0 likes | 7 Views
u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023
E N D
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • УНИВЕРСИТЕТ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕР БӨЛІМІ Алматы, 2023
№ 3 ДӘРІС Менталитет (діл). Қазақ халқының ділі (менталитеті). Елтану. Қазақтану. Ұлттық өзіндік сана. Дәріс жоспары: 1. Діл мінездемесі: ақыл қоймасына қарамастан, ой бейнесі, мінез толғанушылығы, дүниетанымы, адамдардың интегралды мінездемесі, тамаша құрамы, көзқарастар т.б. 2. Ділдің құрылымдық компоненттері. 3. Ұлттық құндылықтар – діл негізі.
Діл (менталитет) құндылық бағдарды, қағидаларды, уәждерді, қажеттіліктерді және т.б. бейнелейтін жеке және топтық сананың деңгейі мен ерекшеліктерінің жағдайын сипаттайды, қазіргі уақытта ұлттық және тұлғалық ділдің мәнін зерттеудің қажеттілігі туындауда. Ділдің мәнін әлеуметтік-топтық көзқарас тұрғысынан қарастыруда, оның бұқаралық, пролетарлық, буржуаздық, бюрократиялық және т.б. түрлерін бөліп көрсетуге болатыны байқалады. Философиялық әдебиеттерде менталитет – белгілі бір дәуірдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдардың түсініктерінің, көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, қоғамның тарихи және әлеуметтік үдерістерге ықпал ететін психологиялық құрылымы; психологтардың көзқарасынша, менталитет адамдардың психологиялық өмірінің ерекшелігі ретінде сол қоғамдағы білім мен діни сенім және басымды қажеттіліктерге негізделген ой-пікірлер, бағалау, нормалар мен ақыл-ой шабыттарының жүйесі арқылы ашып көрсетіледі.
1. Діл (менталитет) этнос (халық, тайпа, ұлыс, ұлт), мәдениет, дін, ғылым, өнер сияқты құрауыштардың күрделі үйлесуінен өседі, яғни қашанда күрделі интегративті және біртұтас сипатқа ие. Бұл құрауыштардың жинағы индивидтің жете ұғынуынсыз соқыр сезім деңгейінде іске асырылады. Осының салдарынан индивидтің өмірі мен іс-әрекетінің маңызды және жалпы сәттеріне тиісті жиынтықтар пайда болады. Зерттелініп отырған ұғымды біржақты талдау өте күрделі. Бірақ, біздің пікірімізше, мұнда адамның қоршаған ақиқат шындыққа көзқарастар жүйесі туралы сөз болып отыр, халықтың менталитеті оның дүниетанымдық ұстанымын көрсетеді және тұлғаның менталитетін қалыптастырудың негізі болып табылады. 2. Діл «адамның санасында стратегиялық өмірлік мақсаттар мен жалпы дүниетанымдық бағдар ретінде мойындалған құндылықтардың бейнеленуі» деп есептелетін құндылық бағдардың негізі болып табылады. Ұлттық діл тұлғада ізгілік, адамгершілік, абырой, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық, елжандылық, табиғатқа ұқыпты қарау, көркемөнер құндылықтарына зерек болуға қабілеттілік секілді базалық қасиеттерін қалыптастыруға қабілетті. 3. Ұлттық ділдің қалыптасу үдерісі келесі:
Кез-келген халықтың ділін қалыптастыруда халық мекендеген географиялық, табиғи орта ерекше маңызға ие болған. Қазақтың кең даласы дала адамының жан дүниесін, оның өмір сүру салтын қалыптастырды. Ұлттық және тұлғалық ділдің мәнін түсіну үшін ұлттық мәдениетті халықтың тарихи дамуы барысында жинақтаған рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы ретінде білу қажет. Ашықтық, достық, қонақжайлылық, кексіздік және т.б. қазақ ұлтының ментальдық қасиеттері болып табылады.Қазақтардың жетекші этникалық дәстүрінің бірі өзінің шыққан тегін білуі болып табылады, оларға барлық уақытта өзінің генеалогиялық өзегін, көшпенділерге тән болған өзінің ұрпағын жалғастыруға талпыныс, өз қауымының салты мен дәстүрін дамыту тән. Көптеген отбасыларда ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға берілетін жәдігер, мұра (реликвии) сақталған. Сондықтан бала жас кезінен өзінің ата-бабалары мен өзінің ататегіне құрметпен қараған. Қоғамды дамытудың мақсаты ұлттық идеяда көрініс табатын, халықтың түпкі қызығушылығынан, ұлттық мәдениетінен туындайды. Ұлттық рух – ұлттық нақтылықтың сапалық күй-жайының жинақталған нәтижесі. Үнемі төмендету, тәуелділік пен көнгіштікте болған халықтың рухы жоғары болмайды. Ұлттық рух – жеке батырлар мен халықтық ержүрек жауынгерлердің ер мінезді қасиеттерінің (ар, намыс, ұят, абырой) жиынтығы емес. Ал экстремальдық жағдаятта ұлттық рух магиялық, сиқырлы күшке енеді.
Сондықтан «этностың менталитеті – халықтың рухани, экономикалық, этникалық және тарихи дамуының күрделілілігін, мазмұнын, белгілері мен сипаттамаларының жиынтығы. Тұтас алғанда, тұлғаның ұлттық менталитетін қалыптастыру кезеңдері тұлға теориясына негізделеді. Яғни, жоғарыда айтылған жағдайлардың болуы ғана емес, және қажет:
Практикалық сабақ 3. № 3 дәріске семинар Қазақ халқының ділінің мәніне сипаттама. 3.1 Діл «менталитет» және «қазақ менталитеті» ұғымдарының мазмұны. 3.2 Менталитеттің (ділдің) негізгі компоненттері. 3.3 Ұлттың тарихи дамуы барысында ділдің өзгеруіне әсер ететін факторлар. 3.4 Қазіргі заманғы жастардың діліне сипаттама.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы, 2015. – 192 бет. Мәңгілік Ел:– Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова және т.б. Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 бет. Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2006. - 412 с. Кукубаева А.Х. Национальное самосознание казахского народа. – Астана, 2006. – 108 с. Жоғары мектеп жағдайында ұлттық зияткерлік әлеуетін қалыптастыру: Ғылыми еңбектер жинағы. – Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2012.