970 likes | 3.69k Views
"Мектептегі өрт қауіпсіздігі". Дайындаған: 11 сынып оқушысы Абибуллаев Эржан 10 сынып оқушылары Едіресов Нұрлыбек Қарымсақова Бану
E N D
"Мектептегі өрт қауіпсіздігі" Дайындаған: 11 сынып оқушысы Абибуллаев Эржан 10 сынып оқушылары Едіресов Нұрлыбек Қарымсақова Бану Жетекші: Информатика пәні мұғалімі Мурзагазин М.Б.
Оқушыларға арналған көмек құралы Мектепте өрт болған жағдайда не істеу керек? Мектепте адамдардың көп болуына байланысты, үйдегі адамдарды құтқаруғақарағанда, оларды эвакуация жасауға көп уақыт кетеді. Сондықтан мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары жасалу тиіс. Бірінші, өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу керек. Терезеден жанып жатқан жайды көрсеңіз, ол жайға кіре көрмеңіз! Ашық есік түтінді кіргізіп, құтқаруға кедергі жасайды; қосымша ауаның кіруіне байланысты оттың қарқынды жайылуына әкеп соғады. Өрт болып жатқандығы туралы дабыл қағу керек! Өрт болып жатқандағы туралы. Жақында журген қзметкерлерге айтып, құтқару шарасын жасап, мектептен адамдарды шығару керек. Барлығы бұрын белгіленген жерге,адамдарды түгендеу. Дабылдан кейін тезірек өрт сөндірушілерді шақыру керек.
Өрт сөндірушілер келгенде мынаны білу керек: • қай жерде өрт болып жатқандығын. • бәрі құтқарылғандығын. Мектептегі өрттен құтқару тәртібі: • дабыл • өрт сөндірушіні шақыру • құтқару • жиналу • түгендеу Дабыл: Кез келген адам (оқушы, мұғалім) өртті байқап қалса, жылдам дабыл қағу керек. Өрт сөндірушілерді 01 телефонымен шақыру керек
Құтқару Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір-бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жиналулары керек. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді және сыныптың есігін жабу керек. Жиылыс Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгенде әр сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Түгендеу Сыныптар жиналған жерде оқушыларды түгендеу қажет.
Өрт кезіндегі тәртіптің ЕРЕЖЕСІ
- Ереже №1 - Өрт кезінде өрттің барлық жерді алып кетпеу үшін барлық есіктерді жабыңдар. (жабылған есік өртті 15 минут бөгелтеді)
- Ереже №2 - Өрттен қашқанда өрт туралы басқаларға да хабарлау керек (өрт кезінде еш нәрсені іздемей тезірек кетіп қалу керек.)
- Ереже №3 - Өрт жайында мұғалімге хабарла!
- Ереже №4 - Эвакуацияны жасаңдар!!!
- Ереже №5 - Егер ол қауіпті болмаса, мектептен өрт сөндірушілер бөліміне немесе ең жақын таксофоннан 01-ді теріп, мектептің мекен-жайын нақты айтыңыз.
- Ереже №6 - Өрт болған жерге қайтадан кірмеңдер - жанып кетулерің мүмкін!!!
Өртсөндіргіш - өрт сөндірудің алғашқы құралы, онымен пайдалана білу керек!
Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!!!