1 / 32

Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектеп. Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану. Дайындаған: І санатты тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна.

Download Presentation

Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектеп Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану Дайындаған: І санатты тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна

  2. Педагогикалық технология – оқу – тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент). Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін – өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға  қажетті  объективті  әдістемелікмүмкіндіктерін қамтиды.

  3. 1 – 11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады. Бастауыш мектеп: • дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин); • дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев); • түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова); • нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау; • іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков); • оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев); • ойын әдістемесі және оны қабылдау; • М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау. Орта буын: • проблемалық оқыту; • іздену, зерттеу әдістері; • топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин); • оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко); • нәтижелі технологиялар; • тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов); • өзіндік жұмыс әдістері; • бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз); • оқытудьщ коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық); • дискуссиялық әдіс; • дидактикалық ойындар. Жоғары сыныптар: • оқытудың   вариативті   элементтерін өз еркімен таңдау; • өзіндік жұмыстың әдістемесі; • іздену, зерттеу әдістері; • нәтижелі технология, жобалау әдісі; • даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін қабылдау (М.А.Балабан); • оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар; • "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер); • бағдарламалы оқыту; • әлеуметтік – педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар; • профильді жәнекәсіптікбағдарбереотырып оқыту; • тірек конспектісін қолдану; • диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту; • модульдік технология; • семинар-сынақ түрлері; • өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).

  4. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. • Қазіргі мұғалім: • - Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; • - Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; • - Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; • - Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; • - Білімді, іскер, шебер болу керек. • Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. • Қазіргі оқушы: • - Дүниетаным қабілеті жоғары; • - Дарынды, өнерпаз; • - Іздемпаз, талапты; • - Өз алдына мақсат қоя білу керек.

  5. Қазіргі таңда Қазақстанның мыңдаған мектептері педогогика ғылымының докторы Ж.А.Қараевтың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында қолданып келеді. Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының басты ерекшелігі: Алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады. Технологияның ерекшеліктерін атап кететін болсақ: • білім, стандартына сай толық нәтиже береді; • мақсатты диагностикаға қарай ден қоюға және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді; • дидактикалық үрдістің тұтастығы; • оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.

  6. «Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы (СДО)»авторы Қараев Ж.А., п.ғ.д., профессор Кобдикова Ж.У., п.ғ.к., ББЖ КБАРИ директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары

  7. Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы Тәжірибеде нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы педагогикалықжүйе Дидактикалық процесс Әдістемелік жүйе Мақсат – өз бетінше оқу. Әдістері – зерттемелі. Ұйымдастырутүрі– көбінетоптық жұптық. Мазмұны– оқулықтардың жаңа теориясы. Оқыту құралы– электрондық оқулыќтар. Қызығушылық; Оқушылардың танымдылық іс – әрекеті; Болашақта оқушының өзін-өзі оқытуы.

  8. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын (профессор Ж.А.Қараев) жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс – әрекеттерін меңгертуге талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады, өз бетімен оқуына, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Осы технология әдісінің ерекшелігі – сабақ барысында оқушы бірнеше деңгейде жұмыс жасай алады. Бұл технологияның басты мақсаты оқушыларды жікке бөлуді болдырмау. Сабақта барлық оқушы оқу қабілетіне қарамастан жұмысты бірінші деңгейден бастайды және оны орындауға міндетті, одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Егер нашар оқитын оқушы берілген деңгейлік тапсырмаларды сабақта орындай алмай жатса, үйден орындауға беруге болады.

  9. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісінің құндылығы: • жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді; • оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесін де қолданылатын рейтинг ұпай жинау әдісіне баулиды; • Деңгейлік тапсырмалардың ұпай жинау әдісімен бағалануы, оқушының деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберілген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне талдау жасай алады. Оқушы келесі сабақтарда көбірек ұпай жинау мақсатында ізденіп, қосымша материалдардан білім жинайды. Оқушы төмен баға аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына қарай жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады.

  10. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісі пайдалану төмендегідей нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді: • оқушы оқу іс – әрекетін жоспарлауға, нәтижелерін өз беттерімен бағалауға белсене қатысады; • оқыту процесінде кері байланыс процесі жүзеге асырылады; • оқушы қабілеті мен бейімділігіне қарай білімін деңгейлеп көтеруге мүмкіндік алады; • оқу процесінде оқушының белсенділігі, өз бетімен танымдық қызмет атқаруы үшін ынталандыру процесі жүреді; • оқыту оқушылардың өзіндік іс – әрекеті мен тәжірибесі әркім үшін дара өткізіледі өйткені деңгейлік тапсырмаларды орындау жеке дара жүреді; • оқушылардың білімін бақылау тұрақты және жүйелі түрде әр түрлі диагностика түрлерін қолдану арқылы жүзеге асады.

