110 likes | 717 Views
МКҚМ “ Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі” ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ Сабақтың тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» Бухгалтерлік есеп негіздері пәні 0518000 “Есеп және аудит” мамандығы
E N D
МКҚМ “Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі” ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ Сабақтың тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» Бухгалтерлік есеп негіздері пәні 0518000 “Есеп және аудит” мамандығы 0518023 “Есепші-ревизияшы” біліктілігі ЭПБ2А тобы Арнайыпән оқытушысы Байбалакова Ж.Д.
Сабақ жоспары • Күні уақыты мерзімі: 20.12.2012 ж • Тобы: ЭПБ 2 А • Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті • ұйымдастыру • Сабақтың мақсаты: • Білімділігі: Бухгалтерлік есептің ұйымдастрылуы мен жаңа технологиялық ақпараттарды • меңгеру құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптарды, олардың сипатын, сандық және • ақшалай көрсеткіштерін түгендеу, (инвентарлық) Қазақстан Республикасының • Бухгалтерлік есеп беру туралы Ережесін оқыту. • Тәрбиелігі: Студенттердің өз бетінше жұмыс жасап, алған ақпараттарды жүйелі пайдаланға • студенттерді үнемділікке тәрбиелеуге, ұқыптылыққа үйрету, отансүйгіштікке, • кәсіпке баулу, еңбекқорлық пен өзара жолдастық, достық, сыпайылыққа тәрбилеу. • Дамытушылығы: Студенттердің ой-өрісін дамыту және қазіргі қоғамдағы талаптарға сай • білім беру,берілген тапсырмаларды өз еркімен шешу,сөз шешендігін жеткізу • Сабақтың түрі: Аралас сабағы • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, рөльдік ойындар • Оқыту технологиясы:Оқытудың компьютерлік технологиясы, қашықтықтан оқыту • технологиясының элементтері, дамыта оқыту, ақпараттық технологиясы,Венн • диограммасы. • Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер,сызбалар, кестелер, тапсырмалар,үлестірме • материалдар,слайдтар • Қолданылған әдебиеттер: • 1. С.Б.Баймуханова«Қаржылық есеп» Алматы 2007ж • 2. Е.Т.Төлегенов«Бухгалтерлік ақпарат жүйелері» Астана 2009ж • 3. В.К.Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2010 • 4. Қ.К.Кеулімжаев, . «Бухгалтерлік есеп принциптері»Алматы2011ж
Сабақтың құрылымы: • 1.Ұйымдастыру кезеңі2. минут Үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы сұрау • Ойын «Миллион кімге бұйырады?» • Үй тапсырмасын қорытындылау. Сөзжұмбақ20 минут • Жаңа сабақты түсіндіру • 1)Жаңа тақырып бойынша топтық жұмыс «Тақырыпты қорғау» • 2) «Құжаттар үлгісі» - Слайд көрсетіледі (интерактив) (үлгісі) • 3) Шаруашылық операциялар тізбегі • 4) Экономикалық терминдер үш тілде • 5) Видео ролик • 6) Сарапшы сөзі45-минут • 5.Жаңа сабақты бекіту. Венн диаграммасы (саралап) 5-минут • 6.Бағалау • 3 минут • Үй тапсырмасы • 1)Деңгейлеп бақылау тесттері(минималды, орташа, күрделі) • 2) Бухгалтерлік бас шоттар жоспарын жаттау.5 минут • Сабақтың барысы: • 1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, студенттерді түгендеу, балалардың көңілін сабакқа аудару. • 2.Үй тапсырмасын тексеру • 1) Ойын «Миллион кімге бұйырады?» • Интерактивті тақта бойынша деңгейленген тапсырмалар көрсетіледі. • 100000-1000000 дейінгі аралықта ақшамен көрсетілетін сыйлықтар арқылы • Білім алушыларға деңгейленген тапсырмалар беріледі. Әр деңгейленген тапсырмаға • жауап беріп, өздеріне керекті сыйлықтарын алады. • Соның ішінде барлық сұрақтарға жауап беріп, жеңген адамға миллион силығы бұйырады.
