270 likes | 1.27k Views
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бекітілген ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтан. ҰБТ – ді өткізу қағидалары.
E N D
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бекітілген ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтан
ҰБТ – діөткізу қағидалары Қағидалар “Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27 шілдедегі заңының 5 – бабының 12 тармақшасына” сәйкес әзірленді. ҰБТ – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.
ҰБТ – ҰБТ –діөткізу пункттері базасындаөткізіледі ҰБТ өткізілуін үйлестіру үшін білім басқармалары базасындаштабтар құрылады Штаб – 1. ҰБТ-ны және апелляцияныөткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын 2. ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары 3. ҰБТ –ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдар және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.
ҰБТ өткізу үшін: ҰБТӨП –те мемлекеттік комиссиялау құрылады. МК өз жұмысында “Білім туралы”, “Мемлекеттік құпиялар туралы”, “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады. Мемлекеттік комиссия құрамында 5 адам болады. Әкімдік өкілдері ЖОО басшылары Білім басқармасы бастығы Құқық қорғау органы Қоғамдық ұйым Бұқаралық ақпарат құралдары өткізу хатшы
Мемлекеттік комиссия ҰБТ жұмыстарын түсіндіреді. Мектеп бітірушілерді ҰБТ-пунктіне жеткізуді ұйымдастырады. Медициналық қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етеді. Телекоммуникация байланысын қамтамасыз ету. Кезекшілер құрамын қалыптастырады,тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіп сақтаудыұйымдастырады. Ғимаратты тексереді. Дұрыс жауаптар коды,Емтихан ведомосынкөпшілік назарына іледі. Сертификат беру жұмыстарын ұйымдастырады. ҰБТ-ның өту барысы туралы Штабты хабардар етеді.
ҰБТ-ны тапсыру 1. Өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. 2. ҰБТ 1-15 маусым аралығында өткізіледі. 3. Тапсырма саны-25. 4. 3,5 сағат (210 минут). 5. Қайта тапсыра алмайды. 6. Апелляция ҰБТ өткен күннен кейінгі күні өткізіледі. 7. Апелляция уақыты 09.00-14.00 8. Апелляциялық комиссия өтінішті 1 күн ішінде қарайды.
Талапкер-2012 • Назар аударыңыз! • 1.Сұрақ кітапшасы қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, әдебиет, ағылшын тілі, неміс тілі және француз тілі тестілерінен тұрады. • 2.Тест сынағына берілетін уақыт-210 минут (3 сағат 30минут). • 3.Тест сынағына кез-келген пәннен бастауға болады. • 4.Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс. • 5.Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз. • 6.Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады. • 7.Жауап парағындағы көрсетілген секторды мұқият толтырыңыз. • 8.Тест сынағы біткен соң, сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет. • Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде • -аудиториядан рұқсатсыз шығуға; • -орын ауыстыруға; • -емтихан материалдарын ауыстыруға,көшіруге; • -тест мазмұнын және олардың дұрыс жауабын ашатын кодтар туралы мәліметтерді пайдалануға; • -ақпараттық мәліметтер, электронды жазба кітапшаларын, калькулятор, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға. • тыйым салынады. • Ескерту: • Егер,тестілеу уақытында бітірушіден шпаргалка, оқулықтар, оқыту-әдістемелік әдебиеттер мен мобильді байланыс құралдары (пейджер,ұялы телефон және т.б.) табылған жағдайда, Министрлік өкілі және аудитория кезекшісі мектеп бітірушінің қатысуымен «Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған мектеп бітірушіні аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы акт»жасайды. Министрлік өкілінің шешімімен мектеп бітіруші аудиториядан шығарылады және тест нәтижесі жойылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу қағидалары 1.Осы Ережелер жалпы орта білім беру ұйымдары түлектерін ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін белгілейді. 2.Ережелер меншік нысанына және ведомствалық бағыныстылығына,типтері мен түрлеріне қарамастан барлық жалпы орта білім беру ұйымдарына таралады. 3. Бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі ҰБТ)жалпы орта білім беру ұйымдары түлектерінің (бұдан әрі түлектер) мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау емтихандарын бірге өткізуді көздейді.ҰБТ-тың нәтижелерін жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік қорытынды аттестаттау ретінде,ал ЖОО мен колледждер қабылдау емтихандарының нәтижелері ретінде таниды
ҰБТ ұйымдастыру мен өткізу комиссиясы туралы 1.ҰБТ ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ өткізу пунктінде мемлекеттік комиссия құрылады. 2. МК құрамына маслихат пен әкімшілік өкілдері, облыстағы қаладағы жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық білім беру басқармасының басшысы, құқық қорғау мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар жоғары оқу орындарының,білім басқармаларының білікті қызметкері арасынан таңдалған хатшы кіреді .
