1 / 16

Улттык тарбие. Лекция 8

u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023

Download Presentation

Улттык тарбие. Лекция 8

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ   • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ философия докторы (PhD), аға оқытушы Ибраева Магрипа Курманбековна дуб, клен, береза Алматы, 2023

  2. № 8 ДӘРІС Қазақ халқының этикеті мен әдебі Дәріс жоспары: 1. Этикет – қазақтың адамгершілік-этикалық тәрбиесінің құрамы 2. Халықтың педагогикасында этикалық тәрбиенің идеялары. Қазақ тәртібінің адамгершілікті-адамдық нормаларының факторлары. 3. Қазақ этикетінің ұстанымдары. Қазақ этносының және одан тыс адамдардың арасында қарым-қатынас қағидалары. 4. Қазақ этикетінің дәстүрлі шамалары. Қазақ халқының этикалық кодексінде үлкендерді сыйлауы. Сәлемдесу және қоштасу этикеті. Қонақжайлылық этикет нормалары. Баталар. Батаның үлгілері.

  3. Әдептің мәні мен мазмұнының негізгі бағамы әр қоғамнан туындаған моральдық ұстанымдар. Мораль жеке тұлғаның өмірдің әр түрлі салалары мен іс-әрекеттеріндегі мінез-құлқына қойылатын нормалар, ережелер мен талаптар жүйесі болса, адамгершілік адамның осы нормалары мен ережелерді сақтауға байланысты дағдылары мен әдеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Әдеп («ethos» деген грек сөзінен шыққан, дәстүр, адамгершілік деген мағына береді) – мораль, адамгершілік туралы ілім. Ең алғаш «әдеп» терминін Аристотель (б.э.д. 384-322) практикалық философияны белгілеуде, адамдардың дұрыс, адамгершілікті қылықтар жасауда не істеу керек деген сұраққа жауап беру үшін қолданған. Әдеп ұғымын Әл-Фараби ілтипатпен әр нәрсеге мән беруді іс-әрекетке айналдыру деп қарастырады. Олар: Бірінші заңдылық ретінде Әл-Фарабидің осы аталған үш бұрышы әдептің негізі бола алады.

  4. Қазақ топырағында әдеп тәрбиесінің терең тамырлануына, құнды еңбектерімен үлес қосқан шығыс ғұламалары – Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашқари, Ахмед Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және т.б. Қазақ әдебі іс-әрекетке айналдырған мінез-құлықтың көрінісі және жеке тұлғаның болмысындағы басшылыққа алатын ережесі, өзіндік қағидасы. Қазақ халқының әдептілік қағидалары адам баласы үшін ұлы да құнды әдеп нормалары болып саналады. Мәселен:

  5. Қазақ халқында басқа халықтарға қарағанда өзінің ұлтына тән қалыптасқан әдептің түрлері өте көп болған:

  6. «Сәлем» арабтың «тыныштық, бейбітшілік» деген мағынадағы «ассалам» сөзінің тілімізде  фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар осы сөзді қолданып амандасады. Мұсылман дінін қабылдағаннан бері қазақтар да алдымен осы сөзден бастап амандасатын болған. Қазақ халқында амандасуға айрықша мән беріледі. Сәлемдесу немесе сәлем беру деп кішінің үлкенге алдымен амандасуын айтады. • Ассалаумағалейкүм (Алланың нұры жаусын!) — амандасудың кең тараған түрі (сәлемберу). • Уағалайкүмассалам! (СағандаАлланың нұры жаусын!) (сәлем алу). • Армысыздар! Бұл амандасудың ежелгі қазақи түрі. • Сәлеметсіз бе? Амандық сұрау, сыпайы сәлемберу. • Сәлем!-құрбылас адамдардың бір-бірімен амандасуы. • Сәлеметсіз бе?-үлкендермен кішіпейіл түрде амандасу. • Амансыз ба? Есенсіз бе?- ересек адамдардың бір-бірімен амандасуы.

  7. Кім бірінші сәлем беру керек? Хадисте жазылған сәлем беру әдептеріне сүйенсек:

  8. Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты – жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабақ, бет-жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды. Айталық, көз көреді, аяқ жүреді, ауыз жұтады осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, әсем күлкі мен әуезді үн айналадағы адамдардың еншісі. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары, жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттілік үшін, жанды жараламау үшін қажет. Сол себепті де әркім сәлемдесуді емес, қалай сәлемдесуді білу, өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы, машықтанып, үйренуі керек. Қол беріп амандасу шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір- бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Теріс қарап амандасу — менсінбегендіктің белгісі. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.

