290 likes | 881 Views
ШАҒЫН ЖОБА Тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесін қазақ тілі пәнін оқытуда (диктант) қолдану. Free Powerpoint Templates. Мақсаты: Бағалаудың диктант жұмысында қолданылатын критерийлерімен таныстыру. Free Powerpoint Templates. Міндеттері:
E N D
ШАҒЫН ЖОБА Тақырыбы:Критериалды бағалау жүйесін қазақ тілі пәнін оқытуда (диктант) қолдану Free Powerpoint Templates
Мақсаты: Бағалаудың диктант жұмысында қолданылатын критерийлерімен таныстыру. Free Powerpoint Templates
Міндеттері: • Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы; • Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; • Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; • Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; • Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. Free Powerpoint Templates
Күтілетін нәтиже: Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау; Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу; Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау; Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б); Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау; Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз. Free Powerpoint Templates
Анықтамасы: Критериалды бағалау- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі . Free Powerpoint Templates
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату • Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: • Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; • Анық, айқындылығы; • Бағаның әділдігі; • Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері Критериалды бағалау міндеттері: * Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; *Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы; * Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; *Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; *Оқу бағдарламасының тиімділігінбақылау; * Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалынмеңгерудің ерекшеліктерінанықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-анаарасындакерібайланыстықамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары: *Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; *Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады; *Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі; *Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; *Білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: • *Сапалынәтиже алудықамтамасыз ететінкритерийлердіқұрастыруға; • Өз жұмысын талдаужәне жоспарлауүшін ақпарат алуға; • Оқу үрдісінің сапасынжақсартуға; • Әрбір оқушының жекеерекшеліктерінескереотырып, оқушы үшін оқытудың жекетраекториясыналуға; • Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; • * Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдірубойыншаұсыныстар енгізугемүмкіндік береді.
Оқушыларға: • *Нәтижені талдауүшін бағалау критерийлерінбілужәне түсінуге; • Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарынбағалауға; • * Нақты есептердішешудебілімдерінқолдану, өз ойларынеркінжеткізебілуі, сын тұрғысынан ойлайбілуге.
Ата-аналарға: • *Баласының білімдеңгейлерін бақылай алуға; • * Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; • * Баласынаоқу үрдісі кезіндеқолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар • Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау: • Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. • Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау: * Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.) * Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі; * Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қорытындылаушыбағалау: * Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы ) * Оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді * Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді.
Пән бойынша қолдану: Тест Мәтінмен жұмыс Диктант Қазақ тілі мен әдебиеті Шығармашылық жұмыстар Мазмұндама Мәнерлеп оқу
Сабақ жоспары. Сыныбы: 6 «Б». Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қазақстан». Сабақтың мақсаты: Білімділік: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау,оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге мүмкіндік беру Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, талдау, сараптау, керектісін тауып алу машықтарын дамытуға баулу. Тәрбиелік: тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне, өздерін еркін ұстап, қысылмай сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме балалар! Отырыңдар. Бүгін сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? Бүгін нешесі? Аптаның қай күні? Бүгін ауа райы қандай? Жақсы отыра ғой.
Диктант Қазақстан Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – тәуелсіз, көп ұлтты мемлекет. Біздің жер көмірге, мұнай мен газға аса бай. Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары өседі. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Астана – әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Мемлекеттер Достығының құрамына енді. Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұжымына мүшелікке қабылданды. Қазақстанда барлық ұлттар тату тұрады. Үй жұмысы.қайталау
Құрылымы: Диктант – 65 сөзді құрайды, ең жоғарғы ұпай -10; 1- ші грамматикалық тапсырма, жоғарғы ұпай -3 2- ші грамматикалық тапсырма, жоғарғы ұпай -3
Критериалдыбағалаудың пайдасы. • Нақтылық • Әділдік • Ынталандыру • Белсенділік • Жеке тұлға
Қорытынды • Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз: • Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау; • Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу; • Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау; • Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б); • Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау; • Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Назарларыңызға рахмет!