540 likes | 1.01k Views
2013 жылғы «Павлодар әуежайы» Акционерлік қоғамының қызметі туралы ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП. Павлодар қ . 2013 ж. Директорлар Кеңесі Төрағасының Кіріспе сөзі. Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздер «Павлодар әуежайы» АҚ-ның қызметі туралы жылдық есеп
E N D
2013 жылғы «Павлодар әуежайы» Акционерлік қоғамының қызметі туралы ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП Павлодар қ. 2013 ж.
Директорлар Кеңесі Төрағасының Кіріспе сөзі Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздер «Павлодар әуежайы» АҚ-ның қызметі туралы жылдық есеп парақтарына қош келдіңіздер! Өткен 2013 жыл «Павлодар әуежайы» АҚ дамуында жаңа кезең болып қалыптасты. Қоғам қызметі нәтижелерін сараптай келгенде, атап өтерлігі, 2013 қаржы жылы шығынды жыл болды. Ұшақ-ұшулардың қызмет көрсету қысқарғаны байқалады. Бұл «Скат» авиакомпания рейстерінің жойылуымен байланысты. Осыған қоса бұл компанияның жаңа жоспарланған рейстері ашылмай қалған. Директорлар кеңесі Төрағасының міндеттерін атқаруға мен 2008 жылдың наурыз айында кіріскен едім. Өткен кезең бойынша мен кәсіпорын және оның қызметкерлерімен жете таныстым. Сеніммен айта аларым, кәсіпорын басшылығы жұмыс үшін барлық жағдайларды жасаған және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне барынша жауапкершілікпен қарайды. Павлодар облысы үшін авиациялық тасымал және авиациялық жұмыстардың дамуы аймақтың экономикалық одан әрі дамуына, алыс және жақын шет елдермен сауда және экономикалық байланыстың дамуына өз септігін тигізеді. Өз жұмысында «Павлодар әуежайы» АҚ дәл осы талаптарды алдына қояды. Мақсаттарға жете отыра, біз авиакомпания және жолаушылардың тұтынушылығын толығынан қанағаттандыруға ұмтылудамыз, жіберуші және жүктерді қабылдаушыларға қауіпсіздік және жайлылық кепілдігін қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, атап өтейік, «Павлодар әуежайы» АҚ ұдайы корпоративтік басқаруды дамыту, Қоғам шынайылығын арттыруға тырысуда. Аталған жылдық есеп парақтарынан барлық мүдделі тұлғалар 2013 жылға арналған Қоғам қызметінің нәтижелері туралы ақпараттарды ала алады. Директорлар Кеңесінің Төрағасы __________________ Қалиева А.Т.
Басқарма Төрағасының кіріспе сөзі Құрметті оқырмандар! Мені қуантатыны, Сіздердің біздің авиакомпаниямызға қызығушылық танытып отырғандарыңыз. Біздің есебіміз «Павлодар әуежайы» АҚ қызметі туралы берілген нақты фактілер Қоғамның айқын көрінісін көрсете алады деген сенімдемін. 2013 жылға арналған «Павлодар әуежайы» АҚ-ның міндеті болып – қолда бар ресурстар, яғни, қызмет көрсету сапасын түсірмей, ұсынылатын қызмет көрсетудің толыққандылығы, білікті персоналды сақтап қалу арқылы қол жетімді жетістіктерге жету. 2013 жыл біз үшін оңай жыл болған жоқ. «Скат» авиакомпания рейстерінің жойылуы. Сондай-ақ әуевокзал бойынша күрделі жұмсалым теңгеріміне табыс ету Қоғамның қаржы нәтижесіне кері әсерін тигізді. Уақытша қиыншылықтарға қарамастан, біз жыл сайын көрсетілетін қызмет көрсету сапасын арттыруға, клиенттердің жайлылығын қамтамасыз ету деңгейін көтеруге ұмтылудамыз. Алға қойған мақсаттарға жету үшін ең бастысы – мамандарымыздың кәсібилігі мен орындаушылығы, директорлар Кеңесінің адал әрі тиімді жұмысы, акционердің сенімі мен қолдауы қажет. Қоғам персонал біліктілігін арттыруға ұмтылады, сондықтан, жүйелі түрде өз қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады. Негізгі қызмет бойынша төлем қабілеттілігін төмендетуге, шығын өсуі мен кірістің төмендеуі ретінде қоғам шығынын оптимизациялау мақсатында дағдарыс факторларына жол бермеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қоғамда қолданылатын негізгі құралдар – белгіленген нормативтерді орындауда қатаң бақылау болып табылады. Әуежай жұмысы ӘК-не үлгілі, сапалы, қауіпсіз және багаждар, пошта және жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелі қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне бағытталған. Басқарма Төрағасы ________________Юдин В.И.
Информация о деятельности Общества.1. Қоғамның қызметі туралы ақпарат. Құрылутарихы. 1998 жылдың 28 желтоқсанындағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің «Иртыш-Авиа» және «Ульба» акционерлік қоғамдарын тарату туралы» (тіркеу туралы куәлік №6915-1945-ААҚ, 28.05.1999ж.) №747 қаулысына сәйкес, «Павлодар әуежай» ашық акционерлік қоғамы (қазіргі акционерлік қоғам) «Иртыш-Авиа» ААҚ бөлініп шығуы арқылы құрылды. Қоғамның құрылтайшысы Павлодар аймақтық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті болды. 2000 жылғы ҚР Үкіметінің шешімімен акцияның 100% Павлодар облысы әкімінің коммуналдық меншіктігіне берілді. Жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі -100%. 2006 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Павлодар әуежай» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы» №782 Қаулысымен «Павлодар әуежай» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігіне берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 24 қазандағы «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына кейбір акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін беру туралы» №1020 Қаулысымен «Павлодар әуежай» АҚ 100 % акциясы «Самұрық»Холдинг» АҚ берілді.
