1 / 68

Түркістан қалалық білім бөлімі №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектеп

Түркістан қалалық білім бөлімі №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектеп. Баяндама. Тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектептің география пәні мұғалімі: Шакеева Ақнұр.

mira-burke
Download Presentation

Түркістан қалалық білім бөлімі №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектеп

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Түркістан қалалық білім бөлімі №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектеп Баяндама Тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектептің география пәні мұғалімі: Шакеева Ақнұр

  2. Аты – жөні: Шакеева Ақнұр Жарасқызы Білімі: жоғары Мамандығы: география пәні мұғалімі Жұмыс өтілі: 16 жыл Санаты: 2

  3. Шығармашылық тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

  4. Мақсаты: География пәнінде ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың алған білімдерін меңгерту, қызығушылығын арттыру, жан-жақты ойларын дамыту, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру және іскерлігімен танымдық белсенділігін арттыру.

  5. Пәнде ойын элементтерін пайдаланудың маңызы Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерінің белгілі мөлшерін тез әрі жеңіл қабылдауына көмектеседі. Географияны оқыту әдістемесінде мақсатқа жеңіл жетудің көптеген тәсілдері бар. Ең көп тарағаны – ойын сабақ. Ойынды тиімді тәсіл ретінде қолдану тарихы тереңге кеткен. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер – ойын, оқу және еңбек. Дегенмен, жас жеткіншек үшін ойын – ең маңызды іс-әрекеттің бірі. Баланың ойын тәжірибесінде баланы көңілдендіреді. Қимыл ойындарында өзінің ептілік істеріне масайрайды. Ойын үстінде баланың сана сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып сөйлеу тілі дамиды. “Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар”, - дейді профессор В.М. Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады. Ойын сабақтың басында, не ортасында, болмаса сабақ соңында қолдануға болады. Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, белсенділік қабілетін арттыру. Егер ойын сабақ ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың шаршап – шалдығуына жол бермеу, көңіл – күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын үстемелеу. Ойын сабақтың соңында қолданса оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де пайдаланады. Огйын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі. Көптеген ойын түрлері балалар денесін шынықтырып, жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Икемділік, сергектілік, күш-қабілетін толықтыратын болса, мақал-мәтелдер, викториналық қызықты сұрақтар, ребустар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету ой – санаға лайықты ету ойыншының өз қолында.

  6. Ойындар – балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі ОЙЫН Ойындар сабақ Мазмұнына сәйкес Алынып, жеке және топтық Жұмыстар жүргізуде алға Қойған мақсатқа жеткізіп, Нақты қорытынды Алуға көмектеседі Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы – құрдастарымен қарым – Қатынас жасауға үйренеді

  7. 3 4 5 6 1 2 Кубизм стратегиясы Шарты: кубикті айналдырып, түскен санына қарай интерактивті тақтада, қалташалардағы сұрақтарға жауап береміз Гидросфераның бөліктерін ата? Су қабығы қалай аталады? Табиғатта су неше күйде болады? Бұлттардан мұхитқа, құрлыққа да жауын шашын жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Бұл қай су айналымына жатады? Дүниежүзілік су айналымының түрлерін ата? Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін қалай атаймыз?

  8. "Күн шуақ" ойыны Шарты: аспанды бұлт жауып тұр, бұлттардың артында өтілген сабақтарға байланысты, сұрақтар мен жұмбақтар берілген, міне біз берілген тапсырмаларды орындау арқылы күннің нұрын, сәулесін ашамыз Қазақтың тұңғыш географ ғалымы Мұз бен от елі аталған ел Солтүстік жарты шар материктерін ата Ауа температусарын өлшейтін құрал Ең алғаш географиялық картаны жасаған кім? Кең байтақ су, ішуге болмайды Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қонады Бір түкті кілем, бір түксіз кілем Климат дегеніміз не? Жер қыртысы неше бөліктен тұрады

  9. Сандар сөйлейді • Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, сандардың қасына орналастыру • 510млн.км2 – • 361млн.км2 – • 149млн.км2 – • 180млн.км2- • 92млн км2- • 75млн км2- • 14млн км2- • 11022м – • 8742м – • 7729м – • 5527 м- • Бүкіл жербетінің жалпы ауданы, құрлық бетінің ауданы, мұхиттардың жалпы ауданы, Атлант мұхитының көлемі, Тынық мұхитының көлемі, Солтүстік мұзды мұхитының көлемі, Үнді мұхитының көлемі, тынық мұхиттың терең жері, Солтүстік мұзды мұхиттың терең жері, атлант мұхитының ең терең жері, Үнді мұхитының терең жері.