  11. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісі дәстүрлі оқытудағы кейбір олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту әдісінде: • Жаңа тақырыпты өткенде мұғалім әрбір оқушының үй тапсырмасын орындағанда, оқу материалын қаншалықты дұрыс деңгейде түсініп, меңгергендігін байқамайды. • Әрбір оқушыны жеке тексере алмайды. • Сабақ барысында кері байланыс процесі болса да, мұғалім барлық оқушымен жұмыс жасап, қателерін түзетуге мүмкіндігі болмайды. • Қабілетті оқушылардың шығармашылық потенциалын одан әрі ашып дамытуға мүмкіндігі аз. • Оқушылар біліміндегі кейбір олқылықтарды жоюға уақыт жетпейді. • Барлық оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, білім алуға, білімін текскругем үйрете алмайды. • Оқушы оқу іс – әрекетінде қабілетіне қарай танымдық жұмыс жасай алмайды. • Ал «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісінде осы олқылықтарды жоюға көп көңіл бөлінген. Бұл технологияда белсенді роль оқушыға беріледі. Оқыту процесінің белсенділігі артады және оқушы өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға мол мүмкіндік алады.

  12. «Үшөлшемді әдістемелік жүйенің» оқушыға тигізетін маңызы өте зор. • оқушының білім сапасының көтерілуіне • шығармашылықпен жұмыс жасауына • өз қабілетіне, болашағына сенуіне, • ынталандыруға • оқушы мен оқытушының қарым-қатынас достығына • өз білімін өзі бағалай білуіне, баға әділдігіне • білім көтерудің әділ сайысына түсуіне мүмкіндік береді.

  13. Сабақтың жоспары 45 минутқа құрылады Сабақ жоспары 9 бөлімнен тұрады 9) нәтижені бағалау 8) мұғалімнің іс - әрекеті 7) оқушының іс - әрекеті • 6) құралдар 5) ұйымдастырутүрлері 4) әдіс - тәсілдер 3) мазмұны 2) әр кезеңдегі мақсаттары 1) тақырыпты меңгеру кезеңі

  14. Сабақ 3 кезеңнен тұрады І кезең– үй тапсырмасын тексеру (5-10 минут) І кезең тапсырмалары қайталауға арналады. Оқушылар бірін - бірі тексереді, үздік оқушы мен мұғалім тапсырмаларды + Белгісімен белгілейді, жұмыс дәптерін қолданады, үйде және сыныпта жиған ұпайларын мұғалімге хабарлайды, оны Мониторинге түсіреді, бағасын журналға қояды, оқушы тиісті бағасын алады, тек ауызша марапатталады, ескерту жасалады. • ІІ кезең - мұғалімнің басшылығымен • жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту • алгоритмі - (5 - 10 минут) • А) Жаңа тақырыпты өз бетімен • меңгеруге мүмкіндік туғызу (5 - 7 минут) • Ә/ мұғалімнің және үздік оқушылардың • Көмегімен тапсырмаларды орындап, • қорытынды шығару. • Б) алған қорытындыны қарапайым • мысалдармен бекіту. • 2. Оқушылар өздері топ-топқа бөлініп, • сұрақтар құрастырады. • 3. СТО және басқа да стратегияларды • Қолдануға болады. (диалог, пікірталас, • әңгімелесу) • 4. Ең нашар оқушыға дейін осы • тақырып бойынша минимум білім • алуын қамтамасыз етеді. ІІІ кезең - кері байланыс – Деңгейлік тапсырмалар (Сабақтың соңына дейін қалған 12 минутта әр оқушы І деңгейден бастап үлгергенше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы 3 минутында жинаған ұпайлары саналады, бағаланады.

  15. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі: • Міндетті деңгей. Репродуктивтік деңгей Өзіндік жұмыстарды қиналып орындайды. Ойлау дағдысы қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи факті, дата, тұлғаларды жаттап алады. Бұл тапсырманы кез –келген оқушы орындай алуы тиіс. • Алгоритмдік деңгей Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға тырысады. Мұғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама көлемін игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан. Мұнда оқушы мұғалімінің түсіндіріуімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды. • Эвристикалық деңгей Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, жауап береді.Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады. • Шығармашылық деңгей Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет.