Қоғамның қызметі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 «Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің кейбір шаралары туралы» Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы мен «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамын қосу арқылы «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қор) құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің кейбір шаралары туралы» Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы мен «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамын қосу арқылы «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қор) құрылды. 1999 жылы уақытша сызба бойынша әуежайға халықаралық дәреже берілді. Әуежай әуеайлағы әуеайлақтың «В» сыныбына жатады және 3 сынып әуеайлағына кіреді. Қазіргі уақытта Қоғам «Эйр Астана», «Сибирь», «ЕвроАзияЭйр» авиакомпанияларының, сонымен қатар, чартерлік және арнайы рейстердің орындалуын қамтамасыз етеді. Ұшулар кестесінің жиі рейстері Алматы, Астана, Мәскеу сонымен қатар жазғы уақыттарда Германия, Туркия, Санкт-Петербург, Минск қалалары құрайды. В767-200; В767-300; А310 -200; А310-300, А319-100; А 321-200; В 737-300; В737-400; В 737-500; В 737-600; В 737-700; В 737-800; Ғ-100; ИЛ-76 ТД; Ил-76 Т; Ту-204; Ту-154; Ту-134; Як-42; Як-40; Ан-24 ұшақтарын және ЖҰҚЖ мен РСN геометриялық өлшеміне сай келетін басқа да ӘК қабылдайды. 2006 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен ИКАО 1 санатына сәйкес, жасанды жамылғы ұшу-қону жолағы қайта құрылып, күрделі жөндеуден өткізілді, жарық дыбыс жабдықтары жаңаланды. Осыған орай әуежай бұдан да мықты әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Авиакәсіпорында ұшулар қауіпсіздігі деңгейін тұрақты қамтамасыз ететін жоғары білікті қызметкерлер мен жерүсті базасы бар.
Қоғамның қызметі туралы ақпарат Қоғам қызметінің түрлері мен мақсаттары.. Қоғам қызметінің мақсаттары: • Қазақстан Республикасы заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес, әуе кемелерін, жолаушы, қолжүк, пошта мен жүктерге қызмет көрсетуді жиі, қауіпсіз және тиімді қамтамасыз ету; • табыс алу болып табылады; Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: • жолаушылар мен азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсету, қабылдау, ұшыру, қолжүк, жүк, пошталарын өңдеу, оларды тексеру және бақылау. • әуеайлақ, әуежай, аэронавигация объектілерін жөндеуден өткізу және пайдалану; • әуежайдың авиациялық қауіпсіздігін, бақылау аймағында өткізу-бақылау тәртібі мен олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету; • азаматтық әуе кемелерінің ұшуын жарықтехникасымен және әуежай, әуеайлақ пен казаэронавигация объектілерін энергиямен қамтамасыз ету; • азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен, арнайы сұйықтықпен қамтамасыз ету және олардың сапасын бақылау; • азаматтық әуе кемелеріне және басқа да тұтынушыларға арнайы көлік құралдарын беру; • әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерінде экипаждар мен жолаушыларды тамақпен қамтамасыз ету;
Қоғамның қызметі туралы ақпарат • жолаушылар, экипаждар мен халыққа азаматтық авиация саласындағы қажетті мәліметтер бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету; • қызметкерлер мен мүлікті қорғауды қамтамасыз ету, соның ішінде тасымалдау кезінде; • инфрақұрылымды жоспарлы және кешенді дамыту; • құрылыс, құрылғылар мен техникалық құралдарды қалыпты жағдайда ұстау; • сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету; • негізгі мақсаттарға жету үшін, заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді жүзеге асыруға. Сонымен қатар, Қоғам келесі қызмет түрлерін көрсету арқылы табыс табады: 1) жақын орналасқан кәсіпорындарды су және энергиямен қамтамасыз ету; 2) авиациялық және өрт қауіпсіздігі; 3) автокөлік қызметтері. Мақсаткерлігі: Қазақстан мен Павлодар аймағының өсіп келе жатқан қажетсіну экономикасы мен халықаралық стандарттар талабына сай пошта, жүк, жолаушылар, әуе кемелеріне үнемі қызмет көрсету мен қауіпсіздігі, үлгілі қамсыздандыруы. 2014 жылға Қоғамның негізгі міндеттері: 1) қазіргі заман жабдықтарымен арнайы техникаларын сатып алу; 2) әуежай инфрақұрылымын дамыту; 3) өндірістік көрсеткіштерді ұлғайту; 4) Қоғам даму стратегиясын бекіту.
Қоғамның қызметі туралы ақпарат Қызметтің шешімді нәтижелері. Жалпы сала көрсеткіштері. Қоғам қызметінің нәтижелері. Әуежайдың өндірістік қызметі әуежай арқылы қозғалыс көлемінің негізгі үш көрсеткіші негізінде қарастырылады: • қызмет көрсетілген рейстер саны; • қызмет көрсетілген жолаушылар саны; • ең жоғары ұшу салмағы (ЕЖҰС)
Қоғамның қызметі туралы ақпарат ӨНДІРІСТІК ПІК
Қоғамның қызметі туралы ақпарат ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР КІРІСТЕР
Қоғамның қызметі туралы ақпарат ШЫҒЫНДАР
Қоғамның қызметі туралы ақпарат Соңғы төрт жылға арналған негізгі өндірістік көрсеткіштер динамикасы . Соңғы төрт жылға арналған негізгі қаржылық көрсетіштер динамикасы
Қоғамның қызметі туралы ақпарат «Павлодар әуежай» АҚ өндірістік қуаттылығы туралы жалпы ақпарат Әуежайдың жобалық қуаттылығы тәулігінде 4800 жолаушыға қызмет көрсетіп, 50 тонна қолжүк, жүк және поштаны өңдей алады. Ұшу-қону жолағының техникалық жағдайы ИКАО талабының 1 санатына жеткізілді, қазіргі уақытта шектелмеген жоғары ұшу өлшемі бар әуе кемелерін қабыладуға мүмкінідігі бар. 2013 жылы өндіріс қуаттылығын пайдалану: • әуе кемелерін ұшу және қонуын қамтамасыз ету бойынша -6,8% • жолаушыларға қызмет көрсету бойынша – 3,5% • қолжүк, жүк және пошталарды өңдеу бойынша – 1,9% Қоғамның шешімді нарығы Қоғамның негізгі қызмет көрсететін клиенттері жиі рейс орындайтын авиакомпаниялар болып табылады: Отандық авиатасымалдаушылардан: «Эйр Астана» АҚ, «Иртыш Эйр»АҚ, «ЕвроАзияЭйр» АҚ. Маршрут бағыты: Астана, Алматы қалалары. Шетелдік авиакомпаниялардан: ФГУП «ГТК Россия», РУП НАК «Белавиа», «Сибирь» АК. Маршрут бағыты: Москва қ., Санкт –Петербург қ, Минск қ., Германия қалалары. Павлодар қаласы әуежайынан рейстер мен жолаушыларға қызмет көрсету жалпы көлемінің негізгі үлесі (50-ден аса) ішкі авиажелілерде ұшуларды орындайтын «Эйр Астана» АК тиесілі.
