190 likes | 1.93k Views
Психология пәні және оның міндеттері Қарағанды 2011. Мазмұны. Кіріспе Негізгі бөлім: 1. Жалпы психология 2. Дифференциалды психология 3. Қоғамдық психология 4. Салыстырмалы психология Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Психология.
E N D
Психология пәні және оның міндеттеріҚарағанды 2011
Мазмұны • Кіріспе • Негізгі бөлім: • 1. Жалпы психология • 2. Дифференциалды психология • 3. Қоғамдық психология • 4. Салыстырмалы психология • Қорытынды • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Психология • Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік құрылымның сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Жалпы психология • Жалпы психология – психологияның бір саласы ретінде психологиялық зерттеулерді жалпылай көрсетеді. Психиканың даму, қалыптасу тарихын тереңнен зерттейтін бұл сала философия, социология деген ғылымдармен тығыз байланысты. • Жалпы психологияның теориялық негізі – психология тарихын, психологияның негізгі мәселелерін тану, негізгі танымдық процестерін зерттеу.
Дифференциалды психология • Дифференциалды психология – психологияның негізгі бір саласы ретінде адамдар арасында топтық, этникалық айырмашылықтарды айқын көрсетеді. • Ол жеке айырмашылықтарды жүйелеп, баға береді. • Уильям Штерн бірінші болып жекелеген адамдар арасындағы айырмашылықтарды зерттеп, концепция құрастырған. 1990 жылы жарық көрген.
Уильям Штерн • Неміс психологі, тұлға психологиясының атасы, философ.
Дифференциалды психология мәселелері • Жекелеген ерекшеліктерді анықтау. • Олардың шығу тегін түсіндіру. Анықтау әдістері: Интроспективті – субъектілік тәжірибеге сүйенеді; Экстраспективті - өлшеніп, тесілген объективті тәжірибе.
Қоғамдық психология • Қоғамдық психология – адамның қоғамдағы жүріс – тұрысын, өзін - өзі ұстай алу қабілетін зерттейді. • Адам қоғамда өмір сүргендіктен әр түрлі қарым – қатынас иесі атанады. Әр адамның қызығушылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамнан орын табуды баян ететін психология саласы болып табылады. • Көшбасшылық қасиеттері бар тұлғалар психологиялық жағынан басқаларға қарағанда мықтырақ болып келеді. Сол себепті де қоғамның белді мүшесіне айналады.
Салыстырмалы психология • Салыстырмалы психология – психиканың даму тарихымен айналысатын сала. • Адам мен жануар психикасын, олардың филогенездік даму сатыларын, тарихи – қоғамдық жүйелерін қарастырып, салыстырады. • Адам психикасы – объективті дүниені субъективті дүние түрінде бейнелендіргіш. Ол қоғамдық – тарихи тәжірибемен тексеріліп, құпталған дүниені бейнелендіруге қатысушы болып табылады.
Озін - өзі зерттеу – психологияның негізі.
Қорытынды • Психология салалары көптеген бөліктерден тұрады. Ең маңыздылары осы көрмеде аталып өтілді. • Психология – адам психикасының ерекшеліктерін, санасының пайда болуын қарастыратын, оларды анализдік, синтездік әдістер арқылы зерттеуші ғылым. • Ол барлық қоғамдық ғылымдардың негізі.
Әдебиеттер тізімі • Ю.В. Щербатых Общая психология. — Питер, 2008. • Дмитриева Н.Ю. Общая психология. Конспект лекций. — Эксмо-Пресс, 2008. • Интернет беттері: Википедия