  16. Оқытудың үш сатылы әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы 2050 Стандарттың мүмкіндік деңгейі 4-деңгей ІІІ –кезең (кері байланыс: тексеру, бақылау, БағаЛау) 3 - деңгей Стандарттың міндетті деңгейі 2 - деңгей 1 - деңгей ІІ –кезең; а) (жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуге мүмкіндік жасау), б) мұғалімнің көмегімен талдау, в)жаңа тақырыпты бекіту І -кезең (Ә.б.н .-жаңа тақырыпқа негіз болатын өткен материалдардан қайталау тапсырмалары. Үйден орындап келеді)

  17. ІІІ деңгей- “Қорытындылау, түйсіну, бағалау” мақсаттары көзделеді.1 тапсырма беріліп, ішінары іздену, зерттеу, анализ, синтез, салыстыру. Көрнекіліктер, компьютер қолдануға болады. Үздік оқушы айналасындағыларға көмектеседі. Өзін-өзі тексеріп, бақылап, басқаруға үйрене бастайды. Әр тақырыптың бағалары қорытынды ұпай санына сәйкес келесі сабақтың басында журналға қойылып отырады. Үйде жалғастырып орындағаннан кейін барлық 12 ұпай жинаса, журналға “5” қойылады. Келесі шығармашылық Деңгейдің нәтижесі “5”-тен жоғары деп есептеледі. І деңгей-“Танып - білу” мақсаты бойынша – ережелерді білу, үлгі бойынша тапсырма орынау. А) барлық оқушы орындауға міндетті, үздік оқушылар автомат - зачет алуға құқылы. Мұғалімнің өзі тексереді, түзету енгізеді, ең нашар осы деңгейді орындауға міндетті. Нәтижесі “есептелді”, ”есептелмеді” бағалау арқылы екіліксіз оқуға кепілдік беріледі. Зачет алған келесі деңгейге көшеді. ІІ деңгей-“Түсініп, пайдалану, талдау”мақсаты бойынша – өзгертілген жағдайда берілген тапсырмалар. Яғни санның сапаға ауысу қағидасы сақталады. Оқушылар бірін - бірі тексеріп + пен белгілейді, бір - біріне көмектеседі, әр оқушы өз ұпайын өзі санайды.

  18. Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен, әр деңгейлік оқыту жүйесінің тарих пәнінің сапасын арттырумен бірқатар тиімді жақтар бар. Біріншіден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін – өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез – құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге, өздік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының іздемпаздылығы, шығармашылығы дамиды.

  19. Үлгі: Қазақстан тарихы 7 – сынып Модуль №1 Тақырыбы: Түркеш қағанатының құрылуы І – деңгей • Түркеш қағанаты ________________________________________________ • Түркеш қағанатының орталығы ____________________________________ • Түркештер туралы алғашқа дерек ___________________________________ • Түркеш тайпалары VІ ғ қай аймақта мекендеген ______________________ • Түркештердің 2 түрін ата __________________________________________ ІІ – деңгей Тарихи ұғымдардың мәнін ашу • Күнгіт – • Үшлік – • Соғдылар – • Рубасы – • Семсер – • ІІІ – деңгей • І-тапсырма “Блиц турнир”ойыны • 715 – 738 ж • 704 – 766 ж • 603 ж • 630 ж • 704 ж

  20. ІІ-тапсырма “ Қас қағым сәт” • Түркеш қағанатының үлкен ордасы • А) Суяб В) Сығанақ С) Сарай Берке • Түркештің кіші ордасы • А) Жент В) Күнгіт С) Саудакент • Қағанат неше әкімшілік аймаққа бөлінген • А) 8 В) 10 С) 20 • Аймақтар қанша әскер жинады • А) 5 мың В) 7 мың С) 9 мың • Сұлу қағанның көшірген ордасы • А) Самарқан В) Мерке С) Тараз/Талас/ • ІV – деңгей • І – тапсырма Тарихи сынақхат • Түркештержәне мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен ________________________ ХІ –____ ғ өмір сүрген ғұлама ғалым_______________________ “соғдылардың ішінде _______________сөйлейтіндері жоқ“ деп жазды. • ІІ – тапсырма Түркештер туралы деректер жазу • _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  21. Оқушының даму мониторингі ____________________ сыныбы ___ 3 - деңгей «5» 2 - деңгей «4» 1 – деңгей «3» «сынақ»