Қоғамның қызметі туралы ақпарат Қызметтің негізгі түрлері бойынша Қоғамның нарықтық үлесі Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтерінде Қоғамның негізгі қызмет түрлері бойынша әуе кемелері мен жолаушыларға әуежайлық және жерүсті қызмет көрсету -бөлек санат ретінде қарастырылмаған. Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылы әуе көлігімен 24,0 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылғы деңгейден 4,4 мың тоннаға жоғары. 2013 жылы Павлодар облысы бойынша әуе көлігімен тасымалданған жүктердің жалпы көлемі 1,2% құрайды.
Қоғамның қызметі туралы ақпарат 2013 жылы Қазақстанның әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 110% өсті және 4 993 мың адамды құрайды, Павлодар облысының үлесі 1,3% құрайды.
Қоғамның қызметі туралы ақпарат Нагізгі елеулі оқиғалар мен жетістіктер 2013 жылы келесі құрылғылар сатып алынды: пластинкалы жүкті тасымал, жүк арбашасы, қиыстырылған сыпыру машинасы. Реттегіш ортаға шолу мен үрдіс саласы ҚР-ның байланыс және көлік Министрлігі азаматтық авиация комитеті әуе кеңістігін пайдалану, тәжірибелік және азаматтық авиация саласында регулятор ретінде, сонымен қатар осы салада техникалық реттеу қызметімен қамсыздандырылған. Тарифтік реттеу жауапты монополиялар саласына жататын жалпы қолжетімдік қызметтерге таратылады («Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңына сәйкес жалпы қолжетімдік әуежайлық қызметтері табиғи монополия саласына жатқызылады) және құрайды: • тарифті бекіту (бағасы, жиналуы) немесе оның жоғары деңгейі, сонымен қатар дифференциялық және инвестициялық тарифтердің (бағасы, жиналуы) қолданылуымен; • тарифтік бекіту жобақаржысы • шығынды қалыптастыратын ерекше тәртібін бекіту; • уақытша түсіретін коэфициентті бекіту; • бөлек есеп кірісі мен басқа да қызметтер бойынша шығындарды жүргізу тәртібін бекіту; • өтейтін уақытша тарифті бекіту; Техникалық реттеу сұрақтарды мөлшерлеу, түрлі шешімдер, лицензиялық сұрақтарды құрайды.
Қоғамның қызметі туралы ақпарат Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, ірі мәміле болып танылған акционерлік қоғамның есеп жылында жасаған мәмілелерінің тізімі. 2013 жылы Қоғаммен ірі мәмлелер бекітілген жоқ. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, ірі мәміле болып танылған акционерлік қоғамның есеп жылында жасаған мәмілелерінің ішінде қызығушылық танытатын мәмілелер.
2. Қоғам бағдарын бағалау және оны дамыту Қоғам жыл бойы жұмыс кестесін үздіксіз қамтамасыз етті. Жолаушылар, «Павлодар» шекаралық бақылау бөлімі, кеден бекеті, әуе көлігін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың солтүстік-батыс аймақтық Басқармасы, көші-қон полициясы, көліктегі желілік ішкі істер бөлімі, авиакомпания өкілеттігі жағынан кінарат-талап болған жоқ. Қоғам жасалған келісімшарт бойынша міндеттерді кешіктірмей толық көлемде орындайды. Қоғамды дамыту мақсатында негізгі құралдарды жаңалау, жолаушылар мен әуе кемелеріне қызмет көрсетуде авиациялық қауіпсіздік сапасын жақсарту, әуевокзал ғимаратында қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. «Павлодар әуежай» АҚ инвестициялық жоспарлары мен мақсаты туралы ақпарат Жыл сайын авиатасымалдау қажеттілігінің өсуі, халықаралық экономикалық кеңістікке интеграциялаужәне Қазақстан халқының табыс көзінің артуы азаматтық авиациядан сапалы және қауіпсіз қызмет көрсетуді талап етеді. Павлодар әуежайы – жолаушыларды, жүктер мен поштаны авиатасымалдауда қызмет көрсететін, Павлодар қаласында орналасқан жерүсті кешені. Павлодар әуежайы арқылы өтетін авиатрасса – ең ыңғайлы, экономика жағынан тиімді құрлықаралық әуе хабарламасы. Бұл Қазақстанның географиялық жағынан орналасуы тиімді және соның ішінде Павлодар қаласы Европа, Оңтүстік-батыс Азия, Жақын және алыс Батыс елдерінің көлік ағынның қиылысында орналасқан.
Қоғам бағдарын бағалау және оны дамыту Павлодар аумағында жолдардың және метеожағдайлардың болуынан әуежайды қолдану деңгейін болжауға мүмкіндік береді. Қосымша әуеайлақ ретінде, шетел ӘК тарту есебінен ұшақтардың ұшу санын арттыру әлеуеті бар, олар шығыс және оңтүстік-шығыс Азия елдерінен Астана, Қарағанды, Ресей қалаларына ұшады. Мемлекеттік жеке серіктестікті енгізу шегінде, авиациялық тасымалдау саласында елдер ішінде аймақаралық ынтымақтастықты активизациялау есебінен, сонымен қатар ішкі республикалық және халықаралық жүк және жолаушы рейстері үшін техникалық қондыру бойынша қызмет көрсету есебінен Павлодар әуежайының транзиттік әлеуеті және көлік-логистикалық даму мәселесін шешіледі. Қоғам инфрақұрылымдық және инвестициялық саясаты халықаралық стандарттарға сәйкес, әуежай кешенін техникалық-пайдалану жағдайын, құрылысты, жерүсті қызмет көрсету объектілерін қайта құру және күрделі жөндеуден өткізуді кезеңмен жүзеге асыруды қарастырады.
