1 / 8

Клиент – сервер технологиясы.

Osi моделі әрбір деңгейде қандай хаттамаларды пайдалану керектігін анықтайды. Осы модельге сәйкес келетін әр түрлі өндіруші өнім бір-бірімен әрекеттеседі. ISO,IEEE,ANSI,CCITT немесе ITU және т.б. ұйымдар стандарт бойынша OSI моделінің кейбір деңгейіне сәйкес келетін хаттамалар өндіреді.

Download Presentation

Клиент – сервер технологиясы.

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Osi моделі әрбір деңгейде қандай хаттамаларды пайдалану керектігін анықтайды. Осы модельге сәйкес келетін әр түрлі өндіруші өнім бір-бірімен әрекеттеседі. • ISO,IEEE,ANSI,CCITT немесе ITU және т.б. ұйымдар стандарт бойынша OSI моделінің кейбір деңгейіне сәйкес келетін хаттамалар өндіреді.

  2. Клиент – сервер технологиясы. Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір – бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

  3. Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. • Серверлік желілерді компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады.

  4. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысы серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер

  5. Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады. • Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файылын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиіс емес. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. • Баспа сервері желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады. • Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлерпайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін Web – серверлері пайдаланылуы мүмкін.

  6. Желілік технологиялар. • Ethernet – жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ол IEEE 802.3 стандартына негізделіп, мәліметтерді 10 Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады. Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса, онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды. Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап, олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады. • Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100 Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады, яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі. • «Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы – желілік тақша, концентратор, коммутатор сияқты құрылғыларға жоғарыдағы жылдамдықтардың кез келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 10/100 Мбит/с Ethernet/ Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концетратор портымен байланыстырғанда ол 10 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырсақ, ол автоматты түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды. • Gigabit Ethernet желілері Ethernet және Fast Ethernet желілерінің инфрақұрылымымен үйлеседі, оның үстіне олар Fast Ethernet желілеріне қарағанда 10 есе артық, яғни 1000 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей алады.

  7. Сақиналы архитектура технологиясы Token Ring және FDDI технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген қумалы желі жасауда пайдаланылады. Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды.

  8. Token Ring желілері мәліметтерді 4 немес 16 Мбит/с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлері ортасында қызмет етеді. • FDDI технологиясы да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері қарама – қарсы бағытта қозғалыста болатын екі сақина болады. FDDI желілері мәліметтерді 100 Мбит/с жылдамдықпен өте үлкен қащықтықтарға тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең көп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да, жұмыс станцияларының арасы 2 км шамасында болады.

More Related