1 / 15

Кіндігімнің жас қаны, Тамған жері ауылым. Шабытымның асқары, Жанған жері ауылым.

Мемлекеттік мекеме 13 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Скакова Зульфира Сатыбалдықызының баян – бейнесі. Кіндігімнің жас қаны, Тамған жері ауылым. Шабытымның асқары, Жанған жері ауылым.

solana
Download Presentation

Кіндігімнің жас қаны, Тамған жері ауылым. Шабытымның асқары, Жанған жері ауылым.

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Мемлекеттік мекеме 13 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Скакова Зульфира Сатыбалдықызының баян – бейнесі.

  2. Кіндігімнің жас қаны, Тамған жері ауылым. Шабытымның асқары, Жанған жері ауылым. Туған жерім: Өр Алтайдың төсінде, «МАХАББАТ ҰЯСЫ» атанған ақ қайыңдар саябағының етегінде орналасқан ауасы таза, табиғаты масатыдай құлпырған, жасыл желекті Көктерек ауылы, Үлкен Нарын ауданы. ... Менің ауылымнан талай белгілі адамдар түлеп ұшқан...

  3. Маған Өмір атты үлкен асу сыйлаған, мені дүниеге әкелген әкем мен шешем менің: - білімді болуыма - дүниетанымымның жоғары болуына - талғаммен киінуіме ерекше көңіл бөлетін. Әлі есімде олар мереке күндері міндетті түрде балаларына кітап сыйлағанды жақсы көретін. Осы қасиет менде әлі күнге дейін сақталған. Осы үшін мен оларға қарыздармын! Себебі, олар менің білім кеңістігіне жол ашушы алғашқы ұстаздарым.

  4. 1962 жылы 15 мамырда ауыл шетіндегі қараша үйде той болды. Дүниеге бақырайған көзі, пұшық мұрны бар сәби келді. Ауыл ақсақалдары құлағына 3 рет айқайлап ЗУЛЬФИРА деп атын қойды. Көршілеріміз татар ұлтынан еді. Сол көршінің Айгүл атты үлкен қызы менің атымды қойыпты. Өз ұлтымның жомарттығын осыдан көрдім...

  5. Мен қазақтың қызымын. Бойыма ұлттық салт-дәстүрді, қазақи тәрбиені сусындап өстім. Өйткені, мен ата мен апа тәрбиесін көріп, солардың айтқан ақылдары мен нақылдарын, ертегілері мен әңгімелерін естіп, солардан рухани нәр алған ерке де батыл, өжет қызбын. Апам маған үнемі: «Жазымыштан озмыш жоқ» - дейтін, осы мақалдың негізгі мағынасын өсе келе,ержете келе ұқтым.

  6. XІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» кітабында: «Білім кімде болса, сол білікті болады», - деген екен. Олай болса, адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін де білім. Ендеше осы білімнің арқасында ҮЗДІК ОҚУШЫ болып, ДАРЫНДЫ СТУДЕНТ атанып, ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ деген ҰЛЫ есімге жеткен сияқтымын. Ал осы есімге жету үшін артымда қаншама іздер қалды. Сол іздерден сіздерге де сыр шерткім келеді... Мұндағы менің мақсатым: Қазақстанның өзге елдермен тең тұғырлы мемлекет боларына сенімім мол. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, ол үшін тілін, дінін, туған жерін сүйе білетін ұрпақ тәрбиелеудегі өзімнің ешкімге елеусіз еңбек жолымды сіздерге арнамақпын...

  7. Мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Сондықтан болар бойымда әлі күнге дейін ұйымдастырушылық қасиет сақталған. Кезіндегі өзім болған: - мұғалімдер комсомол ұйымының хатшысы - вожатый - тәрбие жұмысын ұйымдастырушы - оқу ісінің меңгерушісі - бастауыш сыныптар меңгерушісі - директордың міндетін атқарушы лауазымдары соның айғағы.