Қоғам бағдарын бағалау және оны дамыту Инвестициялық қызмет 2013 жылы капиталдық Қоғам қоры 46 155,7 мың теңге құрады (НДС есебінсіз), оның ішінде: - пластинкалы жүкті тасымалын, жүк арбашаларын, қиыстырылған сыпыру машинасын сатып алу сомасы 38 974,0 мың теңге құрады және қалған сомасы 1785,7 мың теңге әуежай ғимаратын қайта жөндеуге жұмсалған; - өндірістік активтерді жұмыс қалпында сақтау үшін 5 396,0 мың теңге жіберілді.
3. Даму Стратегиясы Қоғамның стратегиялық мақсаттары: • әуеайлақтық қызмет көрсету бойынша авиажолаушылар қызметтерді қажетсінуін барынша қанағаттандыруға ұмтылу; • жұмыс көлемін ұлғайту; • қызметтің және тұтас кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін жақсарту; • берілген мерзімде және бәсекелестік баға бойынша сапалы қызмет түрлерін ұсыну арқылы іскерлік танымдылығын арттыру; • бәсекелестің біліктілігі, қызметкерлерінің тәжірибесі және еңбек өндірісінің деңгейіне қарағанда, ұсынылатын қызмет түрлерінің бәсекелестігін, сенімділігі мен кепілдігін, материалдық жағын жоғары деңгейде қамтамасыз ету; • біліктілікті арттыру, персонал тәжрибесі; • еңбек өнімділігін арттыру. Стратегиялық бағыттар Әуе кемелеріне, жолаушылар, багаждар, пошта және жүктерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін: Әуежай кешенін қайта құру 2010 жылдан әуежайда жолаушылардың жайлығын қамтамасыз ету және өткізу әдісін арттыру үшін әрекет ететін жиналу залын кеңейтіп, қосымша жиналу залының құрылысын бастау жоспарлануда. Қаржыландыру көзі – «Самрұқ-Қазына» шешімі бойынша қосымша акция эмиссиясы.
Даму Стратегиясы Қазіргі заманғы техникаларды сатып алу Әуежайдың техникалық жабдықтануы басқа да қазақстандық әуежайлар сияқты төмен деңгейде. Әуежай 1970-80ж.ж. арнайы көлік техникасымен жабдықталған, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді және өндіріс процесінің тоқтап қалуына әкеліп соғуы мүмкін. 2010 жылы Isuzu шасси базасында жолаушыларды әуе кемесіне отырғызу және түсіру үшін өздігінен жүретін екі трап лизингке сатып алынды. 2012-2013 жылы: 8 арнайы техника сатып алынды, соның ішінде: құрамдастырылған аражуғыш көлігі, өрт сөндіру көлігі, жолжүк тіркеп сүйрейтін, бензинқұю колонкалары, ленталы жүк тиеуші, микроавтобус, жылжымалы сатылы құрылғы, отынқұюшы, екі бензинқұю колонкалары, пластинкалы жүкті тасымалы, жүк арбашалары, қиыстырылған сыпыру машинасы.
4. Кадрліқ қамтамасыз ету Қызметкерлердің жалпы саны 244 адам, соның ішіндегі орта жастағы қызметкерлер саны – 44 Жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны - 19 адам, соның ішінде жеңілдік иесі – 9 адам. Азаматтық авиациядағы 20 және бұдан аса жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер саны – 58 адам. 3-5 жыл аралығында әуеайлақты пайдалану мастері, ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарының авиатехнигі, авиациялық және радиоэлектронды қондырғылар инженері мамандары қажет болады. 2013 жылы еңбекақының орташа төлемі – 64428 теңге. Кадрлық саясатты жетілдіру Қоғамның кадрлық саясатының мақсаты - әуежай қызметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік дамуын, сандық және сапалық құрамын оңтайлы сақтау, өндіріс бойынша міндеттерді шешуде және әуежайлық қызметтерді кідіріссіз атқаруын жоғары кәсіби деңгейде қамтамсыз ету. Қызметкерлерді басқару стратегиясы – Қоғамның жалпы стратегиясының бөлінбейтін бөлігі, бәсекелестік артықшылығын нығайту, жұмыс тиімділігін арттыру, қаржы-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, тұрақты кіріс пен серпінді дамуына себеп болады. Кадр саясатының негізгі бағыттары: • ұйымдастыру құрылымын жетілдіру; • еңбек тиімділігін арттыру; • қызметкерлердің құқығын сыйлау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету; • қызметкерлердің оқуы, дамуы; • корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
5. Корпоративтік басқару Корпоративтік басқару - Қоғам қызметін бақылау және басқаруды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы және Жалғыз акционермен директорлар Кеңесі, Басқарма, Қоғамның басқа да органдарымен және Жалғыз акционердің мүддесіндегі мүдделілік тұлғалармен қарым-қатынасы болып табылады. Қоғам корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және тартылған капитал шығынын азайту құралы ретінде қарастырады. Қоғам корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін Қазақстан Республикасы заңың қамтамасыз етудегі өзінің үлесі мен қазіргі заманғы экономикада, жалпы қоғамдағы орнын айқындайтын құрал ретінде қарастырады. Қоғамның корпоративтік басқаруы әділетті, адал, жауапты, ашық, құзырлығы және кәсіпқойлығы негізінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқығы мен мүддесіне құрметпен қарау және Қоғам қызметінің жетістігіне, соның ішінде оның құндылығының өсуіне қаржы тұрақтылығы мен кірістің өсуіне себебін тигізеді. Корпоративтік басқару қағидаттары қарым-қатынаста сенімділікті, Қоғамды басқаруға байланысты туындайтын және Кодекстің басқа бөлімдерінде көрсетілген барлық ережелер мен нұсқаулардың негізі болып табылады.
