1 / 12

Улттык тарбие. Лекция 4-3

u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023

Download Presentation

Улттык тарбие. Лекция 4-3

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ   • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ Алматы, 2023

  2. Дәріс 3. Этникалық әлеуметтену және сәйкестендіру тұлғаның ұлттық өзіндік санасын дамытудың негізі ретіндемдары • Дәріс жоспары: • Этникалық әлеуметтену - әлеуметтену аспектісінің бірі, қоғамда қабылданған тұлғаның өзіндік дамуында және тұлға даму үрдісіндегі этноәлеуметтік рөлі.Этникалық бірдейлік түрлері. • асының ортақ мінездемесі. • Қазақ халықтың ұлттық санасының (тарих, тіл, мәдениет және жөн-жоралғылар, ) құрама компоненттері.

  3. Адам бойындағы ұлттық өзіндік сана оның тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыда нақты бір деңгейге жетуі үшін қажетті маңызды өлшемдердің бірі болып табылады. Ұлттық өзіндік сананың дамуы «сана» және «ұлттық өзіндік сана» ұғымдарын анықтаумен тығыз байланысты. Саналы адам ғана өзіндік санаға ие. Өзіндік сана – бұл табиғи бейнені көрсететін сананың ерекше формасы. Психологияда өзіндік сана тұлғаның жеке даралық ерекшеліктерінің көпқырлылығын және оның көптеген қоғамдық байланыстардағы өзіндік мәні мен орнын көрсететін процесс ретінде түсіндіріледі. Адам сана және өзіндік сана арқылы әртүрлі қарым-қатынас және іс-әрекетке белсенді араласу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады. Адам болу – сана ғана емес, сонымен қатар өзіндік санаға да ие болу дегенді білдіреді. Өзіндік сананың Әлеуметтік ғылымдарда «ұлттық өзіндік сана», «этникалық өзіндік сана» және «таптық өзіндік сана» терминдері қолданылады. Олар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүшелерінің өзіндік сананың ерекшеліктерін, мақсатын және әлеуметтік ортадағы орнын түйсінуін білдіреді.

  4. Көптеген авторлар «ұлттық сана» және «ұлттық өзіндік сана» ұғымдарының шекарасын, аражігін ажыратудан қашқақтайды. Ұлттық сана – қоғамдық сананың бір формасы, онда қоғамның этникалық өмірі көрініс береді, бұл этникалық процестердің табиғи өзіндік ерекшеліктерін түсінудегі теориялық және қарапайым көзқарастардың жиынтығы. Өзіндік сана арқылы әр ұлт өзінің көпұлтты әлемдегі жалпы, түпкі тектік қызығушылықтары, мақсаты мен мұраты, өзіндік «бет-бейнесін», сонымен қатар өзге ұлттар мен мемлекеттерге деген қатынасын түсінеді. Сол себепті көптеген ғалымдар ұлттық өзіндік сананы халықтың рухани мәдениетінің ұлтттық діңгегі деп пайымдайды.Ұлттық сана теориялық және қалыпты деңгейде көрініс береді. Ұлттық өзіндік сана ұлттық сананың ядросы ретінде тұтас бір ұлттың, этностық топтардың және жеке тұлғалардың да қызығушылықтарын бейнелейді. Ұлттық өзіндік сана көпұлтты қоғам деңгейінде этникалық өзіндік санамен өзара әрекеттестік үдерісінде пайда болады.

  5. Ұлттық өзіндік сана әртүрлі қызмет атқарады:

  6. Ғалымдар арасында халықтың ұлттық өзіндік санасының құрылымын анықтауда қалыптасқан нақтылық жоқ. Халықтың ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына мынадай әртүрлі факторлар әсер етеді:

  7. Ұлттық өзіндік сана – бұл тұлғаның өзінің белгілі бір ұлттық қауымдастықтың өкілі екенін түсінуіне, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін дұрыс бағалай алуын реттейтін, сонымен қатар оның тіл, мәдениет, өз қауымдастығының ерекшеліктерін білетін және діни, территориялық, мемлекеттік қоғамдастықтағы ұлттың өткен тарихы туралы өз көзқарастары бар индивидтің тұлғалық дамуының интегративті сипаты. Ұлттық өзіндік сана тұлғаның құндылықты-мәнді негізін құрайтын құрылымдық маңызды компонент деп саналады. Әлемде халықтардың өзінің тұрмыс-тіршілігін сақтап қалуына ұмтылу, өз мәдениеттері мен психикалық ойлау қабілеттерінің ерекше екендігін атап көрсетуге, өзінің белгілі бір этносқа жататындығын сезінуге ұмтылу үрдістері белсенді түрде жүріп жатыр. Әртүрлі континенттегі көптеген елдердің халқына қозғау салған бұл құбылыс бүгінгі заманғы этникалық парадокс деген атауға ие болады. Ұлтаралық қатынастардың дамуы, этникалық қарама-қайшылықтардың шиеленісуі ұлттық сана-сезімнің қалыптасуын зерттеу проблемасын бірінші кезекке шығарады. Аталған проблема ғалымдар мен практиктердің алдына жылдам ауысатын қоғамда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру жолдарын қайта қарастыру міндеттерін қояды. Ұлттық сана-сезімді этнопсихологиялык тұрғысынан қарастырсақ, «Ұлттық сана-сезім» термині бұдан да ауқымы кең түсініктер жүйесімен байланысты.

