70 likes | 379 Views
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МӨЖ Студенттерде ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Орындаған: Ш.М. Рахимова 6М072800- “Өңдеу өндірісерінің технологиясы”.
E N D
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІМӨЖСтуденттерде ғылыми дүниетанымды қалыптастыру Орындаған: Ш.М. Рахимова 6М072800- “Өңдеу өндірісерінің технологиясы”
Ғылымды психологиялық тұрғыдан талқылау ғылымының адамзат ойының жемісі екенін түсінуден басталады. Ғылымның түп тамыры мотивтерінде, оның мақсаттары – адамның мақсаттары, оны адам жасаған, ол адамның күшімен жаңарады және іске асады. Ғылымның заңдылықтары оның көмегімен зерттелген шындықтан ғана емес және осы зерттеуді жүргізетін адам табиғатынан да туындайды. Әсіресе клиникалық тәжірибесі бар психологтарды толғандырып жүрген кез келген нақты тақырыптарды ашуда, сол адамдардың абстракциясына немесе тек ғылымға ғана емес, ғалымдарға жүгінеді. Осы тарауда біз ғылымның, психология көзімен қарағанда, адам ойының алғашқы жемістерінің бірі деген фактінің кейбір маңызды салдарларына тоқталғымыз келеді. Адамды жан-жақты етіп тәрбилеу білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырып дүние танымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты. Ғылыми көзқарас, дүниетаным жеке адамға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіншілік береді, сонымен қоса оған объективті баға беруге мүмкіншілік жасайды. Осының бәрі дүниетанымның қажетті қызметі: бағыттаушылық, хабарлау-айқындау, бағалаушылық.
Мұндай сапасы арқылы ол көптеген көрсеткіштің маңызды цементтеуші жүрек жарды негіздері идеялық, ғылыми және адамгершілік – эстетикалық дамуын қалыптастырып, ынтасын, күресте мұқалмауын қоғамның гуманитарлық идеалын жүзеге асыру үшін күреседі. Тарихта мұндай иілмейтін тұрақтылығымен белгілі адамдар бар. Италияның ұлы ғалымы Галилео Галилей – «А все же она вертится ...» - «Бәрі бір ол айналады» деген көзқарасынан қайтпаса, Поляктың аса көрнекті астрономы Николай Коперник өзініңі гелиоцентристік идеясынан қуғын сүргінмен қорлауға қарамай бас тартпаған. Бұған орыс демократы Н.Г.Чернышевскийдің, Отан соғысының қаһарманы Д.М.Карбышевтің табандылығын қосуға болады. Халқымыздың күрескер ұлдары Кенесары, Махамбет пен Исатай бастаған азаттық қозғалысы, желтоқсанның қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі, Отан қорғау соғысында Бауыржан Момышұлының, Қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгі-өнеге боларлық тағылымдар. Дүниетаным адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік поэзиясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеттерінің тірегі, көрсеткіші. Сондықтан оны қоғам құрметтеп, зор баға береді.
Дүниетаным деген сөздің маңызына көз жіберсек, оның адам мінездемесінде атқаратын негізгі орнына маңыз бере қарасақ, оның лексикалық құрылымына көңіл аударсақта жеткілікті. Ол екі сөзден түзілген: дүние және таным. Осыны ой елегінен өткізсек, дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі, қоршаған ортаға оның көзқарасы, дүние және сол дүниеден оның алатын орыны. Осыған орай ғылыми дүниетанымның, құрылымдық компоненттерінің төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді. Олар: ғылыми білім жүйесі, сенім, адам мұраты, дүниетану... . Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірбиесі. Білім арқылы адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім адамды қалыптастырудың және дүниені танып білуінің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылдаудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады. Сондықтан жеке адамға қаратып айналған ескертпе сөздерді «сенімінде ғылыми база болсын» дейтін пікір кездеседі. Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, пайымдау арқылы ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдайы пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе, екіншісі адамды жаратушы Алла деген тұжырым жасайды – мұны діни пікір дейді.
Дүниетанымдылық білімін студенттер дене және ақыл – ой күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игереді. К.Д.Ушинский «Әрбір сынып ең төменгі сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек... әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетілуі, кеңейтіп толықтырылуы тиіс», - деп жазады. Сенім терең, тиянақты ойланып қорытылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның, бойына нық орнап, қалыптасқан өмірлік поэзиясы, оның беріктігін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идеялардың ішінен сенімін тауып алу, шындықты терең танудың негізі, соны берік ұстау. Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адамның жоғары мұрат мақсаттары, өмірде ілгері ұмтылушылық, талаптанушылығы. Біздің бүгінгі жағдайда әлеуметтік өмір қажеттігі жеке бастың өз мүмкіншілігін айқын сезініп әрекет арқылы алдына қойған биік мақсатқа қол жеткізу. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі факторлар микроорта мен тәрбие, ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Әрине әр адамның өмірге өз көзқарасы болады. Ол оны табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасы арқылы көрінеді. Оның сапалығы өмірлік тәжірибесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады.
Бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалар қандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек? Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны, тереңдігі оларды студенттерге түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда студенттерді жас ерекшелігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған. Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріне, олардың алатын орны туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Олар Отан, халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді. Ү-ІХ сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге еңбек оған көзқарастары қалыптасады, праволклық санасы, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірмен байланысы қалыптасады. Жоғары мектеп студентері табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуге, әділетті, адал болуға тырысады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Дьяченко М.И. и др. Психология высшей школы Минск, 2006 2. Ольшанский Д.В. Новая педагогическая психология М., 2002 3. Семенова Е.М. Советы психолога учителю М., 2005