  10. "Сен білесіңбе?" айдары • Шарты: жасырылған ребустарды шешу. • Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел?

  11. Солтүстік мұзды мұхиты алабына жататын Еуразия материгінің өзені шығады.

  12. Іле өзеніне құятын Евразия материгінің көлі шығады.

  13. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

  14. Орамалды әйел – ана бейнесінде қандай ел бейнеленген?

  15. Ішкі тұйық алапқа жататын Каспий теңізіне келіп құятын еуразия материгінің өзені шығады.

  16. "Бәйге" ойыны Шарты: Викториналық қызықты сұрақтар. 1. Карзинада 5 алма бар екен, оны 5 балаға тарқатқанда, корзинада 1 алма қалыпты. Ол неліктен? 2. Бір кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма? 3. Жаңбыр құйып тұр, қарлығаш қандай ағашқа қонады? 4. Дем алады, өседі, бірақ жүре алмайды. 5. Үш түйеқұс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсіреді, ал аспанда неше құс қалады? 6. Қандай су жәндігі ит пен балықтан тұрады. 7. Қанаты бар, ұшпайды, аяғы жоқ бірақ жеткізбейді. 8. Теңізден қандай тас табылмайды. 9. Айтыңдаршы ал енді, тундрасы бар елді? 10. Айтыңдаршы ал енді, королевасы бар елді? 11. Айтыңдаршы ал енді, темір жолы жоқ елді? 12. Айтыңдаршы ал енді, маралдары бар елді? 13. Айтыңдаршы ал енді, қодастары бар елді? 14. Айтыңдаршы ал енді, шәй мен пілі бар елді? 15. Айтыңдаршы ал енді, хош иіс пен сән орталығы бар елді? 16. Айтыңдаршы ал енді, 4 аралда орналасқан күншығыс елді? 17. Айтыңдаршы ал енді, ұлы қорғаны бар елді?

  17. “Ой қозғау” ойыны Шарты: Сөз құрау • Литосфера ..................ит, арал • Атмосфера ................. ат, ферма • Гидросфера .................ер, ара

  18. Жаңа сабақ Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

  19. География 6 сыныптар Сабақтың тақырыбы: §39 Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Сабақтың білімділік мақсаты: Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру және іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру. Картамен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, жолдастарына көмек беру, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, мұхит пен құрлық аудандарының ара қатынасын көрсететін тірек – сызба, интерактивті тақта. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ Сабақтың өткізу әдісі: Сұрақ – жауап, ойын түрінде. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушыларды түгелдеу б) оқу құралдарын түгелдеу

  20. 3 4 5 6 1 2 Үй тапсырмасы: Кубизм стратегиясы Шарты: кубикті айналдырып, түскен санына қарай интерактивті тақтада, қалташалардағы сұрақтарға жауап береміз Гидросфераның бөліктерін ата? Су қабығы қалай аталады? Табиғатта су неше күйде болады? Бұлттардан мұхитқа, құрлыққа да жауын шашын жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Бұл қай су айналымына жатады? Дүниежүзілік су айналымының түрлерін ата? Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін қалай атаймыз?