Корпоративтік басқару Осы Кодекстің негізгі қағидаты: • Жалғыз акционердің құқығы мен мүддесін қорғау ; • Басқарма және директорлар Кеңесі Қоғамды басқару тиімділігі; • Қоғамның дербес қызметі; • Қоғам қызметі туралы ақпараттарды ашу объектілігі мен ашықтығы; • заңдылық және әдеп ; • дивидендік саясат тиімдігі; • кадр саясатының тиімділігі; • қоршаған ортаны қорғау; • корпоративтік дау-шарды және мүдде дау-шарын реттеу; • жауапкершілік қағидаты. Акционер туралы ақпарат 2006 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1020 «Кейбір акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы” Қаулысына сәйкес, “Самұрық мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстан холдингі” АҚ Қоғамның Жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша кейбір іс-шаралар туралы» Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы және «Қазына» тұрақты даму Қоры» акционерлік қоғамының бірігуі арқылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.
Корпоративтік басқару Корпоративтік басқару саласындағы іс-шаралар 2013 жылдың шілде айында Жалғыз акционерімен жаңа редакциядағы Қоғам Жарғысы бекітілді. Қоғамның директорлар Кеңесімен тәуекелді басқару жүйесі саласында Қоғамның нормативтік құжаттар қатары, тәуелсіз бағалаушыларды тарту, аудиторлық ұйымдар қызметін тарту және т.б. бекітілді. Сондай-ақ ішкі аудит Қызметімен корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар Жоспары Қоғам директорлар Кеңесімен әзірленіп, бекітілген қорытындылары бойынша корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүргізілді.
Корпоративтік басқару Ұйымдастыру құрылымы • ҰАҚІҚҚ – ұшуларды апаттық-құтқару-іздестіруді қамтамасыз ету қызметі; • АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі; • ББ – байланыс бөлімі; • ӘК ЖТҚКУ – әуе кемелеріне жедел-техникалық қызмет көрсету учаскесі; • ЖҚБП – жерүсті құрылыстарын пайдалану бөлімі; • ӘҚ – әуеайлақ қызметі; • ӘШБ – әкімшіліктік-шаруашылық бөлім; • АКҚ – арнайы көлік қызметі; • ЖЖМ –жанар жағар май қызметі; • ҰЖТЖҚ – ұшулардың жылу-техникалық-жарығын қамтамасыз ету қызметі; • ЖҚКҰҚжЖТ - жолаушылар және жүк тасымалына қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметі; • МСБ – медико-санитарлық бөлім; • ӨДҚ – өндірістік- диспетчерлік қызмет; • СБ – сатып алу бөлімі; • ЕҚжҚҚ – еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметі; • АТҚ – ақпараттық технологиялар қызметі; • Тағам блогы. Әкімшіліктік персонал • Жоспарлы-экономикалық бөлім; • Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі; • Басқарма Төрағасының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі; • Еңбек, ақы және кадрлар бөлімінің жетекші инженері; • Ұшу қауіпсіздігінің инспекторы; • Қазақ тілінің аудармашы-оқытушысы; • Хатшы-референт.
Корпоративтік басқару Директорлар кеңесі Корпоративтіл хатшы Ішкі аудит Қызметінің басқарушысы Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Басқарма Төрағасы Басқарма Төрағасының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Әкімшіліктік персонал ҰАҚІҚҚ АҚҚ АТҚ • ЕҚжҚҚ ББ ӘШБ СБ • ЖҚБП ӘҚ ҰЖТЖҚ ӘК ЖТҚКУ ПДС ӨДҚ АКҚ ЖЖМ ЖҚКҰҚжЖТ МСБ Тағамблоғы
Корпоративтік басқару Тәуекелділікті басқару жүйесі Қоғамның беделі мен құнына теріс әсер етуі мүмкін тәуекелділік деңгейін төмендету шараларын қабылдау және уақтылы сәйкестендіруге бағытталған, Қоғам тәуекелділікті басқару маңыздылығын түсіне отырып, оны Қоғамның корпоративтік басқару жүйесінің шешуші құрамы ретінде қарайды. Стратегиялық және операциялық мақсаттарға жету үшін, тәуекелділікті басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру қажет және бұл болашақта ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қоғам өз қызметінде келесі факторларды бөліп көрсетеді: • әуежай рейтингін төмендететін әуежай-тәуекел ететін нысандары мен әуеайлақтың мазмұның талап етпеу; • жолаушылар санының төмендеуі географиялық ұшулардың түрлілігі мен тазалығы, авиабилеттердің құны бөлігін жоғалтылуы; • қоғам кірісін жолаушы-тәуекел динамикасын қысқарту, жасалған шарттардың болуы; • кіріс қызметкер-тәуекелді қысқарту мен техникалық құралдарының болуы; • кіріс қоғам-тәуекел шығынның төмендеуі мен кіріс динамикасы; • қызметкерлердің әлеуметтік тәуекел-топтамасына қанағаттанбауы, еңбекақы, еңбек шартын қамтамасыз ету; • кадрлардың жоғары тұрақтамаушылығы, өндіріс жарақат тәуекел-заңына сай еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету.
Корпоративтік басқару Қоғамда негізін қалайтын мынадай құжаттар, Қоғамдағы тәуекелді басқару корпоративтік жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, көрінісін және тәуекелдің бағасы мен идентификациясын өткізу әдістемесі, үрдісі, тәртібін анықтайтын, тәуекел идентификациясы мен бағалары Ережелерін қамтитын, сондай-ақ, ағымдағы тәуекелдерді бақылау және тәуекелді басқару әдістерінің тиімділік мониторингісін көрсететін тәуекелді басқару Саясаты құжаты болуы тиіс.
Корпоративтік басқару Қоғамның тәуекел басқару үрдісінің негізгі элементі - ұйымдастыру интеграциясы, бизнес-үрдістері мен әр қызметкердің тәуекел басқаруына құмарлығы. Қоғам тәуекел басқару үрдістерінің негізгі принциптері: • тұтастылығы – тәуекел басқару жүйесінің корпоративтік Қоғам тәуекел элементтерін қарастыру; • ашықтылығы – оқшауланған немесе автономды тәуекел басқару жүйесінің корпоративтік қарастыруға тыйым салу; • құрамдылығы – тәуекел басқару жүйесінің кешенділігінің нақты құрамы бар • ақпараттандырылуы – тәуекел басқаруы обьективті, көкейкесті және нақты ақпаратымен бірге жүреді; • үздіксізділігі – тәуекел басқару үдерісі үздіксіз негізінде жүзеге асырылады. • қайталамалығы – тәуекел басқару үдерісі оның негізгі компоненттерінің үнемі қайталанып отыратын циклімен сипатталады.