3. Ереже бойынша МК-ның төрағасы болып оның базасында ҰБТӨП құрылған ұйымның басшысы (ЖОО ректоры ағайындалады. МК құрамы ҰБТ кезеңіне ЖОО және облыстық білім басқармасының ұсынысы негізінде ҰБТ басталуына 2 ай қалғанға дейін министрліктің бұйрығымен бекітіледі. 4. МК негізгі міндеті облыстың түлектерін ҰБТ дайындау мен өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. 5. МК қойылған міәндетті іске асыру үшін: 1) мектеп бітірушілерден ҰБТ-ге өтініш қаблдауды ұйымдастырады; 2) ҰБТ өткізу үшін қажетті жағдай жасайды; 3) ҰБТ аяқталған соң дұрыс жауап ілінеді және тестілеудің нәтижесін хабарлайды; 4) ҰБТ бойынша апелляциялық комиссия ұйымдастырылады; 5) ҰБТ сертификатын беру ұйымдастырады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу тәртібі 1. ҰБТ 5пәннен өткізіледі: төртеуі міндетті-қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, орыс тілі және мамандығына кәсіпті болып табылатын. 2. ҰБТ қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру түлектер өздері білім алған жалпы орта білім беру ұйымдарында жүргізіледі 3. Тестілеу ҰБТ ӨО-да 1 маусымнан 15 маусымға дейін өткізіледі. 4.ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде білім және тестілеудің мемлекеттік стандарты Ұлттық орталығы әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек. 5. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны- 25. 6. ҰБТ үш сағат 30 минут бөлінеді. ҰБТ қайта тапсырылуға рұқсат етілмейді 7. ҰБТ нәтижелері конкурстық комиссия үшін 125 баллдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес баллдық жүйе бойынша бағаланады. Баллды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілеген шкалаға сәйкес МК жүргізеді.
ҰБТ сертификатының балдарын аттестатқа ауыстыру шкаласы
Мектеп бітірушілердің таңдау пәні бойынша мәлімет
Мектеп бітірушілер тізімі 2011-2012 оқу жылы
Апелляциялық коммиссияның жұмысы туралы 1.Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушының құқығын қорғау мақсатында әрбір ҰБТ ӨО апелляциялық комиссия құрылады. 2. Апелляциялық комиссияның төрағасы министірдің бұйрығымен бекітіледі, ал оның құрамын жергілікті білім беру басқармасы органдары бекітеді. Апелляциялық комиссиясының құрамына МК мүшелерін енгізуге болмайды. 3 . Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, жинаған баллдардың сәйкестілігін тексереді,баллдар қосу туралы шешім қабылдайды және апеллияцияға өтініш берген тестілеуге қатынасушыны апелляцияның нәтижесімен хабардар етеді.
4.Апелляцияға берілетін өтініш апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және оны апелляциялық комиссия тәулік бойына қарайды. Өтінішті комиссия төрағасының атына арнайы бланкте тестілеуге қатысушының жеке өзі береді.Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ жіберу рұқсаттамасы болуы керек. 5. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссия төрағасы басқарады, ол жоқ кезде төраға орынбасары басқарады. 6 . Апелляциялық комиссияның шешімін комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылдайды. Егер дауыса тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болады. Комисияның жұмысы хаттамамен толтырылады, төрағаның және комиссия мүшелерінің қолдары қойылады. 7. Апелляция комиссиясының мәжіліс хаттамалары БТМСҰО бір жыл бойы сақталады. 8. ҰБТ өткізудің белгіленген тәртібінің және технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТ ӨО жіберілген министірліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
ҰБТ тапсырғандығы туралы құжаттар 1. ҰБТ тапсырған мектеп бітірушілерге беріледі:ҰБТ нәтижесі туралы сертификат; жалпы орта білімі туралы аттестат. Сертификат нысанын Министірлік бекітеді.Сертификат осы жылдың 31желтоқсанына дейін жарамды. 2. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ өткізген күннен бастап үш күн ішінде ҰБТ ӨО беріледі. Сертификатқа ҰБТ тапсырған әр пәннен жиналған балл қойылады . Сертификат МК төрағасы мен Министрліктің өкілі қолдарымен расталады және ҰБТ ӨО ұйымдастырған ЖОО немесе жергілікті білім басқармасының мөрімен бекітіледі. 3. Аттестатты түлектерге өздері оқыған мектептері тапсы- рады.Аттестатқа басқа бағалармен қатар ҰБТ алынған баға- лар да қойылады.
МектепбітірушілердіҰлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындау кестесі ТЕСТ
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аудиторияда тәртіп сақтау ережесі Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде мектеп бітірушілерге: • Аудиториядан рұқсатсыз және кезекшінің алып жүруінсіз шығуға ; • Орын ауыстыруға ; • Емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге ; • Тест мазмұнын және олардың дұрыс жауабын ашатын кодтар туралы • мәліметтерді пайдалануға ; • 5. Ақпараттық мәліметтер, электронды жазба кітапшаларын, калькуляторлар, • ұялы телефондар,пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын • қолдануға тыйым салынады.