатты мемлекетке айналуы Қара қағанның інісі Іркін қағанның (таққа отырған соң қабылдаған аты Мұқан қаған) белсенді қызметіне тұс келді. Мұқан қаған көлемі ұлғая түскен мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін аймақтық-сатылық басқару жүйесін енгізді. Мағынасы: аймақтық-сатылық жүйе бойынша тақ әкеден балаға емес, мемлекетті иелікке бөліп басқарып отырған қағанның ұлдары жасына қарай (яғни тақ ағасынан інісіне, егер кезектегі інісі өлген болса, онда оның ұлына) кезекпен және ретімен тақты иемденетін болды. Бұл тәртіпті түркілердің үйсіндерден қабылдағандығы байқалады және ол жүйе мемлекеттің тұтастығына қызмет жасады.
3. Ортағасырлық түрік мәдениетінің әлемдік деңгейде танылуы Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген мезгіліне тұс келеді. Қарахандар Орта Азиядағы мұсылман дінін қабылдаған алғашқы мемлекет болды. Орталық Азиялық түріктердің мемлекет құру және басқару салтын сақтай отырып, олар оны ислам институттарымен байыта түсті. Қарахандар мемлекеті ортаазиялық түркілердің интелектуалдық өсу мүмкіндігіне жаңа өріс ашты: білім мен ғылымға қолдау жасады, медреселер ұйымдастырды, қоғамда білім беделін арттырды т.с.с. Осы ұстаным тұрғысынан келгенде Ж. Баласағұн мен М. Қашқаридың бізге қалдырған мұралары заман сұранысы тұрғысынан құнды. Махмұт Қашқаридың айтуында, түріктер Алланың басқа да сүйікті құлдарының санатында.
Ғалым «Тәңірі оларды «Түрік» деп атады және оларды мемлекетке еге қылды», - деп көрсетіп, одан ары «заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады», – деген ойды айтып, түркілердің әлемдік кеңістікке шығып, өзін басқа өркениеттерге мойындатқандығын білдіреді. Сондықтан да ғалым «түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал» екендігін ескертіп, сол үшін де «мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, «Түрік тілдерінің диуаны»,- аталатын кітабын жазып шыққандығын баяндайды. Махмут Қашқари жасаған тұжырымға ұқсас ойды Ж.Баласағұн шығармасынан да оқимыз. «Құтты білік» авторының түсінігінде түріктер құрған мемлекеттік билік білімге, ақылға сүйенгенде ғана елге құт әкеле алады. Бұл осыдан 945 жыл бұрын, яғни 1069 жылы айтылған пікір. Бүгін оны ешкім де тура емес деп айта алмайды. Өйткені бұл тұжырым барлық замандардағы кез-келген қоғамға байланысты жасалған негізді тұжырым.
Бұдан шығатын қорытынды: XI ғасырдағы Қарахандар әулеті басқарған түркілер мемлекеті жалпыадамзаттық даму арнасында тұрды, сол сияқты ол мемлекеттің Жүсіп Баласағұн және Махмұт Қашқари сияқты ғұламалары да жалпыадамзаттық арнада және деңгейде ойлап, еңбек етті. Сонымен, Отан тарихының жалпытүркілік кезеңінде көрініс тапқан «ел», «түрік елі» идеясының қоғамдық ойдағы нақты құбылыс ретінде ерекшеліктеріне көңіл аударсақ, Іле, Орхон, Керулен, Алтай және басқа өңірлердегі түркі қоғамдары ел, этнос ретінде қалыптасу жолында тұрды. 4.XV ғасырдың 60-шы жылдары шаңырақ көтерген қазақ хандығы яғни, хандық түріндегі мемлекеттілігі қазақ халқының қалыптасу процесінің табиғи жалғасы әрі қорытындысы болатын. Үш бөліктен (жүзден) тұрған ел бұл кезеңде өзін «Алаш мыңы» атаса, көрші халықтар оны «Қазақ елі» атады. «Қазақ елі» атауы ауыстырған «Алаш» этнонимі ұлттық бірлікке өткен халықтың тұтастығын және еркіндікке, басқа елдермен тең өсіп-өнуге деген ынта-ықыласын білдіретін ұлттық идеяға ұласты. Мынадай бір екі мәселеге көңіл аударған жөн. Олар,
Ең негізгісі жаңа құралған хандыққа өз атын берген халық ендігі уақытта мемлекетті ұлт ретінде жаңа сапада төңірегіндегі елдерге таныла бастады. Қалмақ шапқыншылығы жағдайында жалпыұлттық ұстанымға айналған «Ұлттық тәрбие» идеясының мынадай аса маңызды өзекті ойларына көңіл аударған жөн. Ел басына төнген ауыр жағдайда ел басқарушы саяси топ мынадай жалпыұлттық мәні бар мәселені қоғам алдына міндет етіп қойды. Олар:
«Зар заман» мектебі ақындары жырлаған ойдың өзегі – отарлық әкімшілік қолына біржола өткен жерді жоқтау. Дулат пен Шортанбай сияқты ойшыл ақындар бұл пікірді өз ортасы тұрғысынан білдіргенімен, олардың шығармашылығына тән жалпыхалықтық мүддені, сол тарихи кезеңге тиесілі қоғамдық ойдағы үрдісті жоққа шығару қисынсыздық болар еді. Шортанбай, Дулат, Мұрат шығармашылығы арқылы халықтың жалпы ұлттық көлемде өзінің отарлық, тәуелділік жағдайын түсінгендігі байқалады. Шортанбай, Дулат және Мұрат шығармашылығында бұлыңғыр болса да сол тарихи кезеңде отар елге айналған қазақ қоғамы үшін шарасыздықтың не екенін түсіну бар.
Wordwall платформасына тіркеліп, Ұлттық тәрбие идеясы тақырыбында сұрақтар құрастыру
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: Жоғары мектеп жағдайында ұлттық зияткерлік әлеуетін қалыптастыру: Ғылыми еңбектер жинағы. – Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2012. – 336 б. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 ж. 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту тұжырымдамасы. Алматы. «Ұлағат», 2013. - 36 б. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //«Ақиқат». №1, 2013. – Б. 5 - 27.