  8. Мектепте өте жақсы оқыдым. Сыныптастарымның алды болдым. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, комсомол ұйымының секретары, өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы болдым. Сол кездегі Орталық Комитеттің (ВЛКСМ - БЛКЖО) «Үздік оқығаны үшін» атты куәлігі мен кеуде белгісіне (значок) ие болдым.

  9. Бірде күліп, бірде ойнап, жарасып, Біз өмірге жүруші едік бал ашып, Думаны мол студенттік кештер-ай, Таң атқанша ұйықтамайтын таласып. Жастық шақтың ең бір әдемі, ең бір әсерлі, ең бір қызықты, ең бір қиын (сессия) кездері ғой. Қайран кездер, алыста тек қана сағым болып қалған... Мен кезінде студенттердің ғылыми конференциясына қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алғам. Тақырыбым: «Рентген сәулелері». Республикалық конференцияға белгілі себептермен қатыса алғам жоқ.

  10. Арманымның өсу белесі, қиялымның қияға өрлеуі, мақсатымның орындалуы, ұстаздық жолымның басталуы – мәңгі естен кетпес күндер. Ол – менің мәңгілік көктемім, Ол - менің жалынды жастығым. Ол – менің бақытты күндерім, Ол – менің қызықты кездерім. Содан бері сағат тіліндей зымырап 22 жыл уақыт өтіпті...

  11. Мұғалім білім нәрімен сусындататын ұстаз ғана емес, ол-тәрбиеші. Оқушылар қайда барса, сен сонда барасың, олар не істесе сен соны істейсің. Әр уақытта солармен бірге болуың керек. Сол себепті, сен мәңгілік жассың, ешқашан қартаймайсың! Мүмкін сондықтан болар, олар сені әрқашан мақтан тұтады, тіптен сезімдерін де ұсынады...

  12. Менің ойымша, кез келген мұғалім үшін ең ыстық, ең қымбат оқушылары, алғашқы түлектері! Менің алғашқы түлектерім Талдықорған облысында қалған еді. Мен өзімнің алғашқы түлектерімді 18 жылдан соң іздеп бардым, олар қазір жанұялы адамдар, ата - ана. Бірақ мен үшін «АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШТАРЫМ»

  13. Мұғалім робот емес ол да адам ғой. Сондықтан ол да шаршайды, шалдығады... Бір уақыт қыдырғанды, демалғанды, сапарға шыққанды, достарына қонаққа барғанды жақсы көреді. Мына суреттер менің де сондай бір күндерімнен сыр шертеді...

  14. Мен эссе жазып, ашық сабақ өткізіп, портфолио көрсететін «Бәсекеге қабілетті XXІ ғасыр мұғалімі» ғана емес, кейде ұжым мұғалімдерімен сахна төріне шығып, өз өнерімді көпшілікке көрсете алатын жеке тұлғамын да...

  15. Талай ұрпақтың сағын сындырып, қапы қалдырып, біздің маңдайымызға бұйырған тәуелсіздік пен бостандық көзіміздің қарашағына айналғаны рас. Бүгінгі таңдағы төзім мен сабыр, ертеңге жетелеген үміт пен сенім, бойымыздағы кісілік пен біліктілік осы тәуелсіздікке қалай қызмет ететінімізге орай өлшенбекші. Себебі, біз осы тәуелсіздіктің арқасында бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылмақпыз. Ал мен өзімді «Бәсекеге қабілетті – XXІғасыр мұғалімі» бейнесінде көрсеттім деп ойлаймын... Дала жай, мамыражай қалыпта. Ауа тынық, үп еткен жел жоқ. Кеше ғана ақ көрпеге оранып жатқан дала, бүгін міне, жасыл кілем жамылғандай. Сай – жыралардан сылдырлап аққан су сылдыры келеді құлаққа. Менде көктем шуағындай көңілдімін, себебі, қараша айында басталған «Жыл мұғалімі 2007» байқауы да өз мәресіне жеткен сияқты...

More Related