  21. "Күн шуақ" ойыны Шарты: аспанды бұлт жауып тұр, бұлттардың артында өтілген сабақтарға байланысты, сұрақтар мен жұмбақтар берілген, міне біз берілген тапсырмаларды орындау арқылы күннің нұрын, сәулесін ашамыз Қазақтың тұңғыш географ ғалымы Мұз бен от елі аталған ел Солтүстік жарты шар материктерін ата Ауа температусарын өлшейтін құрал Ең алғаш географиялық картаны жасаған кім? Кең байтақ су, ішуге болмайды Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қонады Бір түкті кілем, бір түксіз кілем Климат дегеніміз не? Жер қыртысы неше бөліктен тұрады

  22. Жаңа сабақ төмендегі жоспар бойынша меңгертіледі. • Дүниежүзілік мұхит • Материктер мен континенттер • Аралдар • Түбектер • Мұхит бөліктері • Теңіздер: ішкі , шеткі. • Шығанақтар • Бұғаздар

  23. су құрлық су су • Дүниежүзілік мұхиттар - Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістігі. • Бүкіл жер бетінің жалпы ауданы - 510 млн км • Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне - ¾ бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. • Материктер мен континенттер - мұхиттар мен теңіздер қоршап • жатқан құрлық жер. • Материктердің үлесіне - 149 млн км2 тиеді. • Материкте - :Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида.

  24. Тынық мұхит - Жер шарындағы ең үлкені ,жалпы көлемі 180 млн км2 әрі ең тереңі 11022 метр Мариан шұңғымасы. Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап, Еуразияның Шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. • Атлант мұхиты - Үлкендігі жөнінен Тынық мұхиттан 2 есе кіші. Жалпы ауданы 92 млн км2. Ең терең жері Пуэрто – Рико 8742 метр.Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Атлант мұхит Оңтүстік полярлық аймаққа дейін аймаққа дейін созылып жатыр. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір бірімен жалғастыратын кеме жолдары өтеді. • Үнді мұхиты - Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. Бұл ең жылы мұхит. Жалпы ауданы 75 млн км2. Ең терең шұңғымасы Зонд 7729 метр.

  25. Солтүстік Мұзды мұхиты - Мұхиттардың ішіндегі ең кішісі. Оның жалпы көлемі 14 млн км2. Ең терең жері Греланд теңізі 5527 метр. Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеседі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. • Аралдар - Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі. • Оларға: Гренландия, Тасмания, Мадагаскар, Шри-ланка, Исландия. • Түбектер - Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі. Оларға: Арабия, Апенин, Лабрадор, Үндістан, Үнді Қытай. • Мұхит бөліктері - Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар. • Теңіздер - Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлара дүниесі жөнінен ерекшеленіп тұратын бөлігі. • Ішкі теңіздер - Материкке сұғына еніп жататын теңіздер. Оларға: Қара теңіз, Жерорта теңізі, Азов теңізі, Қызыл теңіз. • Шеткі теңіздер - Еуразия жағалауындағы теңіздер жатады. Оларға: Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай. • Шығанақтар - Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Оларға: Гудзон, Мексика, Парсы, Бенгал, Гвинея. • Бұғаздар - Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Оларға: Дрейк, Мозамбик, Гибралтар, Ла-манш .

  26. Атлант мұхиты Үнді мұхиты Солтүстік Мұзды мұхиты Аралдар Түбектер Мұхит бөліктері Теңіздер Үлкендігі жөнінен Тынық мұхиттан 2 есе кіші. Жалпы ауданы 92 млн км2. Ең терең жері Пуэрто – Рико 8742 метр. Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Атлант мұхит Оңтүстік полярлық аймаққа дейін аймаққа дейін созылып жатыр. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір бірімен жалғастыратын кеме жолдары өтеді. Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. Бұл ең жылы мұхит. Жалпы ауданы 75 млн км2. Ең терең шұңғымасы Зонд 7729 метр. Мұхиттардың ішіндегі ең кішісі. Оның жалпы көлемі 14 млн км2. Ең терең жері Греланд теңізі 5527 метр. Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеседі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі. Оларға: Гренландия, Тасмания, Мадагаскар, Шри-ланка, Исландия. Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі. Оларға: Арабия, Апенин, Лабрадор, Үндістан, Үнді Қытай. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар. Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлара дүниесі жөнінен ерекшеленіп тұратын бөлігі. Дүниежүзілік мұхит Бүкіл жер бетінің жалпы ауданы Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне Материктер мен континенттер Материктердің үлесіне Материктер: Тынық мұхит Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістігі. 510 млн км 2 ¾ бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер. 149 млн км2 тиеді. Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Жер шарындағы ең үлкені ,жалпы көлемі 180 млн км2 әрі ең тереңі 11022 метр Мариан шұңғымасы. Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап, Еуразияның Шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр.

