1 / 19

АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ. Абай философиясы. Мақсаты: 1. Абайдың философиялық ұғымын оқушыларға жеткізу; 2. Ақын көзқарасындағы адам мәселесі. Міндеті : 1. Абай философиясындағы адам мәселесі туралы көзқарасы.

alicia
Download Presentation

АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  2. Абай философиясы Мақсаты: 1. Абайдың философиялық ұғымын оқушыларға жеткізу; 2. Ақын көзқарасындағы адам мәселесі. Міндеті: 1. Абай философиясындағы адам мәселесі туралы көзқарасы. 2. Абай ілімі – жарқын болашақ көзі.

  3. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.

  4. Абай қазынасы Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге,-дей отырып бүгінгі Абай атамыздың осы бір төрт шумақ өлеңінен бастағым келіп отыр. Осы өлең шумақтарына тереңірек үңілсек үлкен философиялық ұғым жатыр. Жалпы, Абай мұрасының құндылығы сонда , оның шығармалары философиялық көзқарастарға толы.

  5. Жоғары да оқылған төрт шумақ өлеңнің философиялық мағынасы (сана,рух,ойлау,болмыс және тағы басқа ) элементтерін Абай шығармаларынан қиналмай-ақ табасыз. • Абай ұстанған мұраты адамшылықты бұзбай, адамгершілік ізгілік қасиеттерді жоғары көтеріп , адам деген ардақты атқа сай болу. • Өлеңнің бірінші жолында Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба»-дейді. Осы өлең шумағында ғылым-білім көзі,ал білімсіз адам надан екенін түсінеміз.

  6. жалғасы... Мысалы «Білімді мыңды жығар ,білімсіз бірді жығар» деген ой тегін айтылмаса керек. Екінші шумағында «Орын таппай баптанба »дейді. Ендігі бағыт алған білімді, өз орнын тауып халыққа қызмет ету, жеткізе білу. «Сен де бір кірпіш дүниеде, тетігін тапта бар қалан» . Өздеріңіз байқап отырғандай Абай атамыздың әрбір өлең шумақтары,қара сөздері, қолжазбаларында терең философиялық ой лармен өрнектелген. • Әрбір адам жеке тұлға екені көрсетіледі. Өз өмірін дұрыс жолға қоя білген адам ғана, осы өмірден өз орнын таба алады.

  7. Абай философиясына шолу • Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

  8. Абайдың философиялық өлеңдері • Жасымда ғылым бар деп ескермедім, • Пайдасын көре тұра тексермедім. • Ержеткен соң түспеді уысыма, • Қолымды мезгілінен кеш сермедім. • Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, • Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? • Адамның бір қызығы бала деген, • Баланы оқытуды жек көрмедім. • Баламды медресеге біл деп бердім, • Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, • Өзім де басқа шауып, төске өрледім, • Қазаққа қара сөзге дес бермедім. • Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, • Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

  9. Абайдың философиялық ойдағы қара сөздері • Бүгінгі сабағымызды:Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,Толғайды Абай мұңым менен зарымды.Абай сынды дана туған халықтың,Ұл - қызы да болу керек дарынды, -деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

  10. Қара сөзі» халыққа тәлім болған,Қазақ елі Абаймен мәлім болған.Кең даланың төсіне ақын ойыКүннің ыстық көзіндей қабылданған. • Өтіріктен, жаладан таза сөздер.Зұлымдыққа,қулыққа жаза сөздер.Найзағайдай жарқылдап жалындаған,Іші – сырты сәулелі қара сөздер.

  11. Махаббаттан сауытын киген ұғым.Мәңгі нұрдан түйінін түйген ұғым.Дүлейлікке қырғидай тиген ұғымДаналықты, адамды сүйген ұғым. • Кеше, бүгін,ертеңді суреттеген.Өлеңіне Абайдың тіл жетпеген.Қара сөзден шабыт ап, шыңнан асыпАлға озып барамын, мың лекпенен.

  12. Жетінші қара сөзінде... • «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі, ішсем, жесем, ұйықтасам деп, бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Ал біреуі; білсем, көрсем, танысам екен деп, не көрсе, соған талпынып, жалтыр жұлтыр етукен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай керней болса, дауысына ұмтылып, ержеткен соң, ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп; «ол немене?, бұл немене?» деп, «неге үйтті?» деп, " ол неге бүтті" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұны бәрі жанның құмары дейді. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».

  13. Он тоғызыншы қара сөзі • Он тоғызыншы қарасөзінде: «Адам ата анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам, білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі ісске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде, қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп, бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

  14. Отыз бірінші қара сөзі • Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

  15. Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы ұлы Абай туралы Елбасы Н.Назарбаев «Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,- деп көрегендікпен айтқан сөзін іс жүзіне асыру ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.

  16. Жаңадан төте жолмен оқу шықты,Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді...

  17. Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.

  18. Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы ұлы Абай туралы Елбасы Н.Назарбаев «Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,- деп көрегендікпен айтқан сөзін іс жүзіне асыру ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.

  19. Бүгінгі таңда Абайдың арман – мұраты орындалып, халқымыз азат, еліміз тыныш. Жастарға жақсы білім алып, бабалар мұратын іске асыру керек болса, Абайдың рухани әлемі бүгінгі қазақ елінің гүлденуіне, өркендеуіне қашанда қызмет ете бермек.

More Related