Корпоративтік басқару Қоғамда сыни жоғары жұмысбастылық тәуекел жоспарлы-экономикалық бөлімі, қаржы мен бухгалтерлік есеп бөлімі, кадр мен еңбекақы бойынша жетекші инженер мамандары болып табылады. Келесі шаралар қолданылды: жоспарлы-экономикалық бөлімі құрылып, ҚжБЕБ есепшілері арасында лауазымдық міндеттер бөлісілді, қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімі құралды. Сөйтіп, қызметкерлер санын ұлғайту нәтижесінде бөлімдерге жүк төмендетіледі, сонымен критикалық тәуекел деңгейінен орташа зона деңгейіне дейін төмендетіледі.
Корпоративтік басқару Ішкі бақылау және аудит. Қоғамда ішкі аудит Қызметі құрылды, қызметі Қоғам басшылығы мен директорлар Кеңесіне қажетті көмектің көрсетілуінде, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде тәуекелді басқару және бизнес-үрдістерді оңтайландыру болып табылады. Ішкі аудит қызметінің басты міндеттері: 1. Ішкі бақылау жүйесінің сенміділігі мен тиімділігі; 2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділгі мен тиімділігі; 3. Компаниядағы корпоративтік басқару үрдісінің жетілдіру бағасы. Ішкі аудит Қызметі директорлар Кеңесін Қоғам ішінде әрекет ететін ішкі бақылау үрдісінің тиімділігі туралы жан-жақты және тәуелсіз ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ішкі бақылаудың тиімді механизмдері Қоғамның мақсаттарға жету үшін іске асырылатын операциялардың уақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.
Корпоративтік басқару Ішкі аудит Қызметі Қоғамның ішкі бақылау жүйесінде тәуекелдерді төмендетуге және ішкі бақылау жүйесін жақсартуға бағытталған кез келген кемшіліктерді анықтайды және кеңестер береді. Ішкі аудиторлар сондай-ақ, әрбір бизнес-бірлікте қабылданған шаралардың дәлме-дәл бағасын береді, жұмыс тиімділігі мен өнімділігін арттыруға әкелетін оң өзгерістерді ұсынады. Ішкі аудит Қызметінің басқарушысы тоқсан сайын Қоғамның директорлар Кеңесі алдында Қоғам қызметі туралы, корпоравтитік басқару және Қоғамның тәуекелдерін басқаруды жақсартуға арналған кеңестер туралы есеп береді.
6. Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп) Қоғам директорлар Кеңесі басқару органы болып табылады. Қоғам жалпы қызметін басқаруды жүзеге асырады және Жалғыз акционердің алдында Қоғам қызметін тиісті бақылау, басқару тиімділігі бойынша жауапкершілікті алады. Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің құрамы мен өкілеттік мерзімі Жалғыз акционерінің шешімімен анықталады. Директорлар Кеңесінің құрамы Директорлар Кеңесінің Төрағасы – Қалиева Анар Тілеубайқызы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ көлік активтері Дирекциясының бас сарапшысы. 1998 жылы Алматылық энергетика және байланыс (АЭжБИ) инженер-байланысшы мамандығы, ал 2007 жылы – менеджмент, экономика және жобалау (КИМЭП) іске әкімшілік магистрі мамандығы. Жұмыс өтілі: 1998 жылы «Казаэронавигация» АМК –на ВД орталығының бас инженері болып орналасты. 1999 жылы «Көктөбе» РТПЦ инженері. 2000-2002жж «Казтелерадио» ЖАҚ техникалық бақылау бөлімінің маманы лауазымында болды. 2004 жылы – «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ қаржы аналитигі. 2006 жылы – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның қаржы-экономикалық анализі және бақылау департаментінің менеджері.
Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп) 2007 жылдың қаңтар айынан бастап «Самұрық» ұлттық активтерді басқару бойынша Қазақстан холдингі» АҚ-ның көлік және өнеркәсіптік активтерді басқарудың бас маманы, қайта ұйымдастырудан кейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ көлік активтері Дирекциясының бас маманы. Директорлар Кеңесінің мүшелері: Нұрахметов Ғалымбек Алтынбекұлы – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің ұшулар қауіпсіздігін басқарудың бас сарапшысы. 2006 жылы Азаматтық авиация академиясын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Жұмыс өтілі: 09.2006 - 04.2007 – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-ның «Авиатехникалық орталығы» ЖШС авиатехнигі. 04.2007 - 01.2008 – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің әуежай қызметтерін лицензиялау сертификациясы, реттеу бөлімінің жетекші маманы. 01.2008 - 06.2009 – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің әуежай және авиакомпаниялар басқармасының маманы. 06.2009 – бүгінге дейін - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің ұшулар қауіпсіздігі басқармасының бас маманы.
Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп)) Тәуелсіз директор – Химеденов Бекболат Жұмашұлы – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің «Казаэропроект» АМК «Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» ЕМК бас инспекторы. 2009 жылы - Астана қаласында «М Эйр карго» филиалының директоры Азаматтық авиацияның Киев инженерлер институтын (ААКИИ) инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады, (ұшу аппараттары және двигательдерін пайдалану) Жұмыс өтілі: 1994-95гг. – Целиноград ААҚ-ның ОТК инженері; 1995-97гг. - «Акмола-авиа» АҚ ауысм бастығы; 1997-2000гг. – «ВИП-Аэро» авиакомпаниясының СиД жетекші инженері (Астана қ); 2000-2003гг. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің бас маманы; 2003-2004гг. - "Алатау Эйрлайнз" авиакомпаниясының бас инженері (Астана қ); 2004-2005 гг. «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ сапа бөлімінің бастығы; 2004-2008гг. «Авиакомпания Мирас» АҚ филиал директоры; 2010 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің «Казаэропроект» АМК «ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының бас инспекторы.
Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп) Тәуелсіз директорлар институы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, жаңадан сайланған директорлар Кеңесінің құрамында директорлар Кеңесінің үштен бір бөлігі тәуелсіз директорлар болып табылады. Тәуелсіз директорлардың бірыңғай әдістемелік көзқарасы және сыйақы шектелімі Жалғыз акционермен әзірленді және бекітілді. Тәуелсіз директорларды таңдау критерийлері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 1 бабы 12т.т. сәйкес, Қоғамның тәуелсіз директорлары: 1) Қоғамның аффелириленген тұлғасы болып табылмайды және директорлар Кеңесіне сайланар алдында үш жыл бойы үлестес тұлға болып есептелген жоқ. 2) Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып саналмайды. Қоғамның лауазымды тұлғаларына бағынышты емес; Қоғамның үлестес тұлғалары ұйымының лауазымды тұлғаларына бағынышты емес; мемлекеттік қызметкер емес; Қоғамның аудиторы емес және директорлар Кеңесіне сайланар алдында үш жыл бұрын да аудитор болған емес; Қоғам аудитында, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан жоқ және директорлар Кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл бұрын да қатысқан жоқ.
Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп) 2013 жылға арналған директорлар Кеңесінің жұмысы туралы есеп 2013 жылы Қоғамның директорлар Кеңесімен бекітілді: Қоғамның тәуекелдер картасы мен регистрі; Қоғамның аудиторлық ұйымдар қызметін тартусаласындағы саясат және т.б. Жыл ішінде кезең негізінде директорлар Кеңесі отырысында осындай сұрақтар қарастырылды, даму Жоспарын орындау, директорлар Кеңесінің шешімдерін орындау туралы ақпарат, ішкі аудит Қызметінің есептері, Корпоративтік хатшысының Есептері.
Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп) Директорлар Кеңесінің отырысы туралы ақпарат 2013 жылы директорлар Кеңесі 9 отырыс өткізді, барлығы 9 ашық түрде дауыс беру арқылы өтті (Есепке №1 Қосымша) 2013 жылы директорлар Кеңесінің мүшелерінің ашық отырысқа қатысуы
Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп) Директорларды марапаттау Мемлекеттік қызметкер болып табылатын және өз лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттілік атқаратын директорлар Кеңесі мүшелеріне сыйақылар төленбейді. Осыған сәйкес, сыйақыны тек қана тәуелсіз директор алады. Директорлар Кеңесі мүшелеріне марапаттаулар мен сыйақыларды төлеу тәртібі мен шарттары «Самұрық Қазына» АҚ шешімімен анықталады. Сыйақының негізгі түрлері ретінде қоғам келесі кезектегі марапаттауларды қолданады: Директорлар кеңесі мүшелігінде тіркелген жалпы жылдық сыйақы 819 000 теңге көлемінде; Қоғамның директорлар кеңесі комитеттерінің әрбір ашық отырыстарында Төраға немесе мүше ретінде қатысуына қосымша марапат 58 500 теңге көлемінде; Шығындар компенсациясы (жолы, тұруы, тәуліктік), тәуелсіз директордың тұрақты мекен-жайынан тыс орында өткізілетін директорлар Кеңесі отырыстарына қатысты жолға шығуға (Қоғамның Басқарма Төрағасына іссапар шығындарын толтыру нормалары шеңберінде).
Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп) «Самұрық Қазына» АҚ пікірлерін директолар кеңесі есепке алу бойынша қолданылған шаралар «Самұрық-Қазына» АҚ – Жалғыз акционерінің пікірі мен есеп ұстанымы бойынша директорлар Кеңесі барлық қажетті шараларды қабылдайды. Барлық директорлар Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделерін қамтамасыз етеді. Жалғыз акционердің қызығушылығы, түсіну көзқарасы мақсатымен Қоғамның Жалғыз акционердің директорлар Кеңесі мүшелері арасындағы конструктивті сұхбатын қамтамасыз етеді, Қоғамның директорлар Кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі кіреді. «Самұрық-Қазына» АҚ – Жалғыз акционерінің пікірін есепке ала отырып, жеке сұрақтарын қарастыру бойынша отырыс өткізу барысында директорлар Кеңесінің шешімдерін қабылдау. Қоғамның басым нормативтік құжаттардың өңделуі және «Самұрық-Қазына» АҚ кепілдеме сипатты құжаттар немесе типті нормативтік құжаттар негізінде директорлар Кеңесімен бекіту.
Қоғам Басқармасы Басқарма Қоғамның алқалық атқарушы органы болып табылады. Басқарма Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен директорлар Кеңесі және Жалғыз акционердің құзырындағы Қоғам Жарғысына кірмейтін Қоғам қызметінің түрлі мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы. Басқарма Төрағасын таңдау критерийі Басқарма Төрағасы Қоғам және Жалғыз акционердің мүддесіндегі Басқарманың барлық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қажетті салалық және іскерлік ортада оң жетістіктері мен мінсіз беделі, жұмыс тәжірибесі бар тұлға сайлануы керек. Басқарма Төрағасы лауазымына сайлана алмайды: 1) соттылығы белгіленген тәртіпте өтелмеген және сотталғандығы жойылмаған; 2) жоғары білімі жоқ; 3) директорлар Кеңесінің Төрағасы (Басқарма Төрағасының бірінші басшысы), басшының орынбасары, белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның консервациясы немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе мәжбүрлеп жою туралы шешім қабылданғанға дейін, бір жылға дейінгі кезеңде басқа заңды тұлғаның бас бухгалтері болса. Көрсетілген талап белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның консервациясы немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе мәжбүрлеп жою туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 жыл мерзімде қолданылады.