  27. Ішкі теңіздер Шеткі теңіздер Шығанақтар Бұғаздар Материкке сұғына еніп жататын теңіздер. Оларға: Қара теңіз, Жерорта теңізі, Азов теңізі, Қызыл теңіз. Еуразия жағалауындағы теңіздер жатады. Оларға: Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай. Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Оларға: Гудзон, Мексика, Парсы, Бенгал, Гвинея. Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Оларға: Дрейк, Мозамбик, Гибралтар, Ла-манш .

  28. ІV. Жаңа сабақты мына тапсырмалар арқылы бекітеміз. • а) Сандар сөйлейді. • Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, сандардың қасына орналастыру. • 510 млн .км2 – • 361 млн .км2 – • 149 млн .км2 – • 180 млн .км2 – • 92 млн .км2 – • 75 млн .км2 – • 14 млн .км2 - • 11022 м – • 8742 м - • 7729 м – • 5527 м – • Бүкіл Жер бетінің жалпы ауданы, құрлық бетінің ауданы, мұхиттардың жалпы ауданы, Атлант мұхитының көлемі, Тынық мұхитының көлемі, Солтүстік Мұзды мұхитының көлемі, Үнді мұхитының көлемі, Тынық мұхиттың ең терең жері, Солтүстік мұзды мұхиттың ең терең жері, Атлант мұхитының ең терең жері, Үнді мұхитының ең терең жері.

  29. Ойлан, тап! Шарты: Адасқан обьектілерді орындарына орналастыру. Қаратеңіз Гренландия аралы Беринг бұғазы Оңтүстік америка материгі Жерорта теңізі Үндістан түбегі Бенгал шығанағы Дрейк бұғазы Арабия түбегі

  30. “Мағынасын тап” ойыны. Географиялық диктант. Шарты: Нүктелердің орнына тиісті сөздерін қойып, жазу. • 1. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістігі........................... деп аталады. • 2. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер.................. деп аталады. • 3. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі ............... деп атайды • 4. Құрлықтың су кеңістігінен терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін ..................... • деп атайды. • 5. Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен ерекшеленіп тұратын бөлігін ................... деп атайды. • 6. Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігін • ............................. деп атайды. • 7.Екі жағынан материктердің немесе араладардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдынын ......................... деп атайды.

  31. Үйге тапсырма: §39 Дүниежүзілік мұхит және дүние бөліктері. Дәптерге 68- суретті салу. Кескін картаға мұхиттар, материктер, теңіздер, аралдар, шығанақтар, түбектер, бұғаздарды түсіріп келу.

  32. Түркістан қалалық білім бөлімі №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектеп Ашық сабақ Тақырыбы: “Адамдардың суды пайдалануы. Суды қорғау.” №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектептің жаратылыстану пәні мұғалімі: Шакеева Ақнұр

  33. Жаратылыстану 5 - сыныптар Сабақтың тақырыбы: Адамдардың суды пайдалануы. Суды қорғау. Сабақтың білімділік мақсаты: Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру және іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, жолдастарына көмек беру, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзі жарты шарларының физикалық картасы, плакаттар, интерактивтік тақта, күн шуақ ойынына арналған бұлттары бар портрет. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ Сабақтың өткізу әдісі: Сұрақ – жауап, ойын түрінде. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушыларды түгелдеу б) оқу құралдарын түгелдеу