  22. Қазақстан тарихы пәні бойынша VІІ сыныптың ашық журналы

  23. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын сабақта пайдалану: Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы: Ақсақ Темірдің басқыншылық жорықтары Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Оқушыларға Ақсақ Темірдің Азияға жасаған басқыншылық соғыстарын жан – жақты түсіндіру. • Дамытушылық:Ақсақ Темірдің қанды жорықтарын баяндаумен қоса А.Йасауиге кесене соқтыру арасындағы байланыстардың сырына үңілу. • Тәрбиелік:Ақсақ Темірдің басындағы қаныпезер көзқарастарынан түңілу. Батырлығы мен қайсарлығынан, тапқырлығынан үлгі алуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:аралас сабақ Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті Сабақтың барысы: • Ұйымдастыру кезеңі • Үй тапсырмасы • Жаңа сабақты меңгеру кезеңі • Жаңа сабақты бекіту • Үйге тапсырма ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар қою: • Моғолстандағы Тоғылық Темірдің хандығы • Әмір Темірдің Мауараннахрға шабуыл жасауы • Моғол мемлекетінің әлсіреуіне қандай жағдай себеп болды?

  24. ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі • «Жылдар, оқиғалар» (таблица жүйесі арқылы түсіндіру) • 2. Цифрлар сөйлейді (қас – қағым сәт) І – қатарға: • Шағатай ұрпағы Тоғылық Темір қашан Моғолстанның ханы болды? (1348ж) • Неше жасында хан болды? (16 жасында) • Тоғылық Темірдің баласы Ілияс Қожа Мауараннахрға хан болып қашан сайланды? (1360-1361жж) • Тоғылық Темір қашан қаза болды? (1361ж) • Әмір Темір мен Ілияс Қожа арасындағы «Батпақ шайқасы» қашан болды? (1372 ж. 22 маусым) • Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорығын қашан жасады? (1371-1372жж) • Ұрыс ханның ұлы Темір Мәлік Тоқтамысқа қашан шабуыл жасады? (1377) • Әмір Темір Тоқтамысты әскерін алғаш рет қай жылы талқандады? (1391ж. 18 маусым)

  25. ІІ – қатарға: • Тоқтамыс қашан өзін Ақ Орданың билеушісімін деп жариялады? (1380ж) • Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы соңғы жорығы қашан болды? (1395ж) • Әмір Темір Моғолстанға алғашқы әскерін қашан аттандырды? (1371 – 1372жж) • Әмір Темір Моғолстанға қанша рет шабуыл жасады? (10 рет /1371 – 1390 жж/) • Әмір Темір Моғолстанды талқандау үшін қолбасшы Сасы Бұғаны қашан жіберді? (1376ж) • Есенбұға қай жылдары Моғолстанның ханы болды? (1433 – 1462жж) • Жүніс Моғолстанның ханы болып қашан сайланды? (1462ж) • Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары? (1336 – 1405жж) ІІІ – қатарға: • Әмір Темір Мауараннахрды қанша жыл басқарды? (1370 – 1375жж) • Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қашан аттандырды? (1374 – 1375жж) • Тоқтамысқа неше рет әскер берді? (3 рет) • Ақ Орданың ханы Ұрыс хан қашан дүние салды? (1376ж) • Ұрыс ханның үлкен ұлы Тоқтамыс қашан қаза болды? (1397ж) • Әмір Темір Моғолстанды қашан біржола талқандады? (1380 ж) • Әмір Темір осы соғысқа қанша әскермен шықты? (120 мың) • Әмір Темір Отырар қаласында қашан қайтыс болды? (1405ж)

  26. 3. Топтастыру. (Кейіпкерлерге сипаттама беру)

  27. 4. Венн диаграммасы • Бес жолды өлең (Ахмет Йасауи) • Ахмет Йасауи • Ғұлама, білімді • Ойланады, толғанады, болжайды • Ұстазы бар ел озар • Кемеңгер ойшыл • Бес жолды өлең (Әмір Темір) • Әмір Темір • Батыр, қатыгез • Орындатады, қорытады, табындырады • Батырға оқ дарымайды • Қолбасшы • Бес жолды өлең (Тоқтамыс) • Тоқтамыс • Мансапқор, атаққұмар • Алдайды, арбайды, жалынады • Екіжүзділікті екі дүниеде кешірмейді • Шыңғыс ұрпағы • Сабақты қорыту. • Оқушыларды бағалау. • Үйге тапсырма беру.

  28. Сонымен, инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде   қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. • Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

  29. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

More Related