1 / 9

Улттык тарбие. Лекция 9-10

u0423u043bu0442u0442u044bu043a u0442u0430u0440u0431u0438u0435 2023

Download Presentation

Улттык тарбие. Лекция 9-10

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ   • АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ • ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ • ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ философия докторы (PhD), аға оқытушы Ибраева Магрипа Курманбековна Алматы, 2023

  2. № 9-10 ДӘРІС Қазақ отбасының тәрбие жүйесі Дәріс жоспары: 1. Қазақ отбасы. Қазақ отбасының мінездемесі, құрылым және жөн-жоралғылар. Қазақ отбасында отбасылық тәрбиенің психологиялық негіздері және тұқым сабақтастығы. 2. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің жүйесі. Қазақ отбасын басқарудың ұстанымдары мен ерекшеліктері. Қазақ отбасында әке-шешенің беделі мен отбасылық құндылықтар. 3. Қазақ отбасында бала тәрбиесі тәсілінің әдістері. Қазақ отбасында қарым-қатынастың құқықтық негіздері және қатынас мәдениеті. 4. Қазақ отбасындағы психологиялық атмосфера. Қазақ отбасындағы ұл мен қыз парызы. Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақ азаматтығы мен отаншылдығы (патриотизмі), ұлттық сана құрылымында отбасы жауапкершілігі мен рөлі.

  3. Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі, бастау көзі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады. Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы»,- деп анықтама берілген. Бұл жөнінде қазақстандық ғалымдар С.Қалиев, М.Оразбаев және М.Смайыловалар өздерiнiң «Қазақ халқының салт-дәстүрлерi» (1994ж.) деген еңбектерінде қазақ ауылының тыныс тiршiлiгiнiң өзiндiк заңдылықтарын сипаттап, оның отбасы тәрбиесіндегі рөлін жан-жақты ашып көрсетедi. Қазақ халқының осындай ізгілікті отбасылық өмір салты туралы көптеген шетел ғалымдары қызығушылық танытып, зерттеулер жүргізген. Қазақ отбасындағы тәрбие белгілі бір қағидаларға көрініс берген: Отбасы тәрбиесіндегі үлкенге құрмет қағидасы. Қазақ халқында әpбіpшаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі – атасы мен әжесі болып табылады. Сондықтан болар «Қариясы бар үйдiң – қазынасы» бар деп оларды қадiр тұтқан. Ақсақалдар мен кіші ұрпақ міндеттерін қазақ халқында бала туған туыстарымен қарым-қатынасы барысында үйреніп, мәнін түсінеді. Мұндай қарым-қатынастың мәні «сыйласу» түсінігімен байланысты анықталады.

  4. Қазақ халқында бала тәрбиесiн дұрыс жолға салудың тағы бір жолы тәрбиенiң халықтығы қағидасы негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген. Қазақ халқының ізгіліктілігі қағидасы негізіне құрылған қарым-қатынасы мен сыйласу дәстүріоның қонақжайлылығынан көрінеді. Қазақ халқы баланы тәрбиелеуде мақал-мәтелдердi, термелер мен жырларды, тыйымдар мен ырымдарды пайдаланғанда оның тек сөздiк әсерiн ғана емес, оның астарына мән берiп, балаларды пайымдағыштыққа тәрбиелеудi мақсат тұтқан. Қазақ халқы шариғатқа жүгіне отырып, балаларын өздері болмайтын уақыт үшін тәрбиелеген. Олардың алдағы өмір сүретін заманынының талаптарын ескерген. Бұл жөнінде қазақ зиялысы М. Жұмабаев өзінің педагогикалық еңбегiнде ата-аналарға бала тәрбиесiнде былай кеңес берген: «Ата-аналар балаларын дәл өзiндей етiп тәрбиелемеуi керек, одан да күштi етiп тәрбиелеуi тиiс, себебi олардың өмiр сүретiн заманы ата-аналардың заманына қарағанда әлдеқайда талапшаң болмақ», деп айтқан болатын. Осылайша қазақ отбасы қандайжағдайда болмасын толығымен баланы өз заманының азаматы етіп қалыптастыратын тәрбие институты бола білген.

  5. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын...» деген екен. Рас, қырық жыл қырғын болса да қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған. Ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал бүгінде қазақ сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтан ажырап барады. Бұл – бүгінгі қоғамның дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуені алмас­тырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін «әлдилеп» тербететін, «әлдилеп» ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бүкіл ауыл болып атсалысқан. 

  6. «Топтастыру» стратегиясы Даңқты қолбасшы Ұлт мақтанышы Майдангер жазушы Бауыржан Момышұлы Ақын Кеңес Одағының батыры Айбынды әке Халық қаһарманы

  7. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: • Основы формирование интеллектуального потенциала будущего специалиста. Учебное пособие. - Алматы. КазНПУ им. Абая, «Ұлағат». 2014. – 296 с.Кенжеахметұлы.С. Қазақхалқының тұрмысы мен мәдениеті.Алматы: «Алматы кітап», 2007.-384бет, суретті. • Құдайбердіұлы Ш. Үш Анық. – Алматы: «Казахстан», 1991.

More Related