  34. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру А) “Күн шуақ” ойыны Жұмсақ жылы сәулемен Сипап жерді күн күлер. Періштем деп айналып Алтын ана күн жүрер – деп Мағжан атамыз жырлағандай біз бүгінгі сабағымызды Күн шуақ ойынымен бастаймыз. Бұл ойынның шартында аспанда бұлт жауып тұр. Бұлттың артында өтілген сабақтарға байланысты сұрақтар мен жұмбақтар берілді. Міне біз берілген тапсырмаларды орындау арқылы күннің нұрын, сәулесін ашамыз. Мұхит суының тұздылығын қандай көрсеткішпен өлшейді Жер экваторының ұзындылығы “Планета” қандай мағына береді. Балдырлардың атымен аталатын Атлант мұхитындағы орналасқан теңіз Көлігі жоқ көшеді, өзін кезбе деседі Ең жарық ғаламшарды ата Ең жылдам өсімдікті ата Бір түкті кілем, бір түксіз кілем Айда тек суық пен өткір күн сәулесінен қорғайтын арнаулы киім Жер шарында неше теңіз бар?

  35. Б) Географиялық картамен жұмысОйын “Ең, ең, ең ....” • Ең ұзын өзен?Ең терең көл?Ең ұзын тау?Ең суы мол өзен?Ең үлкен түбек?Ең биік шың?Ең ыстық материк?Ең ежелгі тау?Ең үлкен мұхит?Ең терең шұңғыма?Ең лас теңіз?Ең кіші материк?

  36. Жаңа сабақ Жаңа сабақ төмендегі жоспар бойынша бекітіледі: • Жер шары суы • Судың қасиеттері • Тұщы су алу проблемасы • Судың пайдаланылуы.

  37. су құрлық су су 1. Жер шары суы Біздің ғаламшардың басым бөлігі, яғни 4/3 немесе 361млн км2 Жердегі барлық су жиналып, біртұтас су қабығы гидросфераны құрайды. Оған мұхиттар мен теңіздер жатады, сонымен қатар құрлықтағы сулар, мұздықтар, көлдер, батпақтар, жер асты сулары, жасанды су қоймалары да кіреді.

  38. Иіссіз Дәмсіз Су Жылу сақтағыш Мөлдір Еріткіш 2. Судың қасиеттері “Су! Сенің не дәмің жоқ, не түсің жоқ, не иісің жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, сенің қандай екеніңді білместен, сенімен шөл қандырады! Сені өмір сүруге қажетті деуге болмайды, өйткені сенің өзің өмірсің. Сен әлемдегі ең басты байлықсың”!

  39. Қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ол жаз мезгілінде салқын әкеледі. • Су көптеген заттарды ерітеді • Су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар теңіз және алып өзен алқаптарын тудырады. • Су – тірі ағзалардың құрамды бөлігі • өсімдіктер салмағының 80-99% су. • Жануарлар салмағының 75% су. • Адамдар салмағының 65%судан тұрады

  40. 3. Тұщы су алу проблемасы. Тұщы су баға жетпес байлық. Тұщы су - 2% Тұзды су 98% Дүние жүзінің көптеген елдерінде және республикасындағы Каспий маңы, Орталық Қазақстан жерінде тұщы су тапшы. Сондықтан тұщы сумен қамтамасыз ету жолдары іздестірілуде. Дүние жүзінде ең бірінші болып теңіз суын тазартатын атом электр станциясы Ақтау қаласында салынған. Ол қазір қаланы тұщы сумен толық қамтамасыз етіп отыр. Таза судың азаюы табиғаттағы су көздерінің (бұлақ, өзен, көл) зауыт, фабрика, тұрмыстық мекемелер пайдаланған лас сулар және ауыл шаруашылығында пайдаланатын тыңайтқыштар мен химикаттардың қосылуына байланысты. Әсіресе өнеркәсібі жақсы дамыған халқы жиі қоныстанған Еуропа мемлекеттері тұщы суға зәру. Теңіз суының бір литрі 35грамм тұз болады, ол суға ащы дәм береді, ішуге жарамсыз болады.