  9. Төс қағыстырыпамандасу— ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылайамандасады. Қолдан сүйіпамандасу—әжелердіңнемесеапалардың жеткіншектердің, жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпакқа деген құрметті білдіреді. Қолдыңсыртынанғана сүйеді. Алақаннан сүюгеболмайды. Көзден сүйіпамандасу—әжелернемесеапалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіпамандасады. Иіскепамандасу – қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскепамандасады. Маңдайдан сүйіпамандасу—үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіпамандасады. Көпшілікпенамандасу.Көпшілік отырған жерге келген кісі әрқайсысына емес, жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді. Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен қол алып амандасу міндетті емес. Бір үйдегі отбасы мүшелері де, бірге қонып шыққан адамдардатаңертең бір-біріне “Қайырлы таң!” деп айтып амандасқандары жарасымды.

  10. Әр елдің салты басқа. Басқа елдердің амандасу түрлерін көрсету. Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәлім етудің – басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрі бар. Осыған ұқсас сәлем беру әдеттері біздің халықта да кездеседі. Мәселен, қазақ келіндері қайын ата мен енелеріне, үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады. Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол «Басымыз аман болсын» дегені. Ерте кезде Қытайда дос-жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты. Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді. Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әрі басқа қалыптасқан жора-салттар бар. Мысалы, орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса, ертедегі Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен.Ал қазақ халқы болса, «Бала-шағаң, үй іші, мал жайың аман ба?», деп сұрасқан екен.

  11. Бата-тілек сөздердің табиғаты және олардың фольклорымызда қашан пайда болғаны туралы зерттеулерге үңіліп көрелік. Бата сөздер өте ертеде пайда болған ауыз әдебиетінің ерекше саласы екендігін айғақтайтын деректер көп. Адамзат баласы табиғат күштерінесиынып-табынумен қатар, олардан келетін қауіп-қатерденаулақ болуды да ертеден аңдап, өзіне де, өзгеге де тілек тілеген. Ертедегітассуреттерде бата-тілек тілеп жатқан тәрізді бейнелерге қарап осылайжорамалдауға болады. Қазіргі негізінен ислам дініндегі адамдарға тән сияқты болып көрінетін, Аллағақолынжайып бата беру, тілек тілеу және осыға ұқсас үрдістер біздің ежелгітәңірлікдінімізде де, өзге де көптеген халықтардың діни ритуалдарды орындау кезінде бар екенін және қазір де солай болып келе жатқандығын атап өткен жөн. Бата-тілек беру жайында қазақ даласына түрлі жолмен келген шетелдіктердіңжазбасында жиі айтылады. Сондай деректердің бірі, 1757-жылдары Жоңғарияның соңғы әміршілерінің бірі Әмірсананың соңынан өкшелепқуғаншүршітармиясы қазақ даласынакіруіне қатысты құжаттарда айтылған екен. АягөзөзенімаңындашүршітармиясықосынынакерейҚожаберген батыр көп адамымен келіп жолығады. Осы кездесу жайында Циньбоғдыханына жазылған баянаттаҚожабергенбатырдыңаттан түсіп, тізесінбүгіп, қолынкөтеріпжыр айтты деген мәліметтішүршітқолбасы жазып қалдырған екен. Бұл - әрине, жат жұрттардың алдында қолынжайып айтқан жай ғана жыр емес, қонақтардыңсый-құрметі үшін берілген бата болғандығыанық.

  12. Бата-тілектер – қазақ халқының рухани жан дүниесінің паспорты. Жалпы алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің қай-қайсысы түрін алсақ та, барлығы да халық өмірімен, өзіне тән тұрмыс-тіршілігімен, лайықты салт-санасымен, қалыпастқан әдет-ғұрпымен, тарихы барысында бастан өткерген сан алуан үлкенді-кішіліоқиғалармен тығыз байланыста екендігін байқаймыз. Міне, осылардахалықымыздың дүниетанымы мен эстетикалық көзқарасы, философиялық, қисындық ой-толғамдары ғана емес, өмір мен өнердітануға деген талап-тілектері де жатыр. Қазақ халқы қай дәуірде болмасын, өз сезімін толқытқан, жүрек қылынтербеткенқуанышы мен шаттығын, қайғысы мен қасіретін, өмірге келуі мен о дүниеге аттанғанқазасынәнге салып, өлең етіп жеткізген. «Дүниенің есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнынакірерденең», - деп ұлы Абайдың да айтатыны осы. Бата сөздердің ұлтымыздың рухани ғұмыр жолындағы орны қашан да ерекше болған, солай болып қала да берерісөзсіз. Дастарханыңаберекеберсін,Бастарыңа мереке берсін,Астарыңа адалдық берсін,Бастарыңаамандықберсін,Дендеріңесаулықберсін,Әумин!

  13. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы, 2015. – 192 бет. 1. Нысанбаев А.Н. Национальная идея: мировой опыт и Казахстан. - Общенациональная идея Казахстана: опыт философско- политилогического анализа. /Под ред. А.Н.Нысанбаева. - Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2006. - 412 с. Шаханова М. Мир традиционной культуры казахов. - Алматы,1998 Кенжеахметұлы.С. Қазақхалқының тұрмысы мен мәдениеті.Алматы: «Алматы кітап», 2007.-384бет, суретті. https://adebiportal.kz/kz/news/view/23091

More Related