№1 деңгейлік тапсырма • Түгендеу дегеніміз не? Материалдар мен шикізаттар. Пассивтік шоттар? • Бухгалтерлік есеп әдістемелері. • Көлік құралдарының шоты. • Ағымдағы активтерді атап беріңіз,нелер жатады. • Бухгалтерлік баланс деген не? • Синтетикалық және аналитикалық шоттар. • Өлшем түрлері • №2 деңгейлік тапсырма • 1250 шотының атын атаңыз. • 1320-8010 шотының тізбек жасаңыз. • 8011 шотының атын атап беріңіз? • Ағымдағы активтерге нелер жатады? • 1310-3310 шотының тізбегін жасаңыз. • Бухгалтерлік бас шоттар бөлімдерін атап беріңіз? • Жарғылық қорының шоты. • 1040 шотын атаңыз. • 3360 шотын атаңыз • №3 деңгейлік тапсырма • Баланс міндеттемелеріне нелер жатады? • Арнайы құжаттар деген не? • Журнал –ордер № 6,7 не үшін толтырылады? • Алғашқы құжаттар деген не? • Субшоттар дегеніміз не? Мысал келтір. • Журнал –ордер №4,5 не үшін толтырылады? • Бухгалтерлік есеп мазмұндары. • Баланс баптарының құрылымы. • 7210 шотын атаңыз
Үй тапсырмасын бекіту. • Сөзжұмбақ • Сұрақтар: • Екі шоттың орта аралық есептеу орнын не дейміз? • Кәсіпорындағы мүліктің және міндеттердің құнын ақшалай өлшемге айналдыратын әдіс қандай әдіс? • Қасиетті Рим империясының императоры Максимилиан І, бірінші бухгалтер етіп кімді тағайындады? • Ғылыми негізделген жіктеуге сәйкес бухгалтерлік шоттар қалай жіктеледі? • Активтердің, міндеттемелермен өз капиталының қолда бары мен қозғалысына байланысты операцияларымен оқиғалар есепке алынатын бухгалтерлік есепке алу шоты қалай аталады? • Ақшалай процестердің өлшеммен жүргізу үшін пайдаланылатын шот. • Ұйымның белгілі бір уақыт аралығындағы есепті кезеңдегі шаруашылық операцияларының бір жүйеге келтіруді не дейміз? • Өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының санын өлшеуге арналған өлшемді атаңыз. • Синтетикалық шот шегінде ашылып, біртекті аналитикалық шоттарын, мәліметтерін топтастырушы шот қалай аталады?
Жаңа сабақты түсіндіру. • Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін. Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады. • Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді: - құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру; - міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау; - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін. Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті. Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады. Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады. • Студенттерді 4 топқа бөліп: • 1Құжаттау және түгендеу • 2.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру • 3. Кәсіпорындағы еңбек ақы • 4.Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есептердің ұйымдастырылуы • Топтық жұмыстың ережесі: • 1)Жаңа тақырып бойынша топтық жұмыс «Тақырыпты қорғау» • 2) «Құжаттар үлгісі» - Слайд көрсетіледі (интерактив) (үлгісі) • 3) Шаруашылық операциялар тізбегі • 4) Экономикалық терминдер үш тілде • 5) Видео ролик • 6) Сарапшы сөзі
«Құжаттар үлгісі» - Слайд көрсетіледі (интерактив) (үлгісі) • Әр топ өз мүмкіншіліктерін жеткізіп, өз тақырыбын қорғап слайдттар мен шаруашылық операциялар тізбегін жасап үш тілде экономикалық терминдерді жазып олардың тарихы жайлы тоқталып, эмблемаларын қорғап, құжаттарды тіркеп рәсімдеу жайлы білім жеңілдету деңгейінде барлық жаңалықтарын ескере отырып бір-бірімен бәсекелеседі. • Шаруашылық операциялар тізбегі • Әр топ өз тақырыбына байланысты шаруашылық операциялар тізбегін құрып шоттар арқылы көрсетіп жеткізулері тиіс. • Экономикалық терминдер үш тілде • Тақырыпқа байланысты гласари яғни экономикалық терминдерді үш тілде көрсетіп қорғайды. • Видео ролик • Қалған топқа кірмеген студенттер арнайы бухгалтер болып қызмет жасаған адамдардан видео роликпен сұрақ көрсетіледі.Сарапшыларға сөз беріледі. Жаңа сабақты бекіту. • Венн диаграммасы (саралап) • Ж/О №1-7 • 1.Ж/О №1,Ведомость №1 • 2.Ж/О№2,3 • 3.Ж/О№4,5,6,7 • ҚР-бух.есепті ұйымдастыру • 1.ҚР ережесіне сәйкес құжаттар жүргізіледі • 2.Ұйымдардағы б.е.бас бухгалтер жүргізеді 1.Ж/О№1, ведомость №1 1) ҚР ережесіне сәйкес құжаттар жүргізіледі • 2.Ж/О№2,3 2) Ұйымдардағы б.е.бас бухгалтер жүргізеді • 3.Ж/О№ 4,5,6,7 • 6. Бағалау • 7.Үйге тапсырма: • 1) Бухгалтерлік бас шоттар жоспарын жаттау. • 2) Деңгейлеп тесттер: Минималды, орташа, күрделі
Болашақ тобы • Өркениет тобы
Жалын тобы • Жас талап тобы
Жалын тобы қорғауда Болашақ тобы қорғауда