  41. Өнеркәсіпте Қоғамдық ғимараттарда Ауыл шаруашылығында Су Ғылым мен техникада Күнделікті тұрмыста Тұрғын үйлерде 4. Судың пайдаланылуы Әрбір адам тәулігіне 18-20литр су пайдаланса, дамыған елдерде әр адамға 200-400 литр су кетеді. Судың пайдасы: Су шөлдетпейді, қарын ашырмайды, дәрі-дәрмек су арқылы жасалады, сусыз құрылыс салынбайды, сусыз нан иленбейді, сусыз тазалық жоқ. Судың зияны: ауру туғызады, тұншықтырады, ағызады, тасиды, сел тасқын болады. Лас қайнамаған судан мынандай аурулар пайда болады: ішек құрт, іш сүзегі, тырысқақ. Қорыта келгенде: біз қандай да бір затты, отынды басқа нәрсемен ауыстыра аламыз, ал суды ештеңемен ауыстыра алмаймыз. Адам тамақсыз, киімсіз, баспанасыз тіршілік ете алады, сусыз ұзақ уақытқа шыдамайды. Судың адам өміріне маңызы зор.

  42. 5. Бекіту сұрақтарыА) “Ой қозғау” ойыны Шарты: интерактивті тақтаға ручкасымен судың қасиеттерін және пайдаланылуын жазу керек. Судың қасиеттері Пайдаланылуы

  43. Б) “Сен білесіңбе?” ойыны Шарты: Адасқан обьектілердің орнын тап. Лас, қайнамаған судан пайда болатын аурулар Судың пайдасы Судың зияны Шөлдетпейді, қарын ашырмайды, ауру туғызады, тұншықтырады, ішек құрт, сусыз нан иленбейді, ағызады, іш сүзегі, құрылыс салынбайды, дәрі-дәрмек су арқылы жасалады, тасиды, сел, тасқын болады, сусыз тазалық жоқ, тырысқақ.

  44. 6. Үйге тапсырма Ата – бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, сабамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Суға байланысты қанатты сөздер мен ырым сөздерді жинастырып келу. Адамдардың суды пайдалануы, суды қорғау, §21 оқып келу.

  45. Түркістан қалалық білім бөлімі №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектеп Сайыс сабақ Тақырыбы: “Көңілді тапқырлар отауы.” №12 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектептің география пәні мұғалімі: Шакеева Ақнұр

  46. География пәні Сабақтың тақырыбы: “Көңілді тапқырлар отауы”. Сабақтың мақсаты: Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру және іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру. Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың Еуразия материгі туралы түсінігін қорытындылау, өткен білімдерін байқау, материалды сапалы қамтамасыз ету. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, жолдастарына көмек беру, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Карта, атластар, плакат, нақыл сөздер, ребустар, кескін карта, үлестірмелер, сөзжұмбақтар. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың өткізу әдісі: Сұрақ – жауап, ойын түрінде. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушыларды түгелдеу б) оқу құралдарын түгелдеу. в) Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзінен басталады. Құрметті оқушылар мен ұстаздар! География сабағында ойын элементтерін пайдалана отырып, өтілген тапсырмалар мен “Еуразия материгі” тақырыбын қайталауға арналған. “Көңілді тапқыштар отауы” атты сайыс сабағына қош келдіңіздер! Әнұран. Ұйымдастыру бөлімінде оқушылар 3 топқа бөлінеді. Ойынның ережелерімен, жоспарымен таныс болыңыздар. Сайыс 10 турдан тұрады. Ескерту. Сайыс бастамас бұрын әділ қазылар алқасы құрылады. Олар әрбір жарыс сайын әр топтың бағаларын беріп отырады.

  47. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру • А) “Тіркеу” шарты: • Әр топ өз тобының атын, төсбелгісін, газетін қорғайды да, жарысқа топтарын тіркейді. • Осынау дүбірімен күй ақтарған, • Бәйгеден озып келу сияқты арман. • Туған ел үшін үміт үзбей қарап отыр, • Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан. • Алдағы бір баратын бағыт анық, • Сәйгүлік екеніңді тағы таныт. • Бәйгеде аттың басын тартпас болар, • Ал енді тізгіндерді ағыталық. • Жұмсақ жылы сәулемен • Сипап жерді күн күлер • Періштем деп айналып • Алтын ана күн жүрер. – деп Мағжан атамыз жырлағандай.

More Related