Қоғам Басқармасы Басқарма мүшелерін таңдау критерийі Басқарма мүшелері болып Жалғыз акционер өкілдері бола алады және Жалғыз акционер өкілдері болып табылмайтын Қоғам қызметкерлері бола алады. Директорлар кеңесі Басқармасының лауазымына сайлау барысында бұл лауазымдарға үміткерлердің біліктілік талаптарын және оларды сайлау үрдістерін анықтайтын қоғамның ішкі құжаттары ережелеріне сүйенеді. Басқарма мүшелеріне сайлануға, Жалғыз акционер мен Қоғам мүддесінде барлық басқарма жұмысын тиімді ұйымдастыруда оның міндеттерін орындау үшін қажетті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, оң жетістіктері және іскер және салалық ортада мінсіз беделі бар тұлғалар сайлануы тиіс. Басқарма мүшесі лауазымына сайлана алмайтын тұлғалар: - белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығына ие; - жоғары білімі жоқ; - бұрын директорлар кеңесі төрағасы болған (бірінші басқарушы, басқарма төрағасы), басқарушы орынбасары, акцияларды мәжбүрлер тарату және мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданғанға дейін немесе белгіленген тәртіпте банкрот болып танылған басқа заңды тұлғаның консервациясы шешімі қабылданғанға дейін, бір жылға дейінгі кезеңде басқа заңды тұлғаның бас бухгалтері болған кезде. Аталған талап 5 жыл ішінде акцияларды мәжбүрлер тарату және мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданғанға дейін немесе белгіленген тәртіпте банкрот болып танылған басқа заңды тұлғаның тоқтатқан шешімін қабылдау мерзімінен кейін қолданылады.
Қоғам Басқармасы Басқарма құрамы Басқарма Төрағасы - Юдин Владимир Иванович Білімі: Жоғары, Азаматтық авиация академиясының Ленин ордендері, мамандығы - әуе көлігін пайдалану, біліктілік - өндірістің инженер-ұйымдастырушысы; Жұмыс өтілі: • Ақпан 1978 ж. – мамыр 1979 ж. – Семей ААҚ АА Қаз Басқ – ТҰҚ әуевокзалы бастығының м.а. • Маусым 1979 ж. – желтоқсан 1983 ж. – Семей ААҚ АА Қаз Басқ – ТҰҚ ауысым бастығы • Қаңтар 1984 ж. – тамыз 1984 ж. – Семей ААҚ АА Қаз Басқ – ТҰҚ бастығының орынбасары . • Қыркүйек 1984 ж. – шілде 1988 ж. – ОЛАГА –дағы оқу.
Қоғам Басқармасы • Тамыз 1988 ж. – ақпан 1989 ж. – ААҚ Павлодар АА Қаз. Басқ – ТҰҚ ауысым бастығы. • Наурыз 1989 ж.- маусым 1993 ж. – ААҚ Павлодар АА Қаз. Басқ – қалалық авиаагенттік бастығы. • Шілде 1993 ж. – маусым 1994 ж. – Павлодарлық әуе мәліметтері агенттігі –агенттік бастығы. • Шілде 1994 ж.- мамыр 1999 ж. – ААҚ Павлодар АА Қаз. Басқ – ТҰҚ бастығы. • Маусым 1999 ж.- қыркүйек 2007 ж. - «Аэропорт Павлодар» АҚ - директор, президент, Басқарма Төрағасы. • Қазан 2007 ж. - шілде 2008 ж. - «Аризона» Авиагенттігі» - атқарушы директор. • Қыркүйек 2009 ж. бүгінгі күнге дейін - «Аэропорт Павлодар» АҚ - Басқарма Төрағасы.
Қоғам Басқармасы Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – Шишов Марат Ғалымұлы. Білімі: ААҚ «АА Академиясын» тәмамдады, мамандығы инженер- экономист (әуе көлігіндегі экономика және менеджмент). Жұмыс өтілі: 1994 жылы АА Қаз.Басқ Павлодар біріккен авиаотрядына тасымалды ұйымдастыру қызметіне қабылданды. 1995 жылы 3 кл бортсерігі берілді. Осы жылы Павлодар біріккен авиаотряды ААҚ «Ертісавиаға» өзгертілді. 2000 жылы 2 кл бортсерігі берілді. 2003 жылы ААҚ «Ертісавиа» ЖАҚ «Эйр Қазақстанға» біріктірілді. 2004 жылы «Павлодар әуежайы» ААҚ әуежай бастығының ауысымдық орынбасары жұмысын бастады. 2007 жылы маусымнан «Павлодар әуежайы» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары лауазымын алды.
Қоғам Басқармасы Басқарма Төрағасының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары – авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы - Сейтахметов Сансызбай Қапарұлы. Білімі: Жоғары, «Құқықтану» мамандығы бойынша ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, біліктілігі – заңгер. 1989 ж. СССР ІІМ академиясының ішкі істер органдарының басқарушы қызметкерлерін қайта даярлау факультетін тәмамдады. Жұмыс өтілі: Қаңтар1970 ж. – мамыр 1970 ж. - Краснокутск РЗК инструктор, Павлодар обл. Шілде1972 ж. – июль 1974 ж. – Павлодар облысы, Қашыр ауданының Байқоныс совхозы. Шілде 1974 ж. – тамыз 1975 ж. – Қашыр ауданының Воскреснскаяо/м, оқытушы. Қараша 1975 ж. – наурыз 2004 ж. – Ішкі істер органдарындағы қызметі. Тамыз 2004 ж. – сәуір 2008 ж. - ЕҚК «Павлодар НПЦзем, заң бөлімінің бастығы. Қаңтар 2010 ж. – наурыз 2010 ж. – «Аэропорт Павлодар» АҚ, авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы. Наурыз 2010 ж.- бүгінге дейін – «Павлодар әуежайы» АҚ, Басқарма Төрағасының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары – авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы.
Қоғам Басқармасы 2013 жылы Басқарма жұмысы туралы есеп «Самұрық Қазына» АҚ Жалғыз акционер және Қоғамның директорлар Кеңесі шешімдерін орындай және Қоғам қызметінің ағымдағы сұрақтарын шеше отыра Қоғам Басқармасы өз қызметін Қоғам Жарғысына сәйкес атқарды. 2013 жылғы Басқару жұмыс Жоспары бекітілді, 2013 жылғы Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдараламасы, сонымен қатар 2013 жылы Қоғам жоспары мен Қоғам әкімшілік қызметкерлерді әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету мен еңбекақы ережелері бекітілді. 2013 жылы Басқару Қоғамы 10 ашық отырыс (Есепке №2) өткізді. ).