  8. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасу үрдісінде бірқатар жағдайлар қажетті. Бірінші кезекте, әрине, өзін осы немесе өзге бір кейіпте сезінетін ұлттың өзі болуы тиіс. Ұлт дегеніміз өз кезегінде этностың дамуының бір кезеңі. Бұл түсініктер кешенін толығымен игергенде ғана ұлттық сана-сезім деген ұғымды түсінуге болады. Ұлттың ұлттық сана-сезім мен өзіндік сана-сезімді, ұлттық құндылықтарды, ұлттық мүддені, ұлттық мәдениет пен тілді білдіретін ішкі мазмұнының өмір сүруі мен ұдайы дамып отыруы ұлттың ұзақ өмір сүруінің қайнар көзі болып табылады. Ұлттық сана-сезім ұлттық сананың ядросы бола отырып, адамдардың өзінің белгілі бір этникалық қоғамдастыққа қатыстылығын сезінуінің нәтижесінде қалыптасады, осы қоғамдастықтың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі алатын орнын түсінуінің нәтижесі болып келеді. Ұлттық сана-сезім этностың жекелеген тобының немесе толық бір ұлттың қызығушылығын көрсетуі мүмкін. Ұлттық сана-сезім көрінісінің негізінде этникалық идентификация (бұл бірдей сапа, сәйкестілік)феномені жатады, яғни адамның өзін нақты бір этникалық топтың мүшесі ретінде тұрақты түрде қабылдауының қалыптасуы жатады.

  9. Ұлттық сана-сезім идея, көзқарас пен ой-пікір, сезім-эмоция, көңіл-күй арқылы көрінеді және ұлт мүшелері түсініктерінің мазмұнын, деңгейі мен ерекшеліктерін: өзінің белгілі бір идентификациясын, басқа қоғамдастық өкілдерінен айырмашылықтарын, ұлттық құндылықтары мен қызығушылықтарын, ұлт тарихы, оның қазіргі күйі және даму перспективасы, өзінің әлеуметтік-этникалық қоғамдастығының ішкі мемлекеттік, мемлекетаралық және ұлтаралық қатынастардағы орны туралы пікірлерін көрсетеді. Студенттердің ұлттық өзіндік санасын қалыптастыру бұл жоғары оқу орындарының барлық құрылымдық бөлімдеріндегі мақсатты түрде жүйелілік пен тұтастықты белсенділікті қажет ететін студент тұлғасының қалыптасуындағы тәрбие жұмысының, сонымен қатар студенттің өзінің белсенді іс-әрекетін білдіретін кешенді үдеріс. Ұлттық өзіндік сананыңіс-әрекеттік компонентітек шынайы әрекетті ғана қамтымайды, ол сол сияқты адамдардың кәсіби және тұлғалық сферадағы кез-келген этносаралық байланысты орнатудағы әрекеттерімен де сабақтасады.

  10. Практикалық сабақ 4. № 4 дәріске семинар 4.1 Сана, «ұлттық сана», «ұлттық сана-сезім» ұғымдарының мәні. 4.2 Ұлттық сана-сезім – ұлттық сананың өзегі. 4.3 Қазақ халқына тән ұлттық сана-сезімнің өзіндік ерекшеліктері. 4.4 Ұлттық сана-сезімнің этнопсихология тұрғысынан сипаттамасы.

  11. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: Барканова, О.В. Национальное самосознание личности: монография / О.В. Барканова; Краснояр. гос. пед. ун-т. – Красноярск, 2006. – 171с. Кукубаева А.Х. Национальное самосознание казахского народа. – Астана, 2006. – 108 с. Воворода А.И. Национальные и общечеловеческие интересы: социально-психологические проблемы. –